Материалдар / Тәрбие сағаты 5-сынып, Менің Отаным - Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты 5-сынып, Менің Отаным - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 5-сынып, Менің Отаным - Қазақстан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Тамыз 2024
1743
55 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні:

02.09.2024

Сынып жетекшісі:


Сынып:

5

Сабақтың тақырыбы

«Менің Отаным Қазақстан», «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін

ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу

Оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

Құндылық

Ұлттық мүдде

Іс-шара

Сынып сағаты. Форматы: Танымдық сабақ

Қай мәселені шешеді?

Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысып, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылып, ұлттық мұраға ұқыпты қарайды

Күтілетін нәтиже

Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл болып, ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары


Сабақтың басы





















































Ортасы

































































Соңы


Гимн орындалады.
Мұғалім: Ұйымдастыру кезеңі


  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан.

Қазақстан – дегенде ойларыңа қандай сөздер түседі? Кластер құру.


Мұғалім сөзі:

Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз. Біз осы жерде өмір сүріп, білім алып, елімізді көркейтуге үлес қосып жүрміз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!


Қазақстанның рәміздерін таныстыру


  1. Қазақстанның Туы туралы мәлімет:

    • Мұғалім: Қазақстан Республикасының Туы

көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын

көрсетеді.

    • Тапсырма: Оқушылар Ту

туралы өз ойларын айтып, оны суреттейді.

  1. Елтаңба туралы мәлімет:

    • Мұғалім: Елтаңба

мемлекеттің айқын белгісі. Ол киіз үйдің шаңырағы, қанатты пырақтар мен бес жұлдыздан тұрады. Бұл қазақ халқының ежелгі мәдениетін бейнелейді.

  • Тапсырма: Оқушылар Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың

мағынасы туралы ой қозғайды.

  1. Қазақстан Гимні:

    • Мұғалім: Гимн еліміздің рухани күші. Ол бізді

біріктіріп, бірлікке шақырады.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Ұлттық ақшамыз – теңге.




Туған жердің табиғаты мен байлығы

Мұғалім: Қазақстан – өте бай, табиғаты әсем, кең байтақ ел. Біздің жерімізде таулар, өзендер, ормандар, далалар бар. Осы жерлерді көріп, біз туған жерімізге деген мақтаныш сезімін сезінеміз.

Тапсырма: Оқушылар Қазақстанның әдемі табиғаты туралы қысқаша әңгімелер айтады, табиғат суреттерін көрсетеді және оларды сипаттайды.


  1. Сұрақ-жауап.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Гимн авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Қауіпсіздік сабағы:

1 - сабақ:

«ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕР»

Төтенше қызметтер101 - өрт сөндіру қызметі102 - полиция; 103 - жедел жәрдем; 104 - газ апаттық қызметі; 112 - жедел құтқару қызметі.

«Есте сақта!» Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы,

тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды






Қорытынды бөлім


Мұғалім: Бүгін біз Қазақстан туралы көп мағлұмат алдық. Отанымызды сүю, оның жетістіктерін мақтан тұту – әрбір азаматтың міндеті. Сендер де болашақта елдің дамуына үлес қосып, елімізді биік белестерге жетелейсіңдер деп сенемін.

Әрбір адам бала жасынан «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаным сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.


Сұрақ-жауап: Мұғалім оқушыларға сабақтан алған әсерлері мен білімдерін сұрап, қорытындылайды.




(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, тақтаға ілінеді)

















Қазақстанның рәміздерін таныстырады

Қазақстанның Туы туралы мәлімет алады



Қазақстан

Республикасының Туы – көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын көрсетеді.

Елтаңбадағы бейнелерді талқылайды, олардың мағынасы туралы ой қозғайды.








Оқушылар тапсырма орындайды















Оқушылар маңызды ақпаратпен танысады.
































Оқушылар қорытынды ой тыңдайды





























































презентация



































https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=5







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!