«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және
«Жеңістің 70 жылдығына» арналған тәрбие
сағаты.
Кабинет мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген. Көңілді әуенмен
қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балалар
көтеріңкі көңіл-күйде отырады.
Жүргізуші:
Құрметті асқар таудай әкелер,арқа
сүйер аталар және де біздің кішкентай ұландар!
Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойымен
және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға
мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,
бірлік,береке тілейміз.
Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын
айтады.
Б.Диана:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Арай:Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
Наргиз:Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әкпеміз деп жүреді.
Айым:Даламыздың
даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Ән: «Қазақ
сарбаздары».
Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк
есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста
ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда
мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше
осы
батырларымыздың құрметіне ән
орындаймыз.
Жүргізуші: Ертеңгі күнде әскери борыштарыңды өтеп келіп, бүгінде
Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыңдар. Мейрамдарың құтты
болсын Отан қорғаушылар!
Қыздардың орындауында
би
Аружан:Арыстан батыр – атымыз,
Қыран құс құмай – затымыз.
Жауынгер жалын жасақтың,
Арқалы азаматымыз.
Аяжан:Асу бермес шын,құздармыз,
Жауларға қаһар,ызғармыз.
Қатер кеп төнсе халқыма,
Қалқаны болар біз бармыз.
Айсулу:Отаным,кең далам
орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың,шаттықтың мекені
Қолдаймын,қорғаймын ордамды.
Жангүл:Нұр шашады алтын
күн
Отанымда мереке!
Қона берсін еліме,
Бақыт,шаттық береке!
Гүлназ:Қызмет етіп
Отанға
Бола білсең нағыз ер.
Мақтан тұтар ерлерді,
Туған елің,туған жер.
Балжан:Отаным анамдай
көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
Нурай: Отан -біздің
үйіміз
Отан біздің жырымыз,
Отан біздің бақшамыз,
Құлпыртатын гүліміз.
Жанерке:
Аяулым:
Барлығы:Біз Отанның ұланымыз,Біз Отанның
қыранымыз.
Ойын: «Күш сынаспақ»
Викториналық сұрақтар: (балаларға арналған)
1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)
5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
6. Ұшқыш шекарада тұра ма? (Жоқ)
7. Ол құстан биік ұша ма? (Иә)
8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)
9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме?
(Иә)
Жүргізуші:Асқақ ән көңілді
тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күні және Отан қорғаушылар
күніне арналған мерекелік тәрбие сағатын
аяқтаймыз.