жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты: 1-Наурыз алғыс айту күні 3 сынып
Шманова Алтын Сулеймановна
№ 48 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шымкент қаласы
Тақырыбы: «1- наурыз –Алғыс айту күні».
Мақсаты:
1.Балалардың «сыйластық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
2.Оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: плакат,нақыл сөздер,шар
Шахзода:
1 –наурыз Алғыс айту күні 2016 жылғы 14 қантарда Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблиясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.Атаулы күн алғаш рет 1621 жыл ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Кейіннен 1789 жылы Джордж Вашинтон рахмет айту күнін ұлттық мереке деп жариялаған.
Мурод:
Алғыс айту күн –күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастархан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады. Жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш,шаттық сыйлайды,өз жетістіктерімен боліседі,бір-біріне алғысын айтады.
Шахзода:
Алғыс –-біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі,рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл,іс- әрекет,заттай сыйлық беру,тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.Барлық халықтың ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. Алғыс білдіру,ризалық мәселесі отбасында да үлкен рол атқарады.Алғыс алу үшін жақсылық жасау қажет.Жақсы істі кез-келген жерде,кез-келген уақытта жасап,алғыс ризашылық алуға болады.
Муроджон:
- Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
Эргаш:
-Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөлінеді
Камола:
-Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс деймыз.
Махсаткулова:
«Сіз» «біз» деген жылы сөз
Жылытады жүректі
Жақсылық билеп жанды тез
Оятады игі тілекті
Біреуге біреу жақсылық
Тілесе әр кез жаны ашып
\Осы бір шырын –тәттілік
Тұрмай ма жанға жарасып!
Асадбек: Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Кездессе,егер ағалар,
Немесе әпке- апалар;
Сәлеметсіз бе ағай! –деп
Сәлеметсіз бе апай! –деп ,
Махсутова: Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Жолықтырсак ,ал енді
Ақ жаулықты әжейды;
Амансыз ба ,әжей! –деп
Есенсіз ба, шешей! – деп
Қолдарын біз аламыз
Инабатты баламыз.
Умиджон:. Мы благодарны за солнце и свет
Спасибо,что есть у нас много побед
За радость, уверенность в завтрашнем дне,
За счатье мы скажем спасибо тебе
Давайте все вместе скажем друзья
Спасибо что есть у тебя у меня
За чистое небо,леса и поля
За космос,где вертится наша земля.
Хор: ән: «Атамекен»
Жасыл жайлау-түкті кілем ,көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын,көп күлем.
Маңдайымның сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең,атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау-түкті кілем ,көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын,көп күлем.
Асқар тауым аспаныммен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Нематжанова Ш:
- Балалар,сендер Қазақстанды болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
Қ-қуатты
А-айбатты
З-зайырлы
А-ауқатты
Қ-қайратты
С-салауатты
Т- тәуелсіз
А- асқақ
Н-нұрлы
Ф.Азиза: Мой Казахстан!
Ты славный выбрал путь,
Путь мира и добра!
И мы по этому пути
С тобою навсегда.
Ән: «Қазақтың қызымын» Шахзода
Умиджон:
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Дос болайық,бәріміз!
Жарасып тұр әніміз.
\Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз
Отан біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз,
Нұрлы күн сөнбесін.
Бақыт болып жанамыз,
Жарық біздің санамыз,
Қара бұлт төнбесін..
Муроджон:
Сонымен,рахметке лайықты кімдер?
1. Ең бірінші өмір сыйлаған Жаратқан АЛЛАҒА сансыз шүкірлік және мың алғыс! Арапбек
2.Дүниеге әкелген Ата-анамызға мың,рахмет.Жасур
3.Артымнан ерген бауырларыма рахмет!Асадбек
4.Әпке-сіңілдеріме рахмет! Р. Азиза
5.Білім,тәлім-тәрбие берген ұстаздарға үлкен рахмет. Мадина
6.Қасымда жүрген достарымға рахмет.Асилбек
7.Арыстандай айбарлы ағаларыма рахмет! Диярбек
8.Мың жылдық тарихы бар ел-жүртыма рахмет! Умиджон
9.Мектебімізді басқарып отырған директорымыз Ақмарал Камал қызына үлкен рахмет. Махсутова
10.Бастауыш сыныбының оқу ісінің меңгерушісі Хусния Маннап қызына үлкен алғыс! Сабрина
11.Бізді бірінші сыныптан оқытып келе жатқан ұстазымыз Алтын Сулеймен қызына рахмет! Чароз
9.Аса құрметпен бәріңе шын жүректен рахмет! Хор.
Бунед:
Наш учитель дорогой
Ваш характер нравится
Кроме вас,никто другой
С нами не управится!
Мадина:
Вы добры и справедливы
Вы во всем пример для нас!
Самых лучших чувств порывы
Выражает Вам наш класс.
Ф.Азиза:
Вы каждый день и каждый час
Нелегкой посвятив работе
Одною думою о нас
Одной заботою живете
Чтоб нами славилась земля
Чтоб честными росли мы
Хор: Спасибо Вам,учителя
За все хорошее спасибо!
Асадбек:
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап құрдық біз де сан арман.
Сіздей адам дүние де көп болсын!
Балалардың бақыты үшін жаралған!
Чароз:
Спасибо тем,кто нас ведет к познанью
Кто выбрал путь нелегкий из дорог.
Спасибо тем,кто гордо носит званье,
Учитель,воспитатель,педагог!
Шахзода:
Құрметті оқушылар жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар! «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар! Адам алғыс пен ризашылықты есттіген сайын ,жақсылық жаса ғысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар!
Мадина:
Алла Тағала Құранда : Егер сендер шүкірлік етер болсаңдар,мен рызықтарыңды одан сайын арттырамын деген.
Муроджон:
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат -Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбырымен ақ қары үшін жақын адамдарға қайырымдылығымен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұммытпаңыздар!
Хор: Ән. «Желсіз түнде жарық ай»
Махсутова:
Кенже Оразбай
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген,толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған,сүйген,жұбатқан
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген
Барша ,әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
Ән: «Арапша»Умиджон,Сабрина
Көрініс:Туылған күн».
Би: «Зажигательный танец»
Ән: Жігіттер «Онамни кургани бораман»
Сабрина:
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз.
Шахзода:
Енді бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік:
1.Өмірің ұзақ болсын ! Шоди
2..Жұлдызың жансын! Махсаткулова
3.Несібілі бол Умиджон
4..Бастай бақ, шашпай дәулет берсін Асилбек
5..Алла абырой берсін саған! Асадбек
6..Бағың жансың! Диярбек
7..Бармақтай бақ, шаш- етектен дәулет берсін ! Сабрина
8..Мерейің үстем болсын Арапбек
9..Иманды бол ! Махмудова
10.Мұратыңа жет ! Асилбек
11.Бақытты бол! Жасур
12.Ақылды ,қайратты бол. !Камола
13.Берекелі,беделді бол! Чароз
15.Тіл мен көзден аман бол ! Хайтмурод
16.Зор денсаулық тілеймін Мадина
17.Керемет келешек тілеймін Р.Азиза
18..Алладан амандық тілеймін Ф.Азиза
19 Өнерлі бол! Бунед
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды .Келгендеріңіз үшін рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген