400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты 5 сынып Әдептілік - тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
машықтанушылар мен жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік - тәрбие бастауы. 5-сынып

Мақсаты: Оқушыларды қарапайымдылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, ұлағат сөздер, теңге-сұрақтар, тілек ағашының суреті салынған плакат.

Әдісі: Сайыс.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік-тәрбие бастауы деп аталады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топқа бөлінейік.

Жоспар

1.Әдеп сөзінің мағынасын ашу.

2. Сұрақтар.

3.Мақал – мәтелдер.

4. Венн диаграмасы.

5.Сөйлемді жалғастыр…

6.Қорытынды.

Топқа бөлу:

1.Инабат тобы

2.Қамқорлар тобы

3.Әдеп тобы

(Осы үш топқа ортақ тапсырма)

«Әдеп» сөзінің мағынасын ашу тіл алғыш, мақтаныш, инабатты,
ақылды, шыншыл, әділ, еңбекқор, өз тілін меңгерген мейірімді, үлгілі,
намысшыл, ұлтшыл, өз халқының салтын арлы құрметтейді

Сұрақтар бойынша постер қорғау.

1-топқа. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
2-топқа. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
3-топқа. Әдептілікті бізге кім үйретеді
(әр топтан бір оқушы шығып қорғайды)

Мұғалім:
Әдепті, ақылды балалар туралы өлеңдерді еске түсірейік.
Әдептілік жайында мақал – мәтел айтып оқушы ойын қорытады.
Оқушылар өздері білетін тақпақтарын айтады.

1-оқушы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Сыйлы болмақ, өзі де,
Үлкен болған кезінде.

2-оқушы:
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.

3-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

4-оқушы:
Бала дана болады,
Даналықты көп көрсе,
Бала көктей солады.

5-оқушы:
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдепті қыл бұл ісіңді,Тазалап жүр тісіңді.

Ой толғаныс.
Венн диаграмасы
Әдепті бала мен әдепсіз баланы салыстыр, ұқсас бергілерін тап.

Сөйлемді жалғастыр”
1.Үлкеннің — …………(тілін алу керек)
2.Сабақтан -…………(кешігуге болмайды)
3.Кішкене баланы -…….(жылатуға болмайды)

Мұғалім:
— Бүгінгі тәрбие сағатынан не ұқтық, не білдік?
— Оқушылардың бір-біріне тілектерін айтуы.
— Әдепті бала кім? (осы сұрақтарға жауап бере отырып, тәрбие сағатын қорытындылайды.)

Қорытынды:

Мұғалім: Ғ.Мұстафин атамыз айтқандай: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау инабаттылық көрінісі».

Ендеше,

1.Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік.
2.Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.
3.Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.

Олай болса, әдепті болайық. Біз – ұлт болашағымыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.01.2019
1531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі