400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 4 сынып " Менің тұңғыш президентім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты Тұңғыш президент күніне байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім»

Мақсаты: Оқушыларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

Міндеті:Өскелең ұрпаққа Елбасының дара тұлға екенін таныту.

Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Жүру барысы:

1-жүргізуші:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Әнұран орындалады.

ІІ. Негізгі бөлім

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата –аналар, оқушылар!

1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

  1. оқушы:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

  1. оқушы:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

  1. жүргізуші:

Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да, барлығы дамыды . Мұның бәрі елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?

  1. Жүргізуші:

Иә, ол тәуелсіздік те бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз­дің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы деп Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы, қол жеткен мұраты.

1 – жүргізуші:

Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

2 – жүргізуші:

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш. Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті..Елбасымыз мектепті жақсы оқып, жақсы білім алған.Ата-анасын қатты құрмет тұтқан.

  1. оқушы:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.

4-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

5-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Ән

Би

Көрініс

Таңертеңгі шайдың кезі
Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме -е - ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің. Дәрежеңде жоғары болады екен. Тұз деген жақсы нәрсе ғой. Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен..
1 – жүргізуші:

-Міне, анасының ақ батасын алған Нұрсұлтан осылайша ерте есейіп,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл жерде шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

6–оқушы:

Ұл едің қатарыңнан артық туған,

Еңбекке жастайыңнан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

7–оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

8-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

9-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шот Аман Уәлиханов.

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Туымыздың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

11-оқушы:

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң - Азат елдің Ар-намысы!

1 – жүргізуші:

Елбасымыз әлемді мойындатқан көптеген жаңа бастамалармен жаһандық саясатқа белсене араласты.

Президенттің төл перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәндеткен бас сәулетшісі де мемлекет басшысы болды.. Сондықтан да Елбасы мен Елорда –егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана- тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.

2– жүргізуші:

Президентіміздің көрегендігін әлемге танытқан тағы бір игі бастама Қазақстанда 100-ден астам мемлекет қатысқан дүниежүзілік ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің өтуі болды. Қазақстанның елордасы Астанада өткен «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін берді.

Би
1 – жүргізуші :- Балалар, егеменді еліміздің саналы, білімді азаматы болып өсу үшін біздің парыздарымыз не?
1. Білімді болу.
2. Отанды сүю
3. Ана тілін сүю, құрметтеу
4. Ұлтжанды рухымыз берік азамат болу
5. Денсаулығымыз мықты, салауатты ұрпақ болу
6. Ел болашағы берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.

Оқуда озат боламын

Ән Атамекен

1 –жүргізуші:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет бар. Ол - білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

  1. жүргізуші: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас, сәби, үлкен-кіші ,кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Менің тұңғыш Президентім » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі