Материалдар / Тәрбие сағаты. 6 сынып, Наурыз-береке бастауы

Тәрбие сағаты. 6 сынып, Наурыз-береке бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек ретінде ұсынып тұрмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2021
1281
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Наурыз береке бастауы»
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған сыныптан тыс сағаты
Сабақ түрі: Сайыс
Көрнекілер: Сахна, киіз үй салынған плакаттар, суреттер, ауыл аты жазылған плакат, кілем, көрпешелер, дастархан, қоржын т. б
Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту, Отанына сүйіспеншілік сезімдерін ояту

Жүргізуші
- Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.

Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі!

- Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата - бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа - жарқа, мәз - мейрам шаттыққа бөленетін шақ.
- Бүгінгі «Наурыз береке бастауы »атты сайысымыз кележатқан ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналады
Сол сайысқа қатысатын 6 сынып оқушылары ортаға келіп түр. Біз барлық сайыскерлерді 3 топқа лдік. Осы сахнада олар өзінің өнерлерің тамаша қылады: Сонымен ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Осында сайыстың шешуін реттейтін қазылар алқасымен таныс болыңыздар
-----------------------------------------

Сайыстың шарттарымен таныстыру
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Өнер көрсету
4. Салт - дәстүрді көрсету
5. Ұлттық тағамдар
6. Мақал - мәтелді жалғастыр

1-кезең. Ортаға таныстыруға ауылды шақырамыз 5 ұпай оған қоса (Таныстыру ерекшелігіне қосылады, сахналық көрінісі бойынша 3 ұпай)
1 Жалың тобы
2 Алаш тобы
3 Бәйшешек тобы

2 - кезең. Викториналық сұрақтар
Қоржыннан бір конверт алады, оның ішінде 3 сұрақ бар (әр сұраққа 5 ұпай)


3 Кезең.Топтық ән, би, терме, күй...(5ұпай) толық топ шықса тағы да 5 ұпай қосылады

4 - кезең Салт - дәстүр туралы не білесіз? 5 ұпай ( егер оны көрсетсе тағы 5 ұпай қосылады )
Қоржыннан бір салт - дәстүрге байланысты тапсырма алады, соны көрсетіп, мәлімет береді


5 - кезең Ұлттық тағамды таныстыру.

6 - кезең Мақал - мәтелді жалғастыр Бұл әр топ бес - бестен мақал басын айтады, ал қарсыластары жалғастыру керек. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі
Осы сайысқа қатысқан баршаңызға алғыс білдіре отырып, салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық сыйлаған кележатқан НАУРЫЗ мейрамы құтты болсын - демекшімін! Дендеріңізге амандық - саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!
Шашу шашады
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ