400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 2 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшілерге көмегі болары сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен елімнің патриотымын

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,
Барысы:
1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық
.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отан

2 топ Отбасы

3 топ Мемлекет
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тақырып ашу.

- Оқушылар,қазір мен сендерге мазмұнды сурет көрсетемін.Сіздер зер салып қарап отырыңыздар.

Сонымен суреттен не көрдіңіздер?

Бұл суреттер арқылы не айтуға болады?

Қандай болжам жасайсыздар?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Мен елімнің ертеңімін» деп аталады.

Бұл тақырыпты алу отырған себебім, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру.

Ал,енді сіздер рухани жаңғыру дегенді естігендерің бар ма?

-Рухани байлық деген не?

Мұның не екенін тағы да білу үшін білімімізді толықтырып,осы сұрақ төңірегінде ой өрбітеміз.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған.

Мағынаны таңдау.

1.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

2. «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз құрау

Қазақ

Зат

Ат

Астана т,б

3.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)

4.Рухани жаңғыру эмблемасын жасау


Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік. 
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі