400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 4 сынып "Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жарияланған материалда Тәуелсіздік күніне байланысты тәрбие сағатының жоспары берілген. Арнайы қосышалардың атаулары және қандай сайттардан алуға болатыны көрсетілген. Менің ойымша жас мамандарға және тәлімгерлер мен сынып жетекшілерге қте пайдалы деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсініктеме хаттама

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

 Мақсаты: 

1. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

2. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

3. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көк, сары түсті шарлар, кішкентай жалаушалар, гүлдер, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» жазуы, буклеттер, қанатты сөздер және интерактивті тақта

Өткізілетін орны: АКТ залы

Өткізілетін күні: 15.12.2018ж

Өткізілетін уақыты: 12:00

Қатысушылар: 4«Б» сыныбы

Жоспар:

  1. Қонақтарды қарсы алу

  2. Би: «Тойбастар» күйі

  3. Хор: «Желтоқсан желі»

  4. Ән: «Қазақстан»

  5. Мектеп директорына сөз беру

  6. Күй: «Балбырауын»

  7. Көрініс

  8. Ән: «Қарабауыр Қасқалдақ»

  9. Хор: «Жаса Қазақстан!»

  10. Қорытынды









Барысы: 

Би: «Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
1-жүргізуші
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз. 
2-жүргізуші
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
Оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
1-жүргізуші:
№17 жалпы білім беретін орта мектебінің 4«Б» сыныбының көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (
хабарланбайды 18 оқушы сахнаға шығады)

Хор: «Желтоқсан желі»(1-қосымша видео)

1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән:«Қазақстан» орындайтын:______________________ (2-қосымша видео)

2-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді бастау үшін құттықтау сөз кезегін мектеп директоры _______________________________________ беріледі. 
1-жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой-қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын:___________________ (3-қосымша видео)

2-жүргізуші:
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Оқушы:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Көрініс. 
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге  
милиционер жігіт кіреді. 
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

Оқушы:
Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат?
Ауа жетпей атып шыққан алаңға,
Қылқындырған қиянатқа көнбеді,
Тапталғысы келмеді ол табанға.
Әсте естеншығармайды жыр мұны,
Айтады ылғи домбыраның күмбірі.
Аты аталса күрсіндірер жылатып,
Желтоқсандық күрсіндірер жылатып.
Желтоқсандық азамат пен құрбаны.
Жатыр бүгін мойынқұмның баурында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

1-жүргізуші:
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.

Қайрат:Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда
Сөйлесем дауысым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
1- жүргізуші:
Осы кезде камераға кезекші келеді.
Кезекші: Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).
Тергеуші: Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы Совицкийді өлтірген сен ба?
Қайрат: Жоқ, мен емес.
Тергеуші: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Алып кетіңдер.Рысқұлбеков ақтық сөзің болса айт.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
Қайрат: Көтер ана, көтер ана басыңды. 
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
 
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
 
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
 
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
 
Арым үшін түстім, рас араша
 
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
 
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
 
Арым үшін түстім, рас, араша
 
Араша!
1-жүргізуші:
(көріністің жалғасы)1988 жылы 28 – ші сәуәрде Қайраттың жазасын 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ... Қайраттың анасына жазған соңғы хаты! (Қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады)
2-жүргізуші:
«Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым»

Ән:«Қарабауыр Қасқалдақ» орындайтындар: _________________ (4-қосымша фото-видео)

1-жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1-жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық 
Нұрлы достық
Күн достық 
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты 
Оқушы:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Оқушы:
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Хор: «Жаса Қазақстаным»
(Барша бала шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
(5-қосымша шарлар, жалаушалар)

Оқушы:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

2-жүргізуші:
Ерлеріміз арқасында Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениетің биік шыңына көтеру.
1-жүргізуші:
 Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 

Жүргізушілер бірге: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі











«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

әдеби кештің сценарий







Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Аманбекова А.С













2017 – 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі