Маңғыстау
ауданы
Өтес Орта
Мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі:Орысбаева Жаңылхан
Қарттарын қәдірлеген ел
ардақты.
Мақсаты :Оқушының бойна
халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау,өз ата –бабасын
ұмытпай сақтау үшін және салт дәстүрден нәр алып
өсуіне,инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден
ғибрат алуға тәрбиелеу.
Мұғалім:Қымбатты ақылды кенін
арқалаған айбынды аталар!Ақ жаулықты аналар!Шынайыда ізгі
сезімдерді білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар
қауымы!
Барлықтарыңызды қазан
айының алғашқы мерекелері қарттар,ұстаздар мерекесі тоғысқан
күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған.
Зейнет емес бейнеттен
арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем
мәңгі,
Қариялар өзіңді ел
сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен
биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін
аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып,бір қауымға бас
көз бола білген ауыл қарттарының онры ерекше,олай болса әр халықтың
бойында ықылым заманнан бергі қалыптасып оны өзгелерден даралап
тұратын тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.Міне осындай теңеуге
лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен
құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты »атты 3
«А»сыныбының оқушыларының қарттарға арнап дайындаған кешімізге хош
келдіңіздер.
Кешімізді бастамас
бұрын сөзімізді мектебіміздің директоры Назарова Алтынгүл апайға
береміз.
Мұғалім:
Дүниеге келген бір
рет
Құрыштан құйған
құдірет
Балалар ол
кім?
Әрине қарттарымыз.Олай
болса бүгінгі кешімізді «Атамекен»әнімен
ашамыз.
Мұғалім:
Халқымыздың тәлім
тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,аталар ақылымен
берісіп,өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.Ендеше «Мен
атам, және ,әжем жалғасымын»бөліміне құлақ
түрелік
1.Аян
Сен еңкейген нұр
жүзіңнен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр
қартайып
Отбасында,бала-шаға
қасында
Жетпістер мен сексендер
жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған
соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған
жанары
Қайта-қайта қарағың кеп
тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды
баладай
Мәпелеңдер қарт
біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең
даладай.
Кімге болсын қарттың
жетер аяңдап
2.Жайна
Атам менің
әманда
Әдепті жан бол
деген
Атам сөзі
санамда
Жасы үлкенге жол
берем
Алдын орап
кісінің
Кесіп өтпе
көлденең
Ізетімен
кішінің
Сәлемдесіп қол
берем.
3Нұрдаулет
Рафхат
Атам менің
әманда
Кішіпейіл бол
деген
Ата сөзі
санамда
Мақтанбауды жөн
көрем
Қалдыратын
ұлтқа
Жалған сөзге
төзбеймін.
Жеткізеді
мұратқа
Тек шындықты
көздеймін.
4Шапағат
Атам менің
әманда
Әділетті бол
деген
Ата сөзі
санамда
Жүрмін тура
жолменен
Ей тәкаппар
дүние
Маған да бір
қарашы.
Танимысың сен
мені
Мен қазақтың
баласы
5Лағыл.
Құттықтаймыз
мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт
саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін
өмірде
Елің жұртың ұл мен
қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен
пара-пар
Тұла бойға қуат болып
таралар
Өміріме шуақ шашып
әрқашан
Көп жасаңдар аналар мен
аталар.
6Ербұлан
Ата күні –әже күні әлем
күні
Әлемде теберінділер
ақылды үні.
Әжесіз жан туған жоқ
жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім
сендер мұны.
Ата-әже мерекелеріңіз
құтты болысын.
Жанұяңызға тек қана
шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін
тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі
көңіл толсын
Мұғалім:
Той деп бүгін халқым
шашу шашады
Той деп бүгін әлем
сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына
арналған
Бишілер өнерлерін
шашады
Сымбаттыды да
шырайлы қыздарымыздың :Қамажай биі
7
Тамара
Ата-сөзі қасиетті
киелі,
Ата-сөзі жанға жылы
тиеді,
Ата-сөзі өміріме
өнеге
Ата-сөзі тек шындықты
сүйеді.
Атам менің жақсы
адам
Аптықпаған
саспаған.
Атам барда
әрине
Тарықпаймыз
ешқашан.
Атам менің жақсы
адам
Қиындықтан
қашпаған.
Немерені мені
де
Артық көрді
басқадан.
8Тілекші
Бейбітшілік
тілегі,
Өмірлері толы
аңыз
Ел деп соққан
жүрег
і Бізде азамат
боламыз
Туған жерді
сүйеміз
Тауы менен
өзенін
Алдында бас
иеміз
Атаменен
әженің
9Алмас
Күлімдеген
көзіңнен
Айналайын
атажын
Не үлкен сый бар
болса
Өзің берген
батадан.
10.Сәрсенбай
Нұрдаулет
Ақыл құған
санама
Күнене де артық
расында,
Күн алыста,ал
әжем,
Ылғи менің
қасымда
Мұғалім : «Өз балаң
өскенше, немерең өлгенше»деген сөз бар. Бала немере туралы,Мұзафар
әлімбаев былай деген.
11Бекзат.
Бала деген бал
екен,
Бал дегенің бала
екен.
Немеренің
бойында,
Бар тәттілік бар
екен.
Туған балаң жай
ғанат
Демесең де жат
бөтен
Нағыз балаң
ойласаң
Немере екен тәтті
екен.
12Жанатбек:
Немене ге жетістің бала
батыр.
Қариялар азайып бара
жатыр
Бірі мініп келместің
кемесіне
Бірі күтіп әнекей
жағада тұр.
Көрініс:Егемендік
деген не?
Ақырын басып қарт
шығады.Осы кезде жүгіріп немересі келеді.
Немересі:Әли
-Ата не ойлап
отырсыз?
Атасы:Расул.
-Ә,балам, атаң не
ойлайды дейсің?Сенің болашағыңды ойлаймын,еліміздің болашағы жайлы,
өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата өткен өмір деген
не?
Атасы:Ендеше тыңда
балам,
Атаң бір
сөйлесін,
Болмаса да оқыған
атам
Жинады ескілерден тарих
хатын
Мақсатым кейінгі ұрпақ
ұмытпаса,
Айтылған аталардың
аманатын
Сондықтан балам ,сенде
өз тарихыңды білуге тиістісің
Сонау ерте заманнан
бастап ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып халық болып
қалыптасқан міне осы тарих.Бұғанда тәуба Егемендік алып ,әлем
таныды ғой елімізді.
Немересі:-Ата « Егемендік»деген
не?
Атасы:Егемендік деген балам
біздің желбіреген көк туымыз,айбынды әнұранымыз,жарқыраған
елтаңбамызтөрімізде ілулі тұр.Осын ұмытпа балам әрқашанда жадыңда
сақта
Немересі:-Жарайды ата
жүріңіз әжеміз шақырып жатр екен.ана жаққа
бараық.
3 «А» сыныбының
оқушысы Бердібек Мадиярдың орындауында Ән: «Анашым
»әні
Інжу:
Ана керек о адамдар ана
керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн
кешіп жүр ғаламда,
Пікірімді ұнатпаған
таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ
сыйлау үшін ананы.
13
Мұрагер
Тентек болсам
ашынып,
Жақсы іс қылсам
асырып
Маған сақтап
жүреді
Тәттісін де
жасырыа
Тосып тәтті
дәмдерін
Ол бар жерде бал
жедім
Мен ұйықтарда
айтады,
Ертегісін
әндерін.
Біздің үйде
осындай
Әжетайым бар
менің
14Аяжан
Әжем менің,ақ
әжем
Ақыл беріп
үйреткен
Аппақ әжем пәк
әжем
Мейіріммен
тербеткен.
Аман болсын
басыңыз
Ағармасын
шашыңыз
Шөбере сүйіп әлі
де,
Жүзге жетсін
жасыңыз
15Берекет
Аяулы да ардақты атам
менің
«Бақытты бол,ер жет»деп
бата бердің
Еңбек етіп еліңе
құрметті бол
Әрдайым ортамызда жүре
бергің
16Шұғыла
Асқар тауым,ақылгөйім
ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса
құлама
Ер жетсем де еркелігім
қалмайды,
Көз алдымда сен
тұрғанда ұлы Ана!
17Бегалы
Мәпелейсің мені
анам
Қолыңдағы
құсыңдай
Құлпыра өсіп дем
алам
Құшағыңда
қысылмай
Үмітіңдей көзіме
,
Көп қарайсың
үңіліп
Еркелеген
сөзімде
Ертеңіңіз тұр
күліп
18Айнагүл
Сен жалықпай
жетектеп
Мен жаттыға
жетермін
Айтқаныңды екі
етпей
Ақ сүтіңді
өтермін
19
Мерей
Көктем келді
далаға
Көктем келді
көшеге
Атамыз бар
ауылда
Білесіңбе
нешеде
Қоссаң біздің
жасымыз
Жетпейді оның
жасына
Бір қосылса
басымыз
Кете алмаймыз
қасынан
Хор «Әрқашан күн
сөнбесін.»
Қарттарым сіздерге Алла
саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірілік
бола берсін
Тап-таза абыройлы
болғаныңды
Жақсы тілек тілеп
бүгінгі кешімізді аяқтаймыз
Қазіргі ел билеген
жастар көрсін –деп тілек тілеп бүгінігі кешімізді аяқтаймыз.Зейін
салып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Үлкен ата-әжелеріміздің
ақ батасымен 3 «А»сыныбының ашық тәрбие сағатын
аяқтаймыз.

.

