|
Қызығушылығын
ояту
-Балалар, біздің республикамыз қалай
аталады?
Дұрыс айтасыңдар
балалар!
Астанамыз қай қала?
Елбасымыз кім?
-Біз қай облыста
тұрамыз?
-Ақтөбе облысының әкімі
кім?
-Ал
ауданымыз қалай аталады?
-Байғанин ауданының әкімі
кім?
-Біз тұрған жер қалай
аталады?
-Ауылымыздың әкімі кім?
-Біз оқып жатқан мектеп қалай
аталады?
-Мектебіміздің директоры
кім?
Слайд
көрсету. Байғанин ауданының
тарихы
Байғаниннің көрікті жерлерімен таныстыру
(слайд)
Аудан 1928 жылы
құрылды. Ол кезде аудан Табын деп
аталып Адай
уезінің солтүстік-шығысындағы ірі бөлінісі еді.
Кейін 1932 жылы Ақтөбе облысының әкімшілігіне еніп, 1940 жылы
ауданға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімі берілді.
Міне содан бері ауданымыз көркейіп
келеді.
Туған жерді жырлаймын.(тақпақ
айту)
Ал,
қане туған жерге арнап тақпақ айтайық. Кім айтып
береді?
1.Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем
2.
Алтын астық даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем
3.
Туған жер сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз
4. Таңда тұрып
таңырқаймын,қараймын
Жүргендей-ақ ішінде сән
сарайдың.
Туған
жердің табиғаты тамаша,
Атып келе
жатқанындай арайдың.
5.Сөйлегендей төңірек маған
ымдап,
Өзіне
шақырады қолын бұлғап.
Туған
жерім мекенім, алтын ордам,
Ақшәулім
ардақтымсың маған қымбат
6. Сылдыры жасырынған
құлағыма,
Маған
қымбат шипалы бұлағың
да.
Мамықтай
жанға жайлы, көк балауса,
Аунап
жатсам шіркін-ай, құрағына.
7.Туған
жерім кең-байтақ ұлы далам,
Ыстық
сенің ұлың да, қызың маған!
Айналайын,
ауылым берекеңмен
Бірлігіңнен қаймағы
бұзылмаған
8.Бойында
халқымның бар қайсарлығы,
Құдайы
қонақ күтіп аңсарлығы,
Сақталған
ауылымда әлі күнге
Қарапайым
қазақтың аңқаулығы.
9Білімге де бойымды
жетеледің,
Ойыма көп
ой қосып, еселедің.
Ауылымның
ауасын сағынар ем,
Алыс
кетсем жүрегім не етер едің
10 Туған жерім анамсың сен,
досымсың,
Алтын
бесік сүйем сені, осым шын.
Ызындаған
сазды үніне желіңнің
Менің сәби
әуенім де қосылсын!
11. Гүлденсе, біздің
ауылымыз,
Гүлденеміз
бәріміз,
Ауылменен
әрқашан,
Кіреді
біздің сәніміз.
Берекем
мен бірлігім,
Ауылымнан
таралар.
Ауылым
менің көркейіп,
Өркениетті
ел болар.
12. Ауылым – ырысы мол
құт-мекенім,
Мәңгіге ақ
бесігін тербетемін.
Саянда
ойнап, өсіп, білім алып,
Алаңсыз
асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп
үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді
ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті
Жер-Ана, ауыл-елді,
Көркейтетін болашақ – біз
жастармыз.
Сен
білесің бе? -айдары бойынша суреттер көрсету арқылы ауылымыздың
танымал, еңбегі ерен азаматтарымызды
таныту
|