-
желтоқсан Тұңғыш Президент
күніне арналған «Дарабоз» интеллектуалды
ойыны
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше
ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін,
ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,
мақал - мәтелдер жазылған карташалар, сызба,
сандар.
Түрі: зияткерлік
ойын.
Сабақтың барысы:
ПЕРЕЙТИ НА
САЙТ
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің
үміткерлері!
Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір
өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы
даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық
та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей
көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес –
байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп
Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар
екені даусыз. Осы мақсатпен 5,7- ші сынып
оқушыларының арасында «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын
өткізгелі отырмыз. Интеллектуалды білім сайысын ашық деп
жариялаймыз.
Сынып түзел, тік тұрыңдар! ҚР гимны орындалсын! (3мин)
Шаттық
шеңбері
–
Балалар, шаттық шеңберіне
жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Топқа бөліну: 1 топ «Нұрлы жол», 2 топ Рухани
жаңғыру (3мин)
ж- Көңілді тапқыштар,
алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа
салады.
Кім білімді, көп оқыған
болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі
әлем!
Жүйрік озар сайыстарда
неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен
шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын
беретін, әділқазы алқасымен таныс
болыңыздар.
Кіріспе
сөз.
Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп
, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп
жатқанымыз кімнің арқасында?
Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз
көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Арайлым сен
қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің
мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды,
экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі
де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының
негізінде емес пе? Ендеше
бүгінгі интеллектуалды ойын 7 бөлімнен
тұрады:
1. «Мыңның
жүзін білгенше-бірдің атын біл»
2. “Қас – қағым
сәтте”
3. “Тұлғаны тани
біл”
4. “Сандар сыры
”
6. «Ойлы болсаң, озып
көр!»
7. Сөз тапқанға қолқа
жоқ.
ж. Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске
жет,
Білімді, әрі білікті жас
жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 -
бөлімін бастаймыз.
Жүргізуші:
1
кезең-Құлақ салып
тыңдайық,
Сайыскерлер
жырласын.
Келгенінше
шамасы,
Бір сілкітіп тастасын – дей
отырып, таныстыру кезеңіне береміз. Бұл кезеңде топтар топтың атын,
ұранын құрау керек! 2
мин
2 - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп
аталады. (3 мин)
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр
сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра,
ойынымызды бастаймыз.
1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
2. Бірінші Президент күні
қашан тойланады? (1 желтоқсан)
3. Қазақстан астаналарын ата? ( Орынбор?
Қызыорда? Алматы? Астана)
4. «қара сөздердің» авторы кім
(Абай)
5. Ы. Алтынсарин
кім?(қазақ мектебін ашқан)
6. Үндестік заңына бағынбайтын септік (
көмектес)
7. Ыбырай Алтынсариннің
туған жері (Қостанай уезі)
2 - тобы:
1. Қазақша жаңа жыл?
(наурыз)
2. Көктем айларын
ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
(бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім?
(ақын)
5. Абайдың неше қара сөзі
бар? (45)
6. Халық ауыз әдебиетіне не кіреді? (жұмбақ ,
мақал, ертегі)
7. Үш биді ата(Төле, Әйтеке,
Қазыбек)
ж. Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын
тез
Айтайықшы ұғымды.
ж. 3 – кезең “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар
туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан
беріледі. Әр топ санды айтады. Сол санда жазлыған тұлға туралы
айтасындар.
Нұрсултан Назарбаев, Абай,
Жанар Дугалова, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар
Әубәкіров, Ыбырай Алтынсарин, Абылай хан, Әлия Молдағұлова,
Илья Ильин т. б. (3мин)
4 – кезең «Сандар
сыры»
Бұл кезеңде
берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен
сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2
ұпай. (3 минут)
16, 1, 22, 30, 6,9 ,7, 4,
8
( әр топ оқып, карточкаларын әділқазыларға
тапсырады)
5 - кезең. “Ойлы болсаң, озып көр»
1. Бұл турда әр топ көп сөз жазу
керек. Сайысымыздың ерекшелігі бұл сөздер қай дыбыстан басталса,
сол дыбысқа аяқталуы керек. Мысалы қазақ, астана. Уақыт
3 минут.
6- кезең
– «Сөз тапқанға қолқа жоқ» осы кезеңде екі
топқа 10 - 10 сұрақтан қойылады. Екі топ А. М. Т. Б. Н. Қ.
әріптерін алады қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап
береді)
(1 - топқа (МНҚ) 1. Олимпиада чемпионы
болғыңыз келе ме? 2. Алма қай жерде өседі 3. Кітап оқисыз ба? 4.
Жазғы демалыста қайда қыдырасыз? 5. Әдемі қыз көріп тұрсыз ба? 6.
Қай спорт түрін ұнатасыз? 7. Көңіл күйіңіз қалай? 8. Қай пәнді
ұнатасыз? 9. Қазақтың батырын атын айт. 10.Бүгінгі интеллектуалды
ойын ұнадыма?
2 - топқа (АТБ) 1. Көп сөйлейсіз бе? 2. Көп
кешірім сұрайсыз ба? 3. Болашақта кім болғың келеді? 4. Досыңыздың
аты кім? 5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз? 6.
Қазақстанның табиғи байлығы не? 7. Өсімдік атын ата? 8. Қай түсті
ұнатасыз? 9. Қазақтың ұлттық тағамын ата 10. Бүгінгі көңіл
күйлеріңді қандай сөзбен жеткізер
едіңдер? (5мин)
ж.Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
Тауды биік деме
сен,
Талаптансаң,
шығарсың.
Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып,
сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға
береміз.
Осымен
«Президент күніне» арналған «Дарабоз» интеллектуалды сайысымыз
аяқталды. Деніміз сау, еліміз тыныш болсын. Келесі кездескенше сау
болыңыздар.