Азамат
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Нұрым
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Данакөз
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Дария
Мен гүлдердi
жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзiн тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын
Зере
Мәпелейсің мені
анам,
Қолыңдағы
құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем
алам,
Құшағыңда
қысылмай.
Сары
Алтын
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз.
Бізді ана
қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Нұрислам
Әлпештеген
аялаған,
Ақ сүт берген
апатайым.
Сәлем жазып бүгін
саған,
Мейрамыңмен
құттықтаймын.
Бекзат
Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп
жүреді.
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып
береді.
Аиша
Аналарды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен
басиеміз.
Зәуре
Жанымызды
жайнатқан,
Сіздер ғой ол
аналар.
Зор денсаулық мол
бақыт,
Тілейміз біз
балалар.
Гауһар
Аппақ мамам, ақ
мамам,
«Ақ мамам» деп
мақтанам.
Түн ұйқыңды төрт
бөліп,
«Бөпешім» деп
жатпаған.
Өркен
Анам менің
сүйіктім,
Тек өзіңе
табынам.
Қасымда жүрсең
биікпін,
Алыстасаң
сағынам.
Абдурахман
Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Асқар
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Асылым
Сырымды ұғатын
,
Өзіңсін
қуатым.
Күнімсің
шығатын,
Айымсың
туатын.
Амина
Аялы
алақан,
Әлпештеп
өсірген.
Аяулы жан
анам,
Қатемді
кешірген.
Дидарлым
Мәпелейді, әлдейлейді
бағады,
«Құлыным» деп құшағына
алады.
Өзгеге де, өзіне де
жауапты,
Барлығына қалай уақыт
табады?
Альбина
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да,ұзақ өмір
сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен
әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана
жүріңіз.
Әсет
Мен үшін не керек
–
Бәрін
іздеп табасың.
Айналайын
анашым,
Жұмысықа
да
барасың.
Қайтып мені
көргенде,
Шын
сағынып қаласың.
Айзере
Жарқын жүзді жан
анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар
адам
Шаттық кетпес
баладан
Алидар
Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым.
Асылжан
Анам, анам, ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тіліңді
аламын
Жұмсағанда
барамын.
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар!
Ән:
«Айналайын ақ
мамам».
Жүргізуші:
Біздің балалардың барлығы да
әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне
өз өнерлерін сыйға тартпақшы.
Ойын: «Қыздарға гүл сыйлаймыз
»
Шарты: Вальс билейді. Музыка тоқтап
қалған кезде, жүгіріп ортадағы гүлді кім бірінші алса, сол бала
өзінің жұбына сыйлайды. Ойын 3,4 рет
қайталанады.
Жүргізуші:Ал, енді біздің
ұлдарымыздың аналарымызға арналған биі
бар.
Би:
«Анашым»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ал,енді
қыздарымыздың көрінісін тамашалйық
«Бір ананың үш
қызы»
Бір ананың үш қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді.
Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң
бірі анасын қалай сағынғандарын айта бастады.
- Мен сізді қатты сағындым,маған не әкелдіңіз- деді біріншісі.
- Мен сізді қатты сағыннан түсімде көрдім,маған не әкелдіңіз,- деді
екіншісі.
Үшінші қызы үндеген жоқ.Ол анасына шәй әкеліп беріп,аман-сау
келгеніңіз мен үшін үлкен бақыт,-деді. Анасы
қуанды.
Данил
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы
анашым.
Ұзақ өмір жүз
жасап,
Ауырмашы
анашым.
Темирлан
Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз
Той күні
бір-бірден
Аналарға
сыйлаймыз.
Жүргізуші:
Аналарға сыйлығымызды
ұсынамыз.
Осымен 8 наурызға арналған
«Ана – аса қымбатты
жан» атты ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.Назарларыңызға рақмет!