Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 22 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
22 наурызға арналған тәрбие сағаты. Даярлық топ оқушыларына арналған. сабақ барасында оқушылар өлең, тақпақ айтып, сахна мәдениетіне үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Наурыз – думан.

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Барысы:

Армысыздар ұстаздарта-аналар,бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын,Наурыз- көктем мерекесі, жыл басы. .Куаныш шаттық бақыт мерекесі.

Ал келіңдер қонақтар

Досқа қушақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазағымның салты деп

Тойға шашу шашайық.

Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық.

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық.

Ән. Балақан.


Наурыз келді – жыл келді,

Тірілтуде гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді.



Наурыз келді – нұр келді.

Түгел аймақ түрленді,

Бақшадағы тәтейлер.

Тойға әзір боп үлгерді.



Наурыз – шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.



Қызыр баба: Ау, аман ба, жараңдар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.



Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар.


Жайнатамын гүл-гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын,

Мейрам етіп бүл күнді.



Көктем: Ау, жарандар келіңдер,

Той қызығын көріңдер.

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.



Күн: Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Қызыр баба аман ба?

Жақсы жайлы заманда.



Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне Наурыз келеді,

Құлпырады жер енді.



Наурыз: Сәлем анам алтын күн,

Сәлем қарты халқымның.

Уақытына риза боп,

Бақытына шалқыдым.



Түн: Күн менен түн теңелді,

Күн ұзарып жылынды.

Гүлмен жерді жайнатып,

Гүлде Наурыз сен енді.

Көрініс. «Күн мен түн»

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы мол түнмін.

Бірге: Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.


Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

Балалар тауық жылын қарсы алайық.

Тауық жылы кел төрлет

Ел достығын өркендет

Мол болсын ырыс құт

Болсын елде тыныштық.

Тауық жылының биі

Оңға қадам басамыз солға қадам басамыз

Айналамыз екі рет,қолды созамыз отырып тұрамыз

Ия досымды құшақтаймыз.

Тауық: Салем үлкен кішіміз

Жылдын парқын біліңіз

Тірнектеп жиып дәнімді

Береке бірлік әнімді

Әкелдім елге қуаныш.

Еңсесі биік Қазақстан Отаны

Бар әлемге жайылыпты атағы

Көзін тіккен бүкіл әлем сынауға

ЭКСПО ны өткізем мен мақтана.

Ауыл әні

Хош келдің Наурызым ардақты

Халқым саган бар үмітін арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты


Келді наурыз жар салып

Би билейік ән салып

Жылда келсін ұлыс күн

Тұрайық ылғи қарсы алып.


Шабандоздар биі.

Көрініс Тал егу 2 ата-ана3 40 қасық су

Аққу биі

ойындар

Гүлдер әні

Наурыз дастарханына шақыру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2799
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12