400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "1 мамыр-Халықтар бірлігі күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатында оқушылар Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындырады. Балаларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелейді. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйретеді. Осы материалды барлық бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.


Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
Сабақтың барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар!


ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!


І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.


ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.


І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, 
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

ІІ жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.


ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

  • І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
    Қайта тудым өмірге қайта келдім.
    Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
    Айта бергім келеді, айта бергім.


ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.


І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.


ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып
бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтаймыз













«Келісемін» «Бекітемін»

Тәрбие ісінің меңгерушісі №3 Талапкер орта мектебінің

Хамзина Г.А.________ директоры Абеева С.Х._________







Тәрбие сағаты:

«1-мамыр-Халықтар бірлігі күні»









Орындаған: Ашимбаева Ш.Ж.

Сыныбы: 2 «Б»















2016-2017 о.ж.





Picture 1





Picture 2











«1-мамыр-Халықтар бірлігі күні»

тақырыбында өткен тәрбие сағатына

АҚПАРАТ


30 – сәуір күні 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне орай 1 «Б» сыныбында

тәрбие сағаты өтті. Ондағы тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға

Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Тәрбие сағатында оқушылар әртүрлі ұлт өкілдері туралы салт – дәстурлерін, тағамдарын, билері туралы әңгімелерін талқыға салды. Ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтелдер,өлеңдер оқылды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі