Сұлукөл
жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Мен
елімнің ертеңімін!»
Сынып:
10-11 сыныптар
Өткізгендер:
Жаңабаев
Р.М
Кәдірбек
А.А
Ақтөбе,
2019
Сабақтың
тақырыбы:
«Мен
елімнің ертеңімін!»
Мақсаты:
1.
Оқушыларға тәуелсіз елімізді өркендету
үшін Отанымызға білімді, саналы азаматтар
керек екенін түсіндіру.
2.
Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып,
қиялын шарықтату, сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру.
3.
Қазіргі өмір талабына сай білімді,
мәдениетті, салауатты өмір салтын
дәріптейтін, адамгершілігі мол азаматтар
болуға үйрете отырып, патриоттық тәрбие
беру.
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Тәуелсіз Қазақстанның тәрбиеліде,
саналы ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы
жұмыстар жүргізу.
Сабақтың
әдісі:
Сыни тұрғысынан ойлау,тренинг, сұрақ
-жауап, пікір алмасу, т.б.
Сабақтың
көрнекілігі:
Видеоролик,
Қазақстан Республикасы туының макеті,
А4
форматта қағаз, қаламдар.
Кіріспе: Армысыздар,
қымбатты ұстаздар ! Бүгінгі «Мен елімнің
ертеңімін» атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер! Менің елім-Қазақстан! Бұл
әрбір дала перзентінің көкірегінде
мақтаныш пен айтатын сөзі. Еліміздің
тұңғыш президенті «Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың
болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің
нығайып көркеюі жолында жан теріңді
аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің
де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында
да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі
де сендерсіңдер. Сендер жаңа ғасыр, жаңа
мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді
еліміздің ертеңісіңдер. Бұл ғасыр-білім
ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды
әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел
болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді
болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен
біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін
ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз
шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр.
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға жетелейтін күш білімге ғана тән.
Сондықтан сендердің алдарыңызда үлкен
жауапкершілік тұр.
Сабақтың
барысы:
І.Ой
шақыру «Мен елімнің ертеңімін!»;
ІІ.
Бейнеролик «Жастар жылы -2019»
ІІІ.
Баяндамалар;
IV.
Ойтолғаныс;
V.
Жоба қорғау «Туған жерім-менің
көзқарасыммен!»
VI.
Қорытынды.
Туған
жерді сүю- парыз,
Сүю
үшін білу- парыз.
Қасиетін
ұғу- парыз,
Күзетінде
тұру- парыз
Негізгі
бөлім:
Ой
шақыру.
Мұғалім
оқушылардың назарын тәрбие сағатының
тақырыбына аударады. Бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің
Ертеңімін». Еліміздің ертеңі өздері
екенін айта отырып, «Еліміздің ертеңі
болар ұрпақтар қандай болу керек?»-
деген сұрақ қойылады.
«Жастар
жылы-2019» 5 минуттық бейнеролик.
Оқушыларға
бүгінгі тақырып аясында кіріспе
бейнеролик дайындап, пікір алмастыру
2019
жыл жастар жылы деп аталуына орай
Елбасының басты алға қойған мақсаттарын
оқушыларға дәріптеу;
Баяндамалар.
Оқушылар
өздері дайындаған баяндамаларына кезек
беріледі.
Жоба
құрастыру барысында оқушылар жұптасып
өз елді мекендеріндегі мәселеге сай
шағын жоба дайындап, қорғады.
4.
Ойтолғаныс.
1.Тапсырма.
Мен елімнің ертеңімін. Мен бүгіннен
бастап ....( Оқушы өзіне -өзі міндеттер
жүктейді.) Мысалы: мен бүгіннен бастап
тәртібімді жөндеймін, дәлізде жүгірмеймін,
жаман сөз айтпаймын т.с.с.
5.
Жоба қорғау «Туған жерім-менің
көзқарасыммен!»
Оқушылар
ауыл төңірегіндегі мәселелер мен
идеяларды жоба ретінде ой фантазияларымен
қорғайды.
Қорытынды: -
Бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің
болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат
екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді
еске алсаң,
Өскеніңнің
белгісі.
Өтеніңді
ұмытсаң,
Өшкеніңнің
белгісі
-деген
екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі
уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері
өздеріңе аманат. Сондай-ақ еліміздің
егемендігін танытатын ерекшелік
белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз,
Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды
бойындағы бойтұмарындай сақтап қана
қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің
еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты
азамат болатындарыңа сенімім мол.
Жолдарың
ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің
азаматтары!
Сабақ
барысында