жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты. 8 сынып. "Ана асыл, қымбат жан"
(8- Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған сынып сағаты)
Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакат. Барысы
1. Құрметті- асыл аналар,
Қырмызы қызғалдақ- қыздар!
2. Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Слайд видео 8 наурыз аналарға арналған
Ана
әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,
жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ
сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша
айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол
дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы
тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге
келтіріп қана қоймайды, оны көзінің
қарашығындай қорғап, аялап өсіріп
аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа
ашқан баланың бойына елінің рухын
сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана
баланың амандығын бақытты, абыройлы
болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы
қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Қайран ана, өз перзентін әдемі не
ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді
не рақымсыз, кесір-қырсық болса да
бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың
көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы
басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың
көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда
«Ананың көңілі-балада, баланың көңілі
-далада» демекші, өзінің перзентік
борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын
сыйламайтын адамдарды да өмірден
кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің
гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз
емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын
ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды
сыйлап, құрметтейікші достар!
Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің
сыныптың қыздары! 8-наурыз Халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,
өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні
өздеріңізге бағытталған тілектер
періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым
мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Аналарға арналған жыр шумақтарына кезек берсек.
Видео ана туралы ролик. Айдана мен Аяулым өлең оқиды
"Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңдағын,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені –
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң
үшін ең жақсы сөз дүниеде - ол, сенің
есімің!..
Асыл
анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз
басып жүре алам ба жер бетін?
Бір
қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір
қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана,
жаным, жүре берші қасымда,
Сен
өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез
маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың:
«Құлыным-ау, жасыма!».
Оқушылардың
сіздерге арнаған өнерін тамашалаңыздар.
1. Қыздар. Слайд ана (көрсету)
2.Ұлдар
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
1.
Мәпелеп
мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана
деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2.
Аялаған
анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің
саған тілегім
Қартаймашы анашым
3.
Теңдесі
жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман болшы анашым
4.
Бәріңіз
де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты
болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
5.
Еркелеттің
асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман
болшы ардақты анам
Мен әрқашан
қасыңдамын.
Енді, аяулы асыл аналарымызбен ойын ойнайық. Ойынның шарты:
Ана мен бала балалардың әндерін фонограммамен ән айтуды ұсынады. Бірақ кейде фонограмманы орындау кезінде дауыстап кетеді, ал аналар ән айтуды жалғастырады, себебі олар үшін ең бастысы-сәтсіз. Біраз уақыттан кейін фонограмма қайтадан қосылады және анық болады, қатысушы тапсырманы орындады немесе жоқ. Әнші ана
«Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!»дипломымен марапатталады
1.Әдепті бала — арлы бала
…(Әдепсіз бала –сорлы бала).
2.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
…(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).
3.Ат жаманы жолда қалдырар,
…(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).
4.Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
…(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).
.5.
Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2.
Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3.
Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі
алтын)
4.
Атаңның
баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5.
Көп жасаған білмейді....../көп көрген
біледі/
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/
9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/
10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/
Слайд қыздарға арналған
Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау.
Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана»дипломына ие болады.
27
* 36= 63 63 * 27= 36
35
* 49= 84 84 * 34= 40
64
* 16= 48 80 * 20= 100
81
* 51= 30 89 * 19= 70.
1.
Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда
үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға
барды? (1)
2.
Егер Т дан бастасаң санмын
Т
ны алып тастасаң жаумын ( төрт – өрт
)
3.
5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан
кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 )
4.
2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр
қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
5.
1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
(тең)
6.
Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24
сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы
мүмкін бе? ( жоқ )
Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Биле, биле!»ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топ жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!» дипломымен марапатталады
Қорытынды:
Күннің
нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен
нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын,
қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы
алақанын аңсап тұрады. Сондықтан
бәрімізде ананың алдында қарыздармыз,
ананың махаббатына алдында бас
иеміз.
Осымен «Ана асыл,қымбат жан»
атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын
ниетімізбен алғыз айтамыз.Көп көп рахмет
келгендеріңізге

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген