Тәрбие сағаты 8 наурыз мейрамы 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты 8 наурыз мейрамы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет. Жыл сайын Халықаралық Әйелдер күні яғни сегізінші наурыз мейрамы тойланады. Бұл мейрамда оқушылар өздерінің аналарын, әжелерін құттықтап, сыныпта мерекелік концерт ұйымдастырады, сыйлық жасайды. Менің ойымша, әр сынып жетекшісі сыныптағы ата аналарымен үнемі тығыз байланыста жұмыс жасау қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған!

Мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ресурстар: нақыл сөздер, ашық хаттар, сыйлықтар, түсті қағаздар, жағдаяттар, презентация.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал. Тренинг «Жылы сөз, жақсы тілек». Аналар өздеріңе ұнайтын түсті таңдап алады да, жазылған сөзбен тілек айтады. Төрт топқа бөлінеді.

Кіріспе \ мұғалімнің сөзі\

Аналардың қоғам өмірінде алатын орны да алабөтен. Ана перзент тәрбиелеуші, ана қызметкер! Сондықтан да болар, әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады, қолынан келгенше мәпелейді. Әйел ана адамы анасына сый құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, композитор ән, күй шығарады. Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копагагенде социалист әйелдердің халықаралық 2- конференциясында әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтеріпті. Содан кейін де, 1913 жылы Германияда, Австрияда, Швейцарияда және Данияда, Петерборда, содан Қазақстанымызда да мерекеленетін болды.

Барша әйел аналар мейрамы құт қуаныш әкелсін!

Бастадым сөзімді ана деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен,

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Ана баласының ержетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту, таралғанын керегі жоқ. Бүгінгі ән жырымыз сіздерге арналады, аяулы аналар!

1«А» сынып оқушылары өз өлеңдерін оқиды.

Нұрхат:

Армысың, ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

Уәлихан:

Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел аналардың дәстүрлі мерекесі наурыз да ару ауылымызға келіп жетті.




Өздеріңізді анадай шуақты құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!

«Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекетіміздің құт берекесі. Әйел ана, отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Ән: «Анашым» 4 “А» сынып оқушысы Ботагөз орындайды

Ойын: «Ыстық орындық»

2 “А» сынып оқушылары өлең оқиды.

Жұмбақ шешу.

Нұрхат:

Күнде той бола бермес, дәл осындай

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай

Өмірде саған жақын адам болмас

Төрт бөлген түн ұйқысын анашымдай!

Топпен жұмыс: \жағдаяттарды шешу\

Бірінші топ: Сіздің балаңыз сабақтан екі алып келді. Сіздің әрекетіңіз?

Екінші топ: Балаңыз мектептің терезесін сындырып, сізді мектепке шақырды. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

Үшінші топ: Сынып болып эскурсияға бару керек. Сіздің жолдасыңыз балаңызды жібермейді. Сіз оны қалай көндіресіз?

Төртінші топ: Мектептегі ата аналар жиналысы мен бір туыстарыныздың тойы бір уақытқа келді. Сіз қайсысын таңдайсыз? Неге ?

1«А» сынып ұлдары қалпақпен би билейді.

Сергіту сәті: «Бони- бони»

2«А» сынып оқушылары «Көңілді күн» атты ән айтады.

4 «А» сынып оқушылары өлең оқиды.

Уәлихан:

Анам менің жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңа асыр салып ойнаған,

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар бақытты жалғыз маған сыйлаған.

Ал енді құрметті аналар балалар өздері жасаған сыйлықтарыңды сіздерге табыс етеді. Қабыл алыңыз!

Слайдшоу: «Сыйлық»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
2054
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі