жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты 6 сынып «Тазалық-денсаулық кепілі»
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»
Мақсаты: а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.
ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд-суреттер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Балалар,сендер болашақта қандай болғыларың келеді?
Нұржан: Мен ұлмын,сондықтан өжет,күшті,төзімді,көңілді болғым келеді.
Аружан: Мен қызбын, сондықтан нәзік,шыншыл,әділ,әдемі болғым келеді.
Мұғалім: Әдемі,нәзік,күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)
Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.
-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?
С
п
орт
Денсаулық Жеміс-жидектер
Күннің көзі
Дәріхана Су
Таза ауа
І кезең: «Менің таңым»
ІІ кезең: «Қимыл-қозғалыс»
ІІІ кезең: «Сиқырлы сандық»
ІҮ кезең: «Көрініс»
Ү кезең: «Спорт-сенің серегің»
ҮІ кезең «Кім тапқыр?»
І. «Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық» туралы өлеңдері оқылады.
Гүлдана: Су-өмір жүрегі
Денсаулық тірегі.
Шөлдесең, қанасың,
Жуынсан тазасың.
Қоршаған ауамен
Шығыпт кең далаға.
Шынық сен әрдайым
Керемет ауада.
Кемел: Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі-жиі жуынсаң,
Аппақ таза боласың.
Тазалықты іздесең,
Шампунь,сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
Динара: Тазалықты іздесең,
Айна,тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге,
Тазалатып аласың.
Бекарыс: Дос бол сабын,сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен.
Таңертең де,кеште де,
Жуын күндіз-түсте де.
Дамир: Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын бір жолдас.
Жоймас олар кір болмас!
Жанзия: Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп.
Тазалаймын тісімді,
Жуынамын күтініп.
Басты байлық-денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
ІІ «Қимыл-қозғалыс» Денсаулығымызға қимыл-қозғалыстарда пайдалы екен.
( Барлық оқушылар «Балапан» әнін орындайды.)
Хормен: Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
ІІІ «Сиқырлы сандық» Балалар сандықтың ішіндене бар екен? Ішінен«Денсаулық,» «Тазалық» сөзі шығады. Оқушылар мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашады.
Наурызбек: «Денсаулық-зор байлық»
Бекзат: «Дені саудың-жаны сау»
Дамир: «Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде».
Сағымбай:Бірінші байлық-денсаулық
Екінші байлық-ақ жаулық
Үшінші байлық-он саулық
Аружан: «Тазалық-денсаулық негізі
Денсаулық-байлық негізі»
Санжар: «Шынықсаң-шымыр боларсың»
Дана: «Денсаулықтың кепілі тазалық»
Дильназ: «Аурудың жақсысыжоқ
Дәрінің тәттісі жоқ»
Мадияр: «Ағаш-тамырымен
Адам тамағымен»
Мектебіміздің аяжаны қонаққа келеді.
ІҮ «Көрініс» «Кітапты күтіп ұстау»
Ү «Спорт-сенің серігің» Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді,адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі,ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.
- Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?
(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу т.б) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.
Ән: «Біз жеткіншек баламыз»
ҮІ «Кім тапқыр?»
Ал,балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
1 Бес сауысқан,
Бес сауысқанның басына
Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)
2 Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір,ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? (Сабын)
3 Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолың да
Сүртеді жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
4 Аузы жоқ,көзі жоқ
Тілі жоқ,сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар
Бұл не? (Тарақ)
5 Үй ішінде
Отыз екі батыр,
Кіргендерді
Отап,турап жатыр. (Тіс)
6 Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (Көз)
7 Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
8 Жайшылықта жекесің,
Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)
Ән: «Тук-тук»
Қорытынды: «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.
Хормен: Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!
Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тәрбие
сағатының
тақырыбы:
«Туған
тілім
- тірлігімнің
айғағы».
Тәрбие
сағатының
мақсаты:
1. Оқушыларды
өз
ана
тілінің
қадір
- қасиетін
біліп,
өз
ана
тілінің
көркемдігін
сезініп,
сөз
құдіретін
түсініп,
оның
адам
өміріндегі
маңызын
ұғуға
үйрету.
2.
Сөздік
қорларын
молайтып,
шешендік
өнерге
баулу.
3.
Ана
тілін
қастерлеуге,
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Слайд,
нақыл
сөздер,
мақал
мәтелдер
Тәрбие
сағатының
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылардың
назарын
аудару.
Үлкенге
де
сіз,
Кішіге
де
сіз.
Сәлем
бердік
сіздерге
Құрметпенен
біз.
ІІ.
Кіріспе
сөз:
-
Құрметті
оқушылар,
ұстаздар!
«Туған
тілім
- тірлігімнің
айғағы»
атты
тәрбие
сағатына
қош
келдіңіздер!
Мемлекетіміз
ҚР
деп
аталады.
ҚР
- дың
жер
көлемі
үлкен.
Өз
әнұраны,
елтаңбасы,
туы, Атазаңы
бар
тәуелсіз
елімізді
Елбасы
Н.
Ә. Назарбаев
басқарады.
Мемлекетімізде
бірнеше
ұлт
өкілдері
тұрады.
ҚР
тәуелсіз
республика
болып
1991 жылдың
16 желтоқсанында
жарияланды.
1989 жылы
22 қыркүйекте
Республиканың
Жоғарғы
кеңесі
қабылдаған
ҚР
- ң Тіл
туралы Заңына
сәйкес
қазақ
тіліне
мемлекеттік
мәртебе
берілді.
Яғни
қазақ
тілі
мемлекеттік
тіл
болып
жарияланды.
22 қыркүйек
Қазақстан
Халықтарының
Тілдер
күні
деп
жарияланды.
ІІІ.
Көрініс:
«Ең
қымбат
қазына»
Қатысушылар:
қария,
баласы,
дана
қарт.
Ертеде
бір
тілге
жүйрік
шешен
қария
көз
жұмарында
ұлына:
«Балам,
әкем
кедей
болды
деп
қамықпа.
Менің
саған
тастаған
көп
қазынам
бар,
соны
тауып
алып
қадіріне
жет»
депті.
Бала
кейіннен
оны
әрі
іздейді,
бері
іздейді,
таба
алмайды.
Арып
- ашып
жүріп,
ауылдағы
абыз
ақсақалдарға
мұңын
шағыпты.
Әлгі
дана
қарт
тыңдап
болып:
«Әке
баласына
өтірік
айтпас
болар,
ақтық
демінде
ақиқатын
айтқан
екен.
Әкең
өте
шешен
адам
еді,
жарықтық.
Оның
саған
қалдырған
мол
мұрасы
- қасиетті
тіл.
Бәріміз
сөздің
дәмін
келтіріп,
қалай
сөйлеуді
сенің
әкеңнен
үйренген
едік.
Дүниеде
тілден
қымбат,
мәңгілік
мұра
болмақ
- па,
сірә!»
- деп
аталы
сөздің
жұмбағын
шешіп
беріпті.
Сендер
осы
тіл
ең
қымбат
қазына
деген
сөзбен
келісесіңдер
ме,
мүмкін
біздің
одан
да
қымбат
қазынамыз
бар
шығар?
Жоқ,
мен
олай
ойламаймын. Дүниедегі
ең
қымбат
қазына,
әрине
тіл.
Тіл
- ең
алдымен
қатынас
құралы.
Егер
тіл
болмаса,
сен
маған
осы
сұрақты
қоя
алар
ма
едің,
ал
мен
саған
өз
ойымды
айта
алар
ма
едім?
Оның
өте
дұрыс.
Шынында
да
тіл
қатынас
құралы
болумен
қатар
ойдың
да
көрінісі.
«Тілі
байдың
–
ойы
бай»
деп
текке
айтылмаса
керек.
Оқушылар
тақпақтары:
1
- оқушы:
Жанымнан
қымбат
Ана
тілім
маған.
Ана
сөзін
тыңдап
Үлгі
өнеге
аламын.
2
- оқушы:
Ана
тілім
анам
Аппақ
қардай
арым
Мұра
еткен
бабам
Жарқыраған
жаным.
3
- оқушы:
Ана
тілім
елдігім
Ана
тілім
ерлігім
Тілді
биік
құрметтеп
Тойлап
жатыр
ел
бүгін.
4
- оқушы:
Ана
тілім
тірегім
Ана
тілім
жүрегім
Қасиетті
елімді
Тек
өзің
деп
білемін.
5
- оқушы:
Қазағым
- ау,
бір
- бір
үлкен
жүрексің,
Қадамыңа
бір
құдайым
гүл
ексін.
Тәуелсіз
ел
- ана тілін
ардақтап,
Тәуелсіз
ел
- ана
тілін
ту
етсін.
6
- оқушы:
Тілім
барда
мақтанам
Тілім
менің
аппақ
ән.
Бірлігімді
бүгінгі
Ана
тілін
сақтаған.
Мұғалім:
Жастайыңнан
қиялыңды
- қиялға
өрлеткен
ғажайып
ертегілер,
шыншыл
да
сыршыл
аңыз
- әңгімелер,
ерлікті,
елдікті
дәріптеген
батырлар
жырлары,
береке
бірлікті
мақсат
еткен
өткір
де
өміршең
шешендік
сөздер,
халық
даналығы
–
мақал
- мәтелдер
ана
тілінде
дүниеге
келіп,
әрбір
адамға
сол
ана
тілінде
жетіп
отырады.
7
- оқушы:
Тіл
тазалығы
дегеніміз
- ана
тілдің
сөзінен
басқа
тілдің
сөзімен
шұбарламау.
8
- оқушы:
Ақыл
ойын
дананың
Ана
тілден
аламын
Ана
тілі
ардақты
Ақ
сүтіндей
ананың.
9
- оқушы:
Ана
тілі,
дана
тілі,
бақ
тілім,
Сенсің
менің
қасіретті
шаттығым.
Сенсің
менің
тазалықты
пәктігім,
Сенсіз
бақыт
дүние
тапты
кім?
10
- оқушы:
Ана
тілің
арын
бұл
Ұятың
боп
тұр
бетте
Өзге
тілдің
бәрін
біл
Өз
тіліңді
құрметте.
ІV.
«Кім
шапшаң?».
Мақалдың
алғашқы
жолы
айтылады,
әрі
қарай
оқушылар
жалғастырады.
11
- оқушы:
Шебердің
қолы
ортақ,
Шешеннің
сөзі
ортақ.
Тіл
тас
жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек
болса да, тіл
кеспек
жоқ.
Таяқ
еттен
өтеді,
сөз
сүйектен
өтер.
Білікті
бірді
жығады,
білімді
мыңды
жығады.
Тіл
қадірін
білмеген
- жетесіз.
12
- оқушы:
Ақыл
көркі
- тіл,
тілдің
көркі
- сөз.
Сөз
өнері
- киелі
өнер.
13
- оқушы:
Өнер
алды
- қызыл
тіл.
Әдептің
басы
- тіл.
14
- оқушы:
Ана
тілің
біліп
қой,
Еркіндігің
теңдігің.
Ана
тілің
біліп
қой,
Мақтанышы
елімнің.
15
- оқушы:
Қазақ
тілім
өз
тілім,
ана
тілім
Абай,
Мұхтар
сөйлеген
дана
тілім
Қастерлейді
ұл
- қызың
мәңгі
сені
Болашағым,
бақытым
дара
тілім.
16
- оқушы:
Ана
тілім
- ар
тілім
Жанардағы
жарқылым
Жүрегіңде
сақталған
Ән
- жыры
боп
халқымның.
V.
«Ойлан,
тап!»
Берілген
сөздерден
мақал
құрастыру.
(
ата,
бала,
жақсы,
еңбек,
Отан,
батыр,
ел,
ана).
VІ.
Жұмбақ
жасыру.
VІІ.
Қорытынды:
Мұғалім:
Адамды
жұбататын
да,
ақыл
беретін
де,
күш
- қуат
беретін
де,
ой
- сана
беретін
де
осы
сөз.
Ана
тілін
ұмытқан
адам
өз
өткенін
де,
болашағынан
да
қол
үзеді.
Міне,
осындай
даналық
сөздер
бізге
тіл
арқылы
жетті
емес
пе?!
Олай
болса,
біздің
тілге
деген
құрметіміз
шексіз.
Оқушылар
хормен:
Туған
тілім
- тірлігімнің
айғағы,
Тілім
барда
айтылар
сөз
ойдағы.
Осы
тілмен
мен
де
бірге
өсемін,
Өшсе
тілім
мен
де
бірге
өшемін.
Гепатиті алды алу
Сабақтың
тақырыбы:
Жұқпалы
аурулар.
Бауырда
вирусты
гепатит
ауруының
пайда
болуы,
алдын
алу
шаралары.
Сабақтың
мақсаты:
А)
Білімділік:
Вирусты
гепатит
ауруының
пайда
болуы,
таралу
жолдары
мен
аурудың
алғашқы
белгілері,
сақтану
жолдары
туралы
түсінік
беру.
Ә)
Дамытушылық: Жұқпалы
аурулар
туралы
білімдерін
жетілдіре
отырып,
оның
болдырмаудың
жолдары
бар
екендігіне
көздерін
жеткізу.
Б)
Тәрбиелік:
Жеке
бас
тазалығына
тәрбиелеу
және
адамгершілікке
баулу.
Сабақтың
түрі:
аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі:
Сұрақ
- жауап,
топтық - ұжымдық
жұмыс
Көрнекіліктер:
Интерактивті
тақта,
сызба
–
нұсқалар,
суреттер
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
ІІ.
Үй
тапсырмасын
сұрау:
1.
Зиянды
әдеттерге
нелер
жатады?
2.
Темекінің,
ішімдіктің,
есірткінің
адам
организміне
әсері
қандай?
3.
Зиянды әдеттерге
байланысты
қандай
мақал
- мәтелдер
білеміз?
ІІІ.
Жаңа
сабақ.
Ой
қозғау.
Ағзаларға
ауру
туғызатын
жұқпалы
аурулар
бес
топқа
бөлінеді:
1.
Бактериялар,
яғни
микробтар
туғызатын
аурулар
( туберкулез,
іш
өту,
өкпе
қабынуы,
т.
б.)
2.
Вирустар,
бактерияға
қарағанда
кішкентай
микробтар
туғызатын
аурулар
( сары
ауру,
құтыру,
тұмау,
т.
б.)
3.
Грибок
туғызатын
аурулар
( қышыма,
теміреткі,
аяқтағы
грибок,
т.
б.)
4.
Денеде
тіршілік
ететін
ішкі
паразиттер
тудыратын
аурулар
( безгек,
іш
сүзегі,
т.
б.)
5.
Денеде тіршілік
ететін
сыртқы
паразиттер
тудыратын
аурулар
( бит,
бүрге,
қотыр,
қышыма,
т.
б.)
Біз
бүгін
вирусты
«А»
гепатитімен
танысамыз.
Бүгінгі
сабағымызды
бастамас
бұрын
бауыр
дегеніміз
не,
және
оның
адам
денесіндегі
орналасқан
жері,
атқаратын
қызметі жайлы
мына
суреттерге
қарап,
танысамыз.
Бауыр
–
ең
ірі
без.
Массасы
шамамен
1500 грамм.
Ол
қызыл
- қоңыр
түсті.
Оның
көп
бөлігі
оң
жақ
қабырға
астында
орналасады.
Оның
секреті
- өт.
Өт
қабына
бауыр
үздіксіз
өндіретін
өт
жиналады.
Бауыр
көптеген
улы
заттарды тұтып,
зиянсыздандырады.
Сергіту
сәті:
Бір,
екі,
үш
Бойға
жинап
күш,
Алға,
артқа
серме
Жасап
көрші
сен
де.
ІҮ.
Сабақты
пысықтау:
Арнайы
берілген
фигуралар
арқылы
сыныпты
екі
топқа
бөлу.
І
- топ
1.
Аурудың
алғашқы
белгілері.
2.
«Жаны
сауға
- күнде
той»
ІІ - топ
1Аурудың
алғашқы
белгілері.
2.
«Аурудың
жақсысы
жоқ,
дәрінің
тәттісі
жоқ»
Ситуациялық
сұрақ:
Екі
топтан
екі
бала
гепатит
ауруымен
ауырды
делік.
Бір
бала
ауруынан
тез
айықты,
екіншісінің
жағдайы
нашарлап
кетті.
Неліктен?
Ү.
Сабақты
қорытындылау:
П.
К. Ивановтың «Қарағым»
атты
ілімнің
6 - ережесі
«Айнала
қоршаған
табиғатты
сүй.
Төңірегіңе
түкірме,
жалпы
қақырынып
- түкірініп,
ішіңнен
ештеңі
шығарма.
Осыған
әдеттен.
Бұл
сенің
денсаулығың».
Ендеше
балалар,
ауырмау
әрқайсымыздың
өз
қолымызда
екен.
Тазалықты
сақтап,
бір
- бірімізге
қамқор
болып
жүрсек,
біз
бәрін
де
жеңеміз.
ҮІ.
Үйге
тапсырма:
«Гепатит
ауруының
алдын
алу»
тақырыбына
реферат
жазу.
ҮІІ.
Бағалау:
«Жақсылық жасай білейік»
Сабақтың
тақырыбы:
Жақсылық
жасай
білейік. |
Тақырыбы:
«Зиянды әдеттерден аулақ
бол!»
Мақсаты:
1.Білімділік
: темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға
түсіндіру;
2.Тәрбиелік: қазіргі
қоғам талабына сай салауатты,білімді
ұрпақ тәрбиелеу
3.Дамытушылық:
осы зиянды заттардың салдары туралы
білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін
ортаға салу.
Көрнекілігі :
интерактивті тақта,плакат,кеспе
қағаздары
Сабақтың барысы
:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.
«Кел танысайық»
III.“Бәйге”
ойыны
IV. “Көкпар” тартыс ойыны
V.
Ситуациялық жағдайдан шыға білу
VI.
Плакат қорғау
VII. “Уланбасын
өмірің” көрініс
VIII. Қорытынды.
I-кезең
Ұйымдастыру
1. оқушыларға сабақтың
тақырыбы,мақсаты,барысы айтылады
2.сынып
үш топқа бөлініп,топ басшысы
сайланады.
3.жұмыс істеу
тәртібімен,яғни ойын кезеңдерімен
таныстырылады.
II-кезең «Кел
танысайық»
1-топ Шылымқорлық
Ұраны:
«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің
жіпсіз байлап шырмайсың»
Мұхамед-Әли
: Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол
жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан
да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым
шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту
жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні
тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы
оны ешқашан тартпау,ауызға алмау.
Назым
: Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды
ол
Қанша айтсанда алмайды тартпа
деген тіліңді ол
Қой десеңде
қоймайды,көк түтінге тоймайды
Сора
сора уыты өн бойыңды жайлайды,
Бірақ
шылым сорғанда аузы тыным таппайды
Шылымсыз
тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,
Бірақ
оның зиянын білсе дағы білмейді
Бағдәулет
: Көк түтінге жас өкпені ыстама,
Ащы
суға өзіңді-өзің қыстама
Ер жетудің
белгісі деп бұл да бір
Әуес көріп
ұстамасты ұстама
2-топ
Ішімдік
Ұраны: «Болар бала кісілікке
үйір,тозар бала ішімдікке үйір»
Ақмарал
: Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының
бауырын зақымдап бірден миға әсер
етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап
бере алмайды.
Гүлдана : Мен
қорқамын темекінің тұтқыны болған
жастардан
Мен қорқамын ішімдіктің
құрығына түскен жандардан
Мен
қорқамын зиянды затқа құмар боп
Денсаулықтан
айырылған мына қауымнан
Баубек
: Арақ аздың ажалы
Ақшаның
тажалы
Ырыстың қырсығы
Абыройдың
мылтығы
Жақсылықтың жаңқасы
Төбелестің
арқасы
3-топ Нашақорлық
Ұраны:
«Есірткіге жолама,жетелейді молаға»
Назира
: Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің
бірі.Есірткіні бір рет тұтынған адам
одан арыла алмайды.Ондай зардапқа тап
болудың бірден бір себебі қоршаған
ортасының да ықпалы аз емес.Сондықтан
дос таңдай білу де аса маңызды.Халқымыз
Есіркіден есіргендер деп бекер айтпаса
керек.
Әсел : Нашақорлық жайлаған
індет білем,
Жоймай оны жақсылық
күн жоқ білем,
Күресуге ғасырдың
тағдыры үшін
Оған сенде
міндетті,міндетті мен!
III-кезең
«Бәйге» ойыны
1-топ шылымқорлық.
1.Жастар
темекіні тартпау үшін не істеу
керек?
2.Темекіні тастауға
болама?
2-топ Ішімдік
1.Ішімдік
суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты
шындығы бар?
2.Ішімдік тамаққа
тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына
көмектеседі ме?
3-топ
Нашақорлық
1.Есірткінің алдында
адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез
беріледі?
2.Адамның нашақор екенін
сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға
болады?
IY-кезең «Көкпар» тартыс
ойыны
Бұл кезеңде топтар кезектесіп
мақал айтады. Ең көп мақал айтқан топ
жеңімпаз атанады. Топтар ең алдымен топ
ішінде 2-3 минут дайындалады.
1-топ:
Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Ас
тұрған жерде ауру тұрмайды.
Тәні
саудың - жаны сау.
Ауру баптандап
кіріп, мысқылдап шығады.
2-топ:
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Аурудың
алдын ал.
Тазалық – саулық
негізі.
Саулық – байлық
негізі.
3-топ: Жігіттің дені сау
болса – сол дәулет.
Ауру қадірін
сау білмес,
Аш қадірін тоқ
білмес.
Ауруын жасырған өледі.
Бас
аман болса, бөрік табылады.
V-
кезең Ситуациялық жағдайлардан шыға
білу
1.Сенің достарыңның бәрі
темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің
келмейді,сол үшін олар сені шеттете
бастайды.сен олардан бөлініп кете
алмайсың.Не істер едің?
2.Сенің
өте жақсы көретін досыңның аузынан
ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі
рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған
жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның
көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай
құтқарар едің?
3.Саған 11-сынып
оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі
алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны
тек сен екеуіміз ғана білетін
болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп
шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен
құтқарасың?
VI-кезең Плакат
қорғау.
Бұл кезеңде әр топ өз
плакаттарын қорғайды.
VII- кезең
«Уланбасын өмірің» көрініс
Әр
топ дайындап келген көріністерін
көрсетеді.
1-топ. Шылым шегудің
«пайдасы»
2-топ. «Дәрігерге
шағым»
3-топ. «Спортшы қыз»
әңгімесі.
VIII-кезең
Қорытынды.
Жарайсыңдар ! Мен
сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл
көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу
үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның
адам өміріне соншалықты зиянды екендігін
өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен
арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау
керек. Күй .
Тәрбие
сағаты «Ел және елбасы»
Мақсаты:
1.қазақ халқының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір
жолы,туып-өскен,оқып білім алған
,қызмет
еткен жерлері туралы
мағлұмат беру;
2.елбасының өмір
жолынан үлгі ала отырып Отанын
,халқын
сүюге,
ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық
сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт
жүрегінде елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар
көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет
« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш
президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
1-
Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар
құрметті ұстаздар, оқушылар және
қонақтар!
2- Жүргізуші.
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді
азаматтары, ұлдары мен қыздары
бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған
«Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:
Саламат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан
Республикасы осындай дәрежеге жетіп ,
көк туымыздың астында бейбіт, молшылық,
татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
2-жүргізуші: Әрине
Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер
танып, астанамыз көркейіп жатқаны
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан
тәуелсіздігіне міне 21 жыл болады, біздің
мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1-
Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз
ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды,
экономикасы да, білім беру саласы да,
медицина саласы да, өндірісі де, шет
елдермен байланысы да. Барлығы,
елбасымыздың саясатының негізінде емес
пе?
2- Жүргізуші Иа дұрыс
айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де
оңай жете қоймадық қой. Қаншама
бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен
Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз
тәуелсіздік жолында құрбан болды.
Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне
арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула,
Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін
тыңдайық.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің
қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың
санғасырлық азаттық күресінің заңды
өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі.
Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ
жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп
Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік
қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен
мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика
болып жарияланды.
1991 жылы 1
желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы-
Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш
Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші:
Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы
–Президент. Латын тілінен аударғанда
«президент» сөзі «алдында отырған»
деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4
желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау
қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта
Президент болып сайланды.
Туған
жердің жайқалған алқабы егін,
Биік
сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей
қазақтың байтақ далам,
Сен не деген
кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан
жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап
Алатау шың-құздары.
Анасындай туған
ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап
ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза
ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар
ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты
айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
І
жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан
дейтін менің бар елім,
Жатыр алып
жарты дүние әлемін!
Бұл даланы
анам жаспен суарған,
Бұл далада
атам қолға ту алған.
Бұл далаға
жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы
көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада
өскен жанда жоқ арман!
ІІ
жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған
ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар
күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының
арқасы.
І жүргізуші: Шықты тарап
ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз
беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің
бар Президенті
ІІ жүргізуші: Оянады
көңілден қайдағы арман,
Бақыт
желі ескендей жайлап алған.
Президентім
бар менің елі түгел,
Ақ киізге
көтеріп сайлап алған.
Тұманбай
Молдағалиев «Есіл ер»
1-оқушы:
Самат
Сөйлесіп бір жүрген қай
сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен
бір ашығасың да,халықпен бірге
тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен
бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның
бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Жадыра
Халықтың мұңы мұңдайтынын
да,халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде
көнермей әлі өткен де кеткен
жылдаржыр,
Соңына ердік сол ғана
бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа
баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан
құр қалдыр.
3-оқушы: Айнұр
Нұрсұлтан
бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп
жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл
кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз
сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда
сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп
өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Ермек
Жесірге пана,қашанда
қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың
тілі,баланың тілі сөйлей білесің не
тілде.
Қалам тербесек жүрек берді
есеп басынан өткен жылдарға,
Саған
сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің
бетінде...
Оқушы Монологы. «Менің
Президентім». Гулжамал
Біз
отбасымызбен күнделікті теледидар
көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан
Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен
– ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір
тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл
берген саған рахмет. Тек ел шеті
бұзылмасын», - деуден жаңылмайды.
Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән
бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей
оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына
жатқанын түсініп келемін. Расында да
көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей
ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің
тілін табу, көрші мемлекеттермен
тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі,
асқан ақылды, парасатты адамның ғана
қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса,
Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық
үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен
бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына
денсаулық тілеймін.
Оқушы Монологы
«Менің Президентім». Темірлан
Қазақ
халқы ерекше қонақжай халық екені
белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің
бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда
Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді
десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет
қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар
мен өнер қайраткерлері.
Әр елден
келген қонақтарға ұялмай көрсететін
жаңа қала Астанамызды Президенттің
ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана
күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып
келе жатқан жас қала. Сарыарқаның
төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем
таныған әсем Астана жасаған Елбасының
ақыл-ойына кім басын имес?
Ән: «Жаса
Қазақстан»
1- оқушы. Азиза
Қасиетті
Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын
бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным,
бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім,
өркенім.
2- оқушы. Гулфайруз
Қазақстаным,
қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап
сені киеңді түсіне бастадым.
Сен
менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма
әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы.
Әмір
Желтоқсаннан бастау алған
теңдігі,
Қазағымның өркендеді
елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік
жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4-
оқушы. Марлен
Бірде шырқап, бірде
төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын
бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға
бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр
ағам.
5- оқушы. Жадыра
Естімейік
енді елдің жылағанын,
Қайта құлап,
бостандық сұрағанын.
Абылайдың
жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы
жолы » Нұр ағаның.
6- оқушы. Самат
Биіктей
бер, Нұр аға,
Қыран қанат
талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық
сіздей тұлғасын.
7- оқушы. Ринат
Гүлдене
бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр
ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр
аға – біздің ұлы адам.
8- оқушы.
Гулжамал
Ел басқарған Нұрсұлтандай
ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау
далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін
тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам
бар.
Би «Бипыл»
І жүргізуші
Елбасымыздың өмірбаянына
тоқталсақ.
Н.Назарбаев-бәрінен
бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын
терең сезінетін, үлесіне тиген
міндетті жауапты әрі қажырлықпен
атқаратын адам.Ол әр қадамын
шын мәнісінде өте мұқият есептейді:
ол үшін саясатшы болу-бойға біткен
дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр
жұмыс және өмір дағдысы.
ІІ
жүргізуші
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған.Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда
өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша
өсіруне көмек көрсету керек
болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі
еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін
сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу
үшін есек жеккен арбамен жақын
маңдағы теміржол стансасына бару
дегенің керемет мереке
саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы
білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
І жүргізуші
Ол
ерте есейді,орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып
металлург –жұмысшы мамандығын
меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің
көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал
кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ
жүргізуші
Сол жылдары оның
басшылық қасиеттері жарқырап
көрінді.Қалалық,облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда
жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы,Теміртау
қалалық,Қарағанды облыстық және
республикалықпартия ұйымдарында
экономикалық салаға жауап беретін
хатшы болды.
І жүргізуші: Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
ІІ жүргізуші .1991 жылы
1-желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті
етіп сайланды
І жүргізуші
:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және
құқылық мемлекет» деп жариялады.
ІІ
жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа
мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран
бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек
Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
І
жүргізуші : Шаңырақ –Отан
отбасынан басталады.ортақ шаңырақ
биік ,босаға берік болсын деген
мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің
уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан
елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін
дегенді білдіреді.Ай мүйізді
,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның
жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің
қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы
қызыл түлкінің жауын жер соқтырар
айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты
жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз
жарқырай берсін» деген асыл арманды
арқалап тұр
ІІ жүргізуші :Мемлекеттік
Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда
күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы
күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір
матаның сол жағында қызыл өрнегі
бар.Жалаудың ұзындығы -2
метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын
жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
І
жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан
Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге
айналымға енді.
Айнұр
Ақшам
шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім
дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген
хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз
тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып
тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы
бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны
бар
Айтындаршы, енді елім кем де
неден?
ІІ жүргізуші :
1995 жылы
28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш
«Ата Заңы» қабылданды.
Жадыра «Ата
Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы
тәрізді,
Ата Заң деп аталған
Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен
бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба
мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық
сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын
деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді
заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу
оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір
бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде
30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек
Өтетілеуұлы.
І жүргізуші
:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және
мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың
жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда
бұрынғы астанамыз Алматыдан
Республиканың басшы орындары Президент
кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент
көшіп келді.Еліміздің басқару
жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
ІІ
жүргізуші : 1998 жылы 10-маусымда
жаңа астананың ресми тұсау
кесері болды.Қала Есіл өзенінің
оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік
бөлігінде орналасқан.
Көтереді
шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып
қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі
бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық
ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды
сені бар әлем бүгін.
Ән «Атамекен»
қыздар
1-оқушы: «Елбасына»
Мөлдір
Ауыр күнді артымызға
тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның
бастауы
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
2-жүргізуші:
Елбасымыз
саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,
ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім»
деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің
піріміз де, әніміз.
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан
жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан
ел көтерер жер даңқын.
Президентім,
елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас
қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші: Төле
би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа,
халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр
жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса,
ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау
көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім
бар,
Атадан қалған сара жолым
бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің
намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы
үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді
сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі:
Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Мұғалімнің
сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш
президенттің сайлануы, осы тұлғаның
арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге
танылуы,шашылып кеткен қандас
бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана
бастауы, Астана қаласының сәулеттене
түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің
әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі
істерге ұласып жатқанының айқын
дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы,
халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың қолында
Тақырыбы: «Тәуелсіздік
– қасиет тұнған ұлы ұғым »
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасында жазықсыз қыршын кеткен
құрбандарды қашанда құрметпен еске алу
керек екендігін баяндау, оқушыларды
қазақ еліне деген сүйіспеншілігін
арттыру, туған жерін, Отанын сүюге
шақыру, қалыптасып қалған әкімшілік-әміршілдік
тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген
қазақ жастарының ерлігін құрмет
ету.
Дамытушылық: Оқушылардың
дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін
дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи
фактілерді саралап олардың себеп-салдарын
анықтауға, тарихи оқиғаларды есіне
сақтауға дағдыландыру.
Түрі:
Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты
Әдісі:
Өлең, сахналық көрініс көрсету
Көрнекіліктер: Баспасөз материалдары, «Қазақстан тарихы» оқулықтары 2007ж, Алматы мектеп, «Білім» ғылыми педагогикалық журнал №1, 2001ж, Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд.
Тәрбие сағатының жоспары:
1.
Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) 1986
ж 16 желтоқсан оқиғасының барысы
ә)
Сахналық көрініс (жастардың алаңға
шығуы)
Желтоқсанда - мұзда жанған
алауым,
Желбіретті Тәуелсіздік
жалауын!
б) Қайсар рухты қазақ
баласы
Күнәдан таза басым
бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай
қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам
десең, алыңдар!
в) Халық ұлына құрмет
3.
Қорытынды бөлім
Тәрбие
сағатының барысы:
1.
Кіріспе
Мұғалім сөзі: Қанша жыл,
қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар
болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың
халық тағдырымен байланыстылығында.
Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың
салдары ретінде көрінген мұндай
құбылыстардың талайы тарихтан белгілі.
Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп
тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген
әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы.
Халқымыздың тәуелсіздігі,
егемендігі жолында өз өмірлерін қиған
құрбандардың рухына құрмет көрсету исі
қазақ азаматтарының игі борышы.
1-жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар , мектеп оқушылары
және қонақтар!
16 желтоқсан Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күніне
арналған
«Тәуелсіздік – қасиет
тұнған ұлы ұғым» атты ашық тәрбие
сағатымызды
бастаймыз.
Тәуелсіздік
- еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп,
ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз,
дербес Қазақстан Республикасы болып
құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.
Тәуелсіздік – теңдік, бостандық,
еркіндік, бүкіл адамзат баласының
қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған
арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны
белгілі.
Елге айналдың Отаным,
есімі ұлы,
Аштың әлем халқыңа
есігіңді.
Зорға жеткен ардақтап осы
ісіңді,
Түзе, халқым, салтың мен
бесігіңді.
Құлақ кесті құл емес,қазақ
тіпті,
Сезінетін шақ туды
азаттықты.
Отаншылдық бір айтып
көтерілсін
Толқынындай теңіздің
ғажап, күшті.
2-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың,
Тұғырыңа
қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып
от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді
қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш,
жыр-әнім!
Қазақстан, о, менің құт
тұрағым
Жер шарына қазақтың халық
атын.
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
1-оқушы:
Желтоқсан айы...
Кешегі дүркіреп
өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ
үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың
атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны
да, құлаққа жетер әуені де мүлде
өзгерді.
«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір
қазақтың көкірегінде небір көріністер
қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен
«Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр
қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің
сарыны алыстан талып естілер еді.
2-оқушы:
Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұламадағы» «Елім-ай» секілді,
әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық
арасындағы әнұранына айналып кетті.
Сонда
да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде
қалған көріністер шұбырып өтуі хақ.
Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған
ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері
Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз
пішіндер... одан кейін темір киімдер
киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол
жастардың сарт-сұрт айқасы...
Адам
жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген
қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси
құлаған қазақ бозбала...
Ә. Тінәлиев.
Ән «Желтоқсан желі»
Орындайтын:
Вокалдық топ
3-оқушы: Иә, ол күн
Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген
әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.
Таңартеңгі сағат 10-да Республиканы
үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаевты
қызметінен босатылып, орнына Г.В. Колбин
ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
4
– оқушы: Осы кезде аяқ астынан Пленум
болатындығы туралы хабар – сыбыс тез
тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық
комитетінің Пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда
өтті. Пленумда Д.А. Қонаев жолдасты
зейнеткерлікке шығуына байланысты
Республика Компартиясы Орталық пленумында
бірінші хатшысы қызметінен босатты.
Оның орнына сол уақытқа дейін Ресей
Федерациясында Ульянов облыстық партия
ұйымын басқарған Г.В. Колбинді сайлады.
5
- оқушы: 1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында
бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат
оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында
бұрын – сонды кездеспеген құбылыс.
«Алматыда демонстрация», «Брежнев
алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап
түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер
ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген
ел түсіне алмай дал болды.
6-оқушы:
Республика жұртшылығының өмірлік
мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі
Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл
қадамы қорланып қалған халық наразылығының
жанартаудай атылып сыртқа шығуына
түрткі болды.1986 жылы 17 желтоқсан күні
таңертең Алматының Брежнев атындағы
алаңына халық жинала бастады.Кешке
қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30
мыңға жетті.
Жиналған көпшілік
республика басшылығындағы мұндай
өзгерісті Д.А. Қонаевтың өзінің келіп
түсіндіруін талап етті. Орталық аландағы
жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға
және басқа билік орындарына баяндалды.
Өз
ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын
қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды
жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын
мәлімдеді.
7-оқушы: Аңғал сеніммен
алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер
«контрреволюционерлер»емес еді.Олардың
ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті
мәселелері туралы сөз жүргізу еді.
Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір
қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай
әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге
шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш
жаңқасындай быт – шыт болып ұшып
жатыр.
Үкімет үйінде жастар шеруін
қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» дейін
оперативті жоспар құрылып жатты. Ал
алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал
еді, алаңсыз еді.
8-оқушы: Құрамында
қазақ ұлтынан ешкімде болмаған бұл
штабтың жұмысын КСРО ішкі істер
министрінің 1-ші орынбасары генерал
полковник Б.К. Елисев басқарды. Штабтың
қарауына шамамен 20-25мың адамнан тұратын
Алматы гаризонының КСРО ішкі істер
министрлігінің Алматы облысында,
сондай-ақ Фрунзе,Ташкент, Челябі,
Новосібір, Уфа, Свердловск , Тбилиси
қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен
Алматыға алдырылған әскери күштері
берілді. Әскерилерге қарусыз шерушілерді
қуып таратуға қажетті қару жараққа
қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина
берілді. Милиция және әскер құрамаларына
саны 10-15 мың шамасында темір сойылдармен
қаруланған «жасақшылар» көмектесті.
Әні:
Ш.Қалдаяқов
Сөзі: Ж.Нәжімеденов,
Н.Назарбаев «Менің Қазақстаным»
Осы
кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылады.
Жастар теңселіп тұрып әнді ерекше бір
шабытпен орындайды.
СЛАЙД № 3 «Жастардың алаңға шығуы»
Көрініс
«№ 1»
Алаңға шыққан жастар бейбіт,
жайбарақат еді . Қолдарында «Әр халыққа-өз
көсемі !», «Лениндік идеялар жасасын!»,
«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!»,
«Қазақстан қазақтардікі», «Ресейге
қайт», деген транспоранттар бар.
(Сахна
алдына ержүректі желтоқсан батырлары
шыға бастайды)
СЛАЙД № 4 «Желтоқсан құрбандары» (Қайрат,Ләззат, Ербол, Сәбира суреті)
Дауыс:
Естідіңдер ме?
Бұл не масқара! Неге
халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз.
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?
Дауыс:
Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып,
түсіндірсін барлық жайды!
Дауыс:
Қазақстаннан адам табылмады ма?
Қазақстанға басқа жерден басшы келгені
несі?
Дауыс: Талап-тілекті айтамыз.
Шықсын ортаға басшылар.
Ербол:Демократияны
бұғаудан босатыңдар,
Әр халыққа
өзінің көсемі керек...
Ләззат:
Сүрмейтұғын болдық қой күйме
ғұмыр,
Көлеңкеміз. Күннен де тимейді
нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан
келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы
билейді бұл?
Сәбира:Бұл дегенің ҚКП-да
беделдің қалмағаны,
Тілің құрып
барады білесің бе?
Хасен: Ескерусіз
дін жатыр сүресінде,
Қақпақ қойып
ауызға, көзді байлап,
Санаспайды, әй,
бұлар тегі ешкіммен,
Жариялылық
дегенің елес білем.
Гүлнәр: Өгей қозы
біз болдық енемізге,
Келімсектер
шықты ғой төбемізге.
Ақиқат жоқ,
маңайың толған аныз,
Жүр екенбіз
тұманды жолда нағыз.
(Алаңда ешкім
қозғалмайды)
Бар болғаны осы еді
қылмысымыз,
Савицкий көрген жоқ бір
кісіміз.
Кейін соның қазасы
таңылғанда,
Аң-таң болып, қан жылап
тұрды ішіміз.
Темір құрсау біздерді
бүргені шын.
Мұң шағады қапаста кімге
құсың,
Ақ-қараңды тексерер түрме
деген
Концлагерь болды ғой біздер
үшін.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар!
Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!
Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады!
Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе
қайтыңдар!
Әскери
адам: Первая рота! Слушайте мою команду!
Производится операция
«Құйын».
Немедленно разогнать экстремистов и
хулиганов! Первая рота за мной! УРА!
Осы
кезде алға сырттан қаруланған әскери
адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы
жастарды ұрып-соға бастайды (Қаралы
музыка ойнап тұрады). Қарулы әскер
сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді
біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете
бастайды. Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып
бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери
солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып,
халыққа қарап ышқына сөйлейді:
- Әй,
туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері
қарай!
Қосылыңдар біздің қатарға!
Осы
кезде қарулы милиционер қыздың көк
желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз
сылқ етіп, есінен танып түседі.
Жүргізуші:
Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың
көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен
еді. Алматы музыка училищесінің студенті
Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген
өтірік жала жабылған еді. Тексере келе
Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.
СЛАЙД
№ 5 «Қайсар рухты қазақ баласы» (Қайраттың
суреті)
Жүргізуші: Иә, тарихта бұл
«Желтоқсан-86» деген атпен мәңгі
қалады.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ
деген затым бар.
«Еркек тоқты -
құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Көрініс
№ 2
Сахнаға Қайраттың інісі Талғат
жүгіріп келеді, қолында хат болады.
Талғат:
Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы:
Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін
көрмесем де, хатын оқып мауқымды
басайын.
Осы кезде жарық түрмеде
отырған Қайратқа түсіріледі. Хат
оқылады.
Қайраттың хаты:
Амансыздар
ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан
абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп
ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген
жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана
жанында ұсқыны суық жасақшылардың
жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып,
бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп,
қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге
қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп,
көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол
күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының
да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз –
азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың
үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін
көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні
алыс емес! Аман болыңдар!
Ана: Ұлым
менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман
болсаң, бір жерден шығатын алмастай
өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді
сорлы анашың...
1-жүргізуші: Қайратты
1987 ж. 1 қаңтар күні үйінде жаңа жылды
тойлау үстінде тұтқындаған еді.
СЛАЙД № 6 «Ақынның жан сыры» (Қайраттың суреті)
Көрініс № 3
(Түрме
іші, темір тор 2 жендет Қайратты сұраққа
алып келеді, тергеуші жауап алады)
Тергеуші:
Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат:
Жолдастарыммен бірге.
Тергеуші: Жоқ,
Сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында
Савицкийді соққыға жықтың, соның
нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің
оған!
Қайрат: Сөйлесем дауысым
жетпейтін
Кез болдың мынау
заманға,
Шовинизм еді ғой,
Басты
себеп жалғанға.
Елбең, елбең
жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ
мінген жаратып,
Ақсауыт киген
темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен
жебей көр.
(Әрі-бері жүреді, өзімен-өзі
сөйлесе халыққа қарайды)
Қайраттың
туыс – бауырларына арналған өлеңдерінен
үзінді
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай
жасың бар,
Туа бермес сіз секілді
асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді
жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді
масылдар!
Айналайын,
қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен
айдауда барамын.
Қайғы жетіп, азап
тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным, қандай
жанға баладың?
Айналайын,
інішегім, құлыным,
Сені ойласам
үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді
көре алмай,
Кетіп барам мен айдауда,
құлыным!
Қайрат
Рысқұлбеков.
Жүргізуші: Бұл Қайраттың
өлеңдерінен үзінді.Өмірге құштар ынтық
жүректің соңғы лүпілі.Жан сыры, соңғы
үміті.Өкініш пен өтініш...
СЛАЙД № 7 «М.Шахановтың суреті»
8-оқушы: Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46-сы кейін ақталды. Оның екеуі өлім жазасына кесілді».
СЛАЙД № 8 «Қайраттың сот залында тұруы»
Көрініс
№ 4 ( Тергеуші Қайраттан сұрақ алып
отыр)
Тергеуші:сен өзіңнің Савицкийді
өлтіргеніңді мойындайсың ба?
Жоқ
па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім
жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер,
атыңдар, көзін құртыңдар!(Қайратты алып
келеді, алып кетеді).
Сахна ортасына
милиция бақылауындағы Қайрат келеді.
Шымылдық артынан сот хатшысының
«Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе
жатыр» - деген даусы шығады.
Үкім:
Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі
залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың
25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау
ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық
істер жүргізу кодексінің 287,299 және
301баптарына сәйкес сот алқасы Үкім
етеді:»
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық
жазаға тартылсын:
-Қазақ КСР
Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3
жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша
15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ
КСР Қылмыстық кодексінің 173 - 1 бабы
бойынша ең жоғары- өлім жазасына, атуға
кесілсін.
Қайрат: Күнәдән таза басым
бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай
қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам
десең алыңдар!
Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек
тоқты- құрбандық»
Атам десең-
атыңдар!
(Қайратты сүйреп
әкетеді)
КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының жарлығы.
1986жылғы Алматы
оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер
Қ. Рысқұлбековтың өтінішін қарай келіп,
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 23.04
1988 жылғы №8836-XІ Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке
кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас
бостандығынан айыруға ауыстырды.
КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы
– А. Громыко.
Жүргізуші:
Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай
арпалысып жатқанда, оның тағдырына
бүкіл әлем құлақ түрді.
Шетелден
келген көптеген пікірлерге байланысты,
өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына
сөзсіз ықпал болған еді. 500 күннен астам
өлім камерасында өзегі талып, үміт пен
үрей құшағында отырған Қайрат енді 20
жылға Свердловскіге айдалып бара жатып
кенеттен Семейден бірақ шықты.
Халық
ұлына құрмет.
9-оқушы: 1988 жылғы мамырдың
21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ
өліммен қайтыс болған жерлесіміз Қайрат
Рысқұлбековтің денесі Семей қаласының
маңына жерленген. Сол кездері Мемлекеттік
Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері
жергілікті заң органдарымен бірлесе
отырып, Бірлік ауылының басшыларын
Қайраттың үй-ішіне, туған-туыстарына
қарсы айдап салды.
«Сендер барғанмен
оның денесін көрсетпейді, керек болса
өздеріңді атып тастайды» деп қорқытып
бақты. Ақырында Қайраттың туыстарының
атынан «біздің денесін алып кетуге
жағдайымыз жоқ» деген жедел хат салдырады.
Кейін Ноғайбай аға Семейге екі рет барып
ұлының жерленген жерін әрең дегенде
тауып қайтады.
Мәрмәр тасқа Қайраттың
бейнесі бейнеленіпті де, былай деп
жазылыпты:
«Қайрат Рысқұлбеков
13.03.1966
ж.
21.05.1988 жылы әкімшілдік-әміршілдік
жүйеге қарсы күрестің құрбаны, желтоқсан
1986 ».
Ал, тақтатастағы:
«Қайрат
деген атым бар,
Қазақ деген затым
бар.
Еркек тоқты- құрбандық,
Атам
десең, атыңдар...»
деген өлең жолдарын
оқығанда көзімізге еріксіз жас
алдық.
10-оқушы: Қайрат қазақ елінің
21-ші басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа
келгенде, 21 сот алдында нақақтан шырылдап
Семей түрмесінің 21 камерасында, 21 мамыр
күні қапылыста дүниеден өтті.
Мұғалім сөзі: ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-да жоғарғы ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп – Алтын Жұлдыз тапсырылды. Желтоқсанға қатысушыларға деген айрықша құрмет болды.
Халық
қаһарманы атында:
Алматы,Семей
қалаларындағы орталық үлкен көшелердің
бірі Қайрат есімімен аталды.
Жетісай
қаласындағы орталық мәдени – демалыс
паркіне Қайрат Рысқұлбеков есімі
берілді.
Жезқазған облысы, Ақтоғай
ауданы, «Қоңырат» совхозы 1-бөлімшесіндегі
орталау мектептің дружинасы Қ. Рысқұлбеков
есімі берілді.
Жүргізуші:
Міне биыл сол азаттық таңның арайлап
атқанына 20 жыл толмақшы.1991 жылы 1
желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты еліміздің
Президенті етіп сайлады.
Жүргізуші:
Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың
соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім
үшін мерт болуға тиіс екендігін сезе
бастаған еді. Ол оқ қылмыс керге емес,
тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын
теріс түсінген көзқарастарға арналған
оқ еді.
Ақын М. Шаханов
Әр дәуірдің
еркіне ай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын
алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда
шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ
деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы
жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын,
жас қайраты, жас өркені халқымның!
СЛАЙД
№ 10 «Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан»
Мұғалім
сөзі: 1986 жылы желтоқсан көтерілісі
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі
жолындағы үдерістің дамуына жол салып
берді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан
шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық
мемлекет болды. Алда саяси және
экономикалық өзгерістер стратегиясын
белгілеу міндеттері тұрды.
3.
Қорытынды
Жүргізуші: Желтоқсан
оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі,
тарихтан алар
орны ерекше
оқиға.
Жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар,
мектеп оқушылары және қонақтар! Бүгінгі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күніне арналған «Тәуелсіздік - қасиет
тұнған ұлы ұғым» атты ашық тәрбие
сағатымызды жабық деп жариялаймыз.
Зейін
қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
(Осы
кезде сахнаға қатысушылар шығып, «Туған
жер» атты әнін орындайды.)
Соңы.
Тақырыбы:Біз ЖҚТБ – ға қарсымыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «АҚТҚ дегеніміз не, АҚТҚ қандай жолдармен жұғады, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?» деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: пікірталас (дөңгелек үстел).
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, қағаз парақтары
Әдебиеттер: АҚТҚ және ЖҚТБ-ның алдын алу үшін қажетті білімдермен дағдылар. Салауаттану және табиғат.
І. ЖҚТБ мен АҚТҚ бойынша шағын дәріс.
Енді мен ЖҚТБ-мен (СПИД, ЖИТС) жыныстық қатынастың қалай байланысатынын және олар жайлы таралған кейбір көзқарастар туралы айтқым келеді. ЖҚТБ туралы сөз қозғалса болғаны, елдің бәрі эксперт-маман бола аламыз деп ойлайды. Ең алдымен ЖҚТБ-ның қайдан шыққаны туралы пікір алысады. Шынында мұны ешкім де білмейді. Біз АҚТҚ-ның (ВИЧ, АИТВ) жануарлар арасында тараған кәдімгі вирус түрлері сияқты, әлемнің кейбір бөліктерінде өткен ғасырдың 60-жылдарында бар болғандығына күмәнсізбіз. Ол, мүмкін, қандай да бір қалыпта немесе түрде ғасырлар бойы бар болған шығар.
Көптеген ғалымдар вирустың алғашқыда Африкадағы жануарлардан жұқтырылғандығы ықтимал деп топшылайтындықтан, жұрт бұған қалайда Африка кінәлі деп ойлайды. Бұл мүлдем теріс пікір. Болашақта қандай деректердің ашылары әзірге беймәлім. Десек те ауру әйтеуір бір жерден басталуға тиіс екені және оның дәл сол тұстан шыққанына ешкім де кінәлі болмауы тиіс.
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады
1.АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
2.Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
3.Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
4.Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды.
Қол алысып, құшақтасқанда.
Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.
Төсек жабдықтары мен киімнен.
Темір және қағаз ақшадан
Су мен ауадан.
Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.
Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.
Жәндіктердің шағуынан.
Моншада, саунада, бассейінде.
Бой жазу.
Менің саған берер кеңестерім
-Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.
-Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.
-Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу (укол) бір реттікпайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс
«Миға шабуыл»
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.
ІІ. Сұрақ-жауап.
1-оқушы.
АҚТҚ мен ЖҚТБ-дан қалай сақтану керек екенін білесің бе?
ЖҚТБ-дертінен сақтану іс-шаралары:
1-рет пайдалануға арналған шприцтерді, стерильденген медициналық инструменттерді қолдану, кездейсоқ жаныстық қатынастан, нашақорлық, алкаголь, темекіден аулақ болу.
2-оқушы.
ЖҚТБ-мен ауырған адамды не мазалайды?
Дененің қызуы (бір айдан аса);
Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%-нан аса);
Іштің өтуі (бір айдан аса);
3-оқушы.
Ауру қалай асқынады?
АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5 – 7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-ның басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
ІІІ. ЖҚТБ дертіне әкелетін зиянды заттардың түрлері:
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтыру қаупі пайда болады. Есірткіге деген әуестік өмір бойы сақталуы мүмкін. Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған туыстарының зор күш-жігерін, дәрігерлердің биік кәсіби дәрежесін, қаражат шығындарын қажет ететін, ұзақ та күрделі, қиын процесс.
Нашақорлық – есірткі заттарына деген тәуелділіктен туындайтын, ағзаның тәндік және психикалық функцияларының аса ауыр қалпына келместей бұзылуына апаратын, соңы өлімге әкелетін дерт.
Алкаголь – қан құрамындағы алкаголь-мастықтың деңгейін анықтайтын, миға қан келетін алкагольдің саны. Алкаголь – бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Алкаголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкаголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Ішімдік адам өмірінде туындаған проблеманы уақытша ғана шешеді. Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен15-20 жасқа төмен. Жас организм өсіп, жетіліп келе жатқан кезеңіндеалкагольді ішумен байланысты қауіпке ұрынуға бейім тұрады. Оны тұрақты пайдалану – салынып ішуге ұрындырады.
Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі түтінінде 30-дан астам улы заттар бар (никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы). Темекіден ауаға 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 550 мың тоннадай иісті газ тарайды. Шылым шегудің зияны өте көп. Ол – нағыз нашақорлық. Көпшіліктің соған мән бере бермейтіндігі аса қауіпті.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегуден 4 млн адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекіні шегеді екен.
Оқушылардың жеңіл жүрісті жастар туралы КВН-і. Абдіжамилов Ақылбектің осы тақырыптағы шығармашылық жұмысы
ІV. Пікір-талас.
1-оқушы.
Алкаголь ем бе? Әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма? Жоқ. Бұл пікірді тартушылар көбіне-көп арақ зауытының иелері. Олар өз өнімдерін көбірек таратып, пайдаға батуды көздейді. Ал шындығына келгенде, арақ ішушінің инфаркт алуы аз ұшыраспайды. Бұл ішілген алкагольдің белгілі бір бөлігінің денеден шығу реакциясы кезінде қан қысымының жоғарылауынан тамыр кеңейеді. Тамыр терілерінің кеңеюі жасушалардың оттегі алуын күрт кемітіп , мұның өзі тамырдың бітелу қаупін күшейтеді.
2-оқушы:
Алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазанның қорытылуына көмектеседі ме? Зерттеу барысында арақтың асқазанға пайдасын былай жиыстырып қойып, қайта қорытылуын кешіктіріп, ұзаққа соза түсетінін көрсетеді. Себебі алкоголь өзекті өртейді, гидрохлория қышқылы күшейіп, ас қорытуға кері әсер етеді. Ал, мұндай жағдайда адамның тәбеті ашыла ма, жегені оңайлықпен сіңе ме? Алкогольдің қай түрі болсын қанша мөлшерде ішілгеніне қарамастан ас қорытуға зияннан өзге пайдасы жоқ. Бұл араққа ғана емес, шарап пен сыраға да тікелей қатысы деп қабылдаған жөн.
3-оқушы:
Алкоголь суықта тоңдырмайды дейді. Оның қаншалықты шындығы бар? Қыста аязда жаурап қалмас үшін бой қыздыруға деп сілтеп алатындардың сылтауы да құр әурешілік. Арақ дене қызуын жоғарылатпақ тұрмақ, керісінше сол бар қызудың өзін түсіріп алуға ықпал етеді. Арақ ішкенде қан тамырларының кеңейтіні туралы айтылады. Ол дене қызуының жоғарылауына емес, қайтуына себепші. Мас адамның өзін-өзі сезінуі әлсіреуінен жаурағанын сезінбей, түптің түбінде аязда үсіп, серейіп қатып қалуы да кездесіп тұратыны ақиқат қой.
Қорытынды жасау.
ЖИТС-тің алдын алу шаралары: бір рет пайдалануға арналған шприцтерді, стерильденген медициналық инструменттерді қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу.
Бекіту сұрағы.
ЖИТС ауруының негізгі себептерінің бірі – өнегесіз тәрбие, жеңілтек жүріс-тұрыс. Бұл деген не? Өлімге себепші осы аурудан қалай сақтануға болады?
Кім жылдам? спорттық сайыс
"Кім
жылдам?" спорттық
сайысының өтілу барысы:
Сайыстың
мақсаты:Оқушыларды
бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге,
ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке
жаттықтыру
Құрметті ұстаздар,
оқушылар! Бүгін сіздер бірлестік
мүшелерінің арасында өтетін «Кім
жылдам?»спорттық сайысын тамашалауға
жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты
бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош
келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып
отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер
деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап
отырсаңыз спорттық бөлімдерін
Ендігі
кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен
таныс болыңыздар!
1. Топтарды
ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2
бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жарысайық
бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып
сайысқа түседі.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты,
кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар
жеке
сайысады.
4. Қорытынды.
Жеңімпаздарды анықтау. Топтарды
марапаттау.
Қазылар алқасымен
таныс болайық.
1. Аудандық оқушылар
үйінің басшысы – Н. Наурызбаева
2.
Оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
– И. Әбдібекова
3. Оқушылар үйінің
әдіскері – А. Әбдіреева
Енді топтарды
ортаға шақырамыз.
1. «Болашақ»бірлестігінен
құралған «Балауса» тобы
2. «Сәндік
қолданбалы өнер»бірлестігінен құралған
«Достық»тобы
3. «Дарын» бірлестігінен
құралған «Жасұлан»тобы
4. «Өнер»
бірлестігінен құралған
«Тұлпар»тобы
Сайысымыздың
басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын
таныстырады.
І бөлім «Жарысайық
бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып
сайысқа түседі.
1 - ойын «Допты
шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан
6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады.
Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады.
Жүргізушінің берген белгісі бойынша
топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына
лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың
соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп
тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты
келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша
ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ
басшысы шеңберге қайта келгенде ойын
аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын
келген топ жеңіске жетеді.
2 - ойын
«Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре
сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық
сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар
допты сызыққа дейін домалатып тура
сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 -
ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да
өзі саптың артына барып тұрады. Ойын
осылай жалғасады. Топ басшы соңғы
ойыншыдан допты алған мезгілде ойын
аяқталады.
3 - ойын «Кім
шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау
салынып, бірінің артына бірі лек түзеп,
сапта тұрады. Белгі бойынша 1 - ойыншы
шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан
айналып 2 - ойыншыға қолын тигізеді. ойын
осылай жалғасады.
4 - ойын «Картобыңды
егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың
алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша
сызылған 10 кішкене шеңбер және топ
басшының қолында дорбада 10 картоп
болады. белгі бойынша топбасшылар
картопты шеңберге отырғызады да шапшаң
жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді.
Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді.
Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны
соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын
аяқталады.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты,
кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар
жеке
Сайысады
1 - тапсырма «Секіргіш
жіппен көзді байлап 25 рет секіру»
Әр
топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен
көзді байлап 25 рет секіреді. Егер ойыншы
қателессе секіру тоқтатылады. 5рет
секірсе - 1ұпай, 10рет секірсе - 2 ұпай т.
с. с. ұпай беріледі.
2 - тапсырма
«Секіргішпен жұптасып 30 секунд секіру»
2
- ойыншы жұптасып секіргіш жіппен 30 сек.
секіруі керек. Алдыңғы ойыншы секіргіш
жіпті айналдырады да, артқы ойыншы оның
иығынан ұстауы керек. Ойыншылар 10 рет
секірсе 1 - ұпай, 20рет секірсе 2 - ұпай т.
с. с.
3 - тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға
бутылка қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан
шығып, бутылкаға саусағын салып 10рет
айналады да болған соң бутылканы топ
басшыға тапсырады. Кім бірінші болып
тапсырса 5 ұпай, 2 - ге 4ұпай, 3 - ге 3ұпай
т. с. с.
4 - тапсырма «Би байқауы»
Топтар
алдын – ала дайындаған ырғақты би түрін
көпшілік назарына ұсынады. Бишілер
құрамы 4 - ойыншыдан кем болмауы керек.
Ең үздік деп танылған биге 5 ұпай т. с. с
ұпай беріледі.
Сайысты
қорытындылау.
Төрешілер алқасының
шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып,
арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты
төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені
дұрыс.
1. «Ең үздік»топ басшы
2. «Ең
үздік»ойыншы
3. «Ең жақсы спорт киімі»
Тақырыбы: Оқу инемен құдық қазғандай.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)
Кіріспе сөз
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар!Бүгінгі «Оқу мен тәрбие — егіз» атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2 бөлімнен тұрады.1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп атадым. І тоқсандағы 2 «а» класс оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы айтамын. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада» деп атадым.
І. 1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай».
І тоқсан қорытындысы. 2 «а» класс жетекшісі — Аниева А.
— Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.
ІІ. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада».
— Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге қояр 1 сұрағым бар.
Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?
(әр ата-ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)
ІІІ. «Ассоциация» жазу
Сіздер әр отбастарыңыздың ұйытқысыздарысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?
(үш топқа бірдей)
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
І топ. Мұқанова Т. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.
ІІ топ. Тулегенова Н. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.
ІІІ топ. Баймаханова Т.Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады.
IV. Педагогикалық ойын
— Балаңыз сізді қуантқанда немесе ренжіткенде қандай сөз айтасыз?
Мақтау |
Ұрсу |
|
|
(Әр ата-ана өз баласына мақтау немесе ұрысқанда айтатын өз сөздерін жазады.)
Түйін сөз:
— Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.
— Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.
V. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»
І топ
1)
Егер баланы үнемі сынап отырса …………
(оқуға
құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе
…………………………..
(бұйығы болып
өседі)
2) Баланы қолдап отырса
………………………
(білімге деген ынтасы
артады)
ІІ топ
1)
Баланы қолдап отырса …………………
(өз
ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте
өссе ……………………………
(адал болып
жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда
өссе …………………………
(ол адамға
сеніммен қарайды)
ІІІ топ
1)
Бала кекшілдікте өссе ………………………..
(ол
қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта
өссе …………………………………….
(әділ
болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте
және сүйіспеншлікте өссе ……………………
(бұл
әлемнен махаббат табуға үйретеді)
(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)
VI. «Біздің жанұя»
Қоғамда жанұяның 4 типі болады екен. Жиналысқа қатысып отырған әр отбасының мүшелері өз отбастарыңызды қай типке жатқызасыздар?
Әмірлі (авторитарлық)
Демократиялық (егемендік)
Бетімен жіберушілік
Рақымшыл жанұя
Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.
Рефлексия парағы
Қай типті таңдадыңыз? |
Өзгерткіңіз келе ме? |
Кімнің көмегі қажет? |
1
|
Иә |
1) Отбасы мүшелерінің 4)Тағы кім? |
Жоқ |
VII. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі
«Біреулер құдайдан бала тілейді». Баланы не үшін өмірге әкеледі?
(ата-ана ойы)
— Өлсем орнымды бассын, — дейді.
— Артымнан құран оқысын, — дейді
— Қартайғанда асырасын, — дейді.
Осыдан басқа бар ма?
— Сіз қалай ойлайсыз?
— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.
— Қандай білім алғанын қалайсыз?
— Сапалы білім
— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау
-Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар?
(Әр ата-ана өз талаптарын жазған соң,тақтада көктем бейнесі шығады. )
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Қорытынды
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.
Мен және мені қоршаған орта.
Кіріспе: Бізді қоршаған орта туралы туралы ұғымдарды сендер 4 –сыныпта Дүниетану сабағынан оқып үйрендіңдер . Табиғат туралы не білесіңдер? Табиғатты қорғау керек, оның әрбір бөлшегіне аяушылықпен қарау керек, қазба байлықтарын үнемдеу, экологиялық апаттарға ұшыратпау,Ауасы, суы,жасыл –желеңін, жан – жануарын дұрыс қарауды үйренуіміз керек. Сонда сендер өз отандарыңа берілген, адамгершіліктерің қалыптасқан азамат болып өсетіндеріңе Ата –аналарың тіпті мұғалімдерің қуанып жүретін болады. Сендерге үйден «Табиғат» тақырыбына шығарма жазып келуге тапсырылған Қанеки шығармаларыңды маған жинап беріңдер.
Бастаушы Құрметті оқушылар бүгін біз «Мен және мені қоршаған орта » атты тәрбие сабағын бастаймыз.Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өзін қоршаған ортада өмір сүреді. Қазір барша адамзат қауымы XXI-ғасырға аяқ басқан тұста бүкіл дүние жүзін елеңдеткен жағдай табиғаттағы дағдарыс. Күні кеше ғана өзінің тәуелсіздігін жариялап, бүгін терезесі тең елдердің қатарына қосылу үшін ерінбей тер төгіп жатқан, жас тәуелсіз Республикамызда табиғаттың тепе-теңдігі, бүгінгі жағдайы басты орында түр, өйткені:
Қазір біздің Республикамыз атмосфераның ластануы бойынша бүкіл дүние жүзінде алдыңғы орынға шығып отыр.
Арал теңізі мен Балқаш көлі суларының тартылып табиғатқа үлкен зиянын тигізуде.
Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар
Семей өңіріндегі болған ядролық жарылыстан әлі күнге зардап шегудеміз.
Бастаушы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде , табиғатты таза , көркем,мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілді.
1 бастаушы
Қымбатты, өнер-білім сүйгіш жас достар! Біз қазірден бастап өзіміз өмір сүрген ортамызды,таза қалпына келтіруге ат салысуымыз керек.
Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың-жер, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызда,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас, әр ұрпаққа шуған жер.
Не берсе де беретіні қарызға.
(Х. Ерғалиев)
2Бастаушы
Тіршілікті қорғауға біз жарасақ,
Қорық жасап, егін егіп, қала сап.
О, адамзат, космостық дәуірің
Талап етер сенен биік парасат.
(Н.Исабеков)
1) Бастаушы Табиғатқа қомқорлық жасау -әрбір адамзаттың абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың.
Ол – анаң ғой, ал сен-кенже ұлысың:
(М.Мақатаев)
2) Бастаушы II. 1) Оқушылар сендер Қарабұлақ ауылындағы экологияны бұзатын жағдайларды атаңдаршы?
Дұрыс жауабы:
Жауап әр түрлі болуы мүмкін
1)Ауылда машинаның көбеюі.
2) Зауыттан шыққан балық қалдығының ауылға жақын төгілуі.
3)Жазды күні жаңбыр жаумаған кезде шаң басуы.
4) Ағашының ауылда аз болуы
1)Бастаушы 1) Неліктен көктемде ағаш талдарын ақтайды немесе ағартады?
Жауабы : Тал –теректерді күннен түскен сәулені кері қайтарып күйіп кетуден ,құрғаудан сақтайды .
2) Ауаны тазалаушылар нелер?
Жауабы: Ағаштар әсіресе жеміс бермейтін ағаштар ауа тазалайды.
3) Экологиялық жағдайды қалпына келтіруге қандай көмек жасар едіңдер?
Мысалы : мектепте, үйде, көшеде?
3- тур.
2бастаушы
Туған өлкеміздің тамаша табиғатының бір байлығы .
“ Көгілдір қазына” деп аталатын өзен мен көлдер. Олар адамның көңіліне нұр, жүрегіне жыр, сезіміне гул сыйлаған береке бастауы болып саналады.Халқымыздың суға байланысты айтылған қаншама нақыл сөздері бар десеңізші !
Су бар жерде өмір бар
Сусыз өмір тұзсыз аспен тең
Су-атасы, жер-анасы.
Су табиғаттың ажары;
Су — дүниенің басы
Сулы жер – нұрлы жер,
Судың да сұрауы бар,
Өзен жағалағанның өзегі талмас;
Өрісіне қарап мал өсер;
Өзеніне қарап тал өсер,
Өзің ішетін суға өлген тастама.
1 бастаушы
Қандай ғажап кереметті табиғат,
Уа , бауырым пейіл қойшы пайымдап,
Игілігің –көкше көлдер, өзендер,
Сеңгір таулар,гүлді орман, қайың бақ.
Сұрақ. 1) Оқушылар суға, табиғатқа байланысты қандай өлеңдер білсеңдер?
1 бастаушы
Оқушылар енді біз тапсырма орындайық
1 тапсырма
Тамылжыған жайма шуақ жаздың күндерінің бірі. Кешқұрым. Қаланың көпшілік демалыс орны . Анадай жерде 3 жасөспірім орындықта отыр. Олар қызу әңгіме үстінде Келешекте не болмақ? Болашаққа көз жүгіртеді.
Бұдан 100-50 жыл өткеннен кейін келешекте өмір жақсартады;тағы да адам еңбегін жеңілдететін машиналарп мен түрлі механизмдер, қондырғылар шығарылып, 21 ғасыр кибернетика заманы болмақ; газбен, сұйықтьықпен жүретін машиналар, паравоз, автобус, тепловоздардың орнына трамвай, тралейбус, күн энергиясымен жұмыс істейтін күн машиналары келеді; Ауа мөп – мөлдір шаң тозаңсыз болады ;Айнала түгел жарқырап, көшелер қолдан соққандай тегістеліп асфальт төселіп, үйдегі, түздегі барлық жұмыстарды машина – роботтар атқаратын болады. Осылайша ұзақ әңгімелесіп 3 дос күннің ауғанын да байқамай қалыпты, орындарынан тұрып, үйлеріне тарасты. Бұлар кеткеннен кейін олар отырған орындыққа бір де бір адам отырмайды. Өйткені олар отырған орындықтың төңерегінен не керек, бәрін кездестіруге де болар еді: Шекілдеуік қабығы, сағыз бен әр түрлі тәттінің қораптары мен қағаздары жатты.
Сұрақ: Сендер 3 жасөспірімдердің істеріне қалай қарайсыңдар?Оларға не айтар едіңдер,Өздерің оқып білім алып жатқан мектептің іші – сырты таза болу үшін қандай шара қолданатын едіңдер?
2 бастаушы.
Көрермендермен ойын. жұмбақ шешу.
Жауабын тапқан оқушы сыйлыққа ие болады .
Бар-жоғы білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(Ауа)
Түнеріп келіп
Бұлт егіп кетеді.
(Жаңбыр)
Үстінде орманы,
Суы бар
Сені де мені де
Көтерген алыпты тауып ал.
(Жер)
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(Күн)
Сұлудың сұлуы
Бойында жоқ жылуы.
(Ай)
Дүниенің жүзінде
Жүйріктердің түрі көп
Бірақ соның ішінде
Одан озар жүйрік жоқ
Өгіз,есек,түйеңіз,
Ілеспейді шаңына
Ат дегенді білеміз
Жолай алмас маңына
Қос қанатты тұлпарың,
Ілесе алмас шабысқа
Болат топшы сұңқарың
Шыдай алмас алысқа
Сағатына шамамен
Алады ол қырық бес
Қаһарынан, қара, сен
Қандай жүйрік үрікпес?
(Пойыз)
Шаңға толған тамағы
Қоқыр-соқыр тамағы.
1 бастаушы
Оқушылар табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз. Бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керсінше оларды уқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.
Заңды көрсетілгендей сендерзаңды сақтауға міндеттісіңдер:
Табиғаттың таза сақтауға
Табиғаттың мол қазынасын сақтауға
Табиғаттың көркемділігін сақтауға
Табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жасау. болашақ ұрпақтарыңа жасаған аманаттарың болсын.
"ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ" ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тәрбие
сағатының мақсаты:
Оқушылардың
жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының
кепілдігі - тиімді және үйлесімді
тамақтану болып саналатынын, «Салауатты
өмір салтының» анықтамасын ата –
аналармен, мектеп дәрігерімен,
аспазшылармен бірлесе отырып
тұжырымдау;
Міндеттері:
Оқушылардың
дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;
-
Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
-
Тамақтану тәртібін, тамақтану
мәдениетін;
- «Салауатты өмір»
салтына қатысты негіздеулерді
тұжырымдау,ортақ ой түю.
Қолданылатын
көрнекіліктер:
-
Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы
;
- Кеңестер слайдтар арқылы;
-
Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы
слайдты презентациялар;
- Көкөністер
мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;
-
Жарнамалар;
- Кинофильм «Саламатты
Қазақстан» 2011 -2015 денсаулық бағдарламасы
-
Кинофильм «Әдемілік және диета»
-
Слайдты презентациялар «Адам ағзасына
фаст -фудтың зияны»
Мұғалім:
-
Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты
өмір салтының » қағидалары мен тиімді
әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа
пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.
Дұрыс тамақтану
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.
Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.
Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.
Дұрыс тамақтану ережелері:
· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.
· тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.
· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Бекіту
•
Балалар біз бүгін қандай тақырыппен
таныстық
• Мына заттардың ішінен
жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
•
Мына заттардың ішінен өсімдік тектес.
Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар
күніне неше рет тамақтану қажет?
•
Дастархан басында қалай отыруымыз
керек?
• Тамақты қалай жеу керек?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген