|
Ортасы
(20
минут)
|
https://youtu.be/1HTdIVSJ1vE?si=VlvVPhno2ZH6eNSh
https://youtu.be/Lzp_w1kTexU?si=EZGM9BQUjWITHHya


Туған жылы: Рақымжан
Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. ·
Соғыс жылдары: 1941 жылы соғыс басталғанда Қошқарбаев жас сарбаз
ретінде майданға аттанады. Ол 150-ші атқыштар дивизиясының
құрамында Берлинге дейінгі шайқастарға қатысып, 1945 жылы 30
сәуірде Рейхстаг ғимаратына ту тіккен. · Ерлігі: Рақымжан
Қошқарбаев және оның жауынгер серігі Григорий Булатов Берлинді азат
ету кезінде Рейхстагқа жетіп, фашистік Германияның басты символы
саналатын ғимараттың үстіне Қызыл Туды тігеді. Бұл оқиға Кеңес
Одағының жеңісінің нышаны болып қалды. · Соғыстан кейінгі өмірі:
Соғыстан кейін Рақымжан Қошқарбаев бейбіт өмірге оралып, елдің
дамуына үлес қосты. Ол түрлі жауапты қызметтер атқарып, халық
арасында үлкен құрметке ие болды. Видео көрсетілім Рақымжан
Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы деректі фильмнен үзінді
көрсетіледі.
-
Рақымжан Қошқарбаевтың
ерлігі туралы не білдіңдер?
-
Отан үшін күресудің
маңыздылығы туралы сендер қалай
ойлайсыңдар?
-
Рақымжан командирден қандай тапсырма алды?
Жаудың соғысты бастаған үйі – Рейхстагқа Жеңіс туын тігуді
тапсырды.
-
Командир Рақымжанды неге таңдады? —
Рақымжанның ер жүректілігін, батырлығын, істерін бұрын көреген,
оған істей алады деп сенді.
-
Политрук Васильченко неге көзіне жас алды?
— Ол өз баласындай жақсы көреді, өз әкесімен қоштасқандай
болды.
-
Тапсырма қалай орындалды? — Өте қиын
болды, әрбір минут, әрбір сағат санаулы болды, ойдағыдай жақсы
орындалды.
-
Туды
Рақымжаннан басқа кім тігісті? — Григорий
Булатов.
-
Жауынгерлер “ уралап ” жауып тұрған оққа қарамастан неге
алға жүгірді. — Ту желбіреп тұрғасын оларға күш берді , “ Біз
жеңдік, олар жеңілді”, — деді.
-
Жеңіс туы қашан тігілді? — 1945 жылы, 30
сәуір. 6 сағ. 30 мин.
|
Р.Қошқарбаев туралы
видео материал көреді
Р.Қошқарбаев туралы
деректермен танысады
|
|
|
|
Соңы
(10
минут)
|
Қауіпсіздік сабағы «Судағы жазатайым
оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздік
қағидалары»
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан
қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік
шараларын қатаң
сақтау.
I. Суда
шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы
жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп
алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден
шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер
мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді
шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден
таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан
тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің,
буйлардың және басқалардың үстіне шығушы
болмаңыздар.
II. Көлдерде,
тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың
қауіптері Өзендер мен көлдерде, тоғандарда,
тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі
инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183
тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45
тәулікке дейін өмір
сүреді.
III. Аяқ-қол
тырысуы (судорога) болғанда сіздің
іс-әрекетіңіз Суық суда шомылу
қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді
тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық
сақтаңыз.
- Қолыңыздың саусақтары тырысып
қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе
лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен
аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз,
немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға
иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
- Тырысу қойысымен тынығып алып,
жүзудің басқа әдісімен жағаға
шығыңыз.
|
|
|
|