400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ойынқұмарлық: Лудомания " тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні

09.12. 2024ж.

Сыныпжетекші:

Құрманалина А

Сынып: 9

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ойынқұмарлық. Лудомания»

Қауіпсіздік сабағы «Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді?» (10 минут)

Сабақтың мақсаты

Жасөспірімдер арасында соңғы кезде белең алған лудомания дертінен сақтандыру;

Ойынның бар кемшілігі мен кері әсерін түсіндіру. Оқушылардың құмар ойындардан аулақ болуын қамтамасыз ету;

Саналы, жауапты және өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал ету

Құндылық

Бірлік пен ынтымақ айы

Апта дәйексөзі

«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

(5мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдеседі, түгендейді. Психологиялық ахуал қалыптастырады.

«Арқаға жазылған комплименттер»

Әнұран орындау

Дәйек сөз: «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» (дәйек сөз мәнін ашу)

Оқушылар мұғаліммен амандасады

Оқушылар арқасына жапсырылған қағазға сынып ішін аралап жүріп бірі бірін жылы сөздрмен мақтайды

Оқушылар пікір алмасады







А4 парақтары

Сабақ

басы (10мин)







Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ой шақыру» әдісі

«Лудомания» ол не екенін білесіз бе?

Лудомания (құмар ойындар, ойынға тәуелділік) – бұл әртүрлі құмар ойындарға (Ойын автоматтары, нақты және онлайн-казино және т.б.) адамның бақылаусыз патологиялық тәуелділігі.

Ойынға тәуелділік- бұл бейне ойындар мен компьютерлік ойындарға деген құмарлықтан көрінетін психологиялық тәуелділіктің бір түрі.


«Бейнеролик» көрсетіледі.

Сұраққа жауап береді. Ой пікірілерін білдіреді.

-ойынқұмарлық

- тәуелділік

-қызығушылық

- дерт

- ойынға әуестену т.б жауаптар ұсынады



Көрсетілім бойынша ой бөліседі.




суреттер





Ортасы (15мин)


Жаңа экономикалық жол біздің елімізді өмір сүру жағдайының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар жаңа психологиялық тәуелділіктің пайда болуына алып келді. Кейбір ойын автоматтары немесе лотереялар құлазуды басу үшін ойын-сауық орталығы зиянсыз құрал болып көрінеді. Алайда соңғы уақытта адамдар ойынға жаппай тәуелді бола бастады. Ойынға деген құштарлық - бұл ойын деп аталатын психологиялық тәуелділік.Ойын, сондай-ақ, ойын тәуелділігі, құмар ойындарға, эмоционалдық бұзылуларға және олардың негізінде туындаған депрессивті жағдайға бақыланбайтын психологиялық тәуелділікпен сипатталатын кең таралған ауыр жағдай болып табылады.

«Көрініс» қойылым



Топтық жұмыс. «Карусель» әдісі

І топқа: Ойынқұмарлықтың белгілері мен салдары:

Артық ақша жұмсау, қарызға кіру

Отбасылық қатынастардың бұзылуы

Достар мен қоғамнан алыстау

Депрессия, стресс, алаңдаушылықтың күшеюі

Денсаулыққа зиан: жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамырларының проблемлары

Адамның жеке дамуындағы тоқырау

ІІ топқа: Ойынқұмарлықтың алдын алу жолдары:

Ойындардан уақытты шектеу

Басқа қызықты, пайдалы іс-шаралармен айналысу

Отбасымен, достармен уақыт өткізу

Психологпен немесе кеңесшімен сөйлесу

Ата-аналарға тапсырмалар:

Отбасыңызбен бос уақытты қалай пайдалы өткізуге болады? Үш мысал айтыңыз.

Бір минут ішінде балаңызды лудоманиядан алыс ұстайтын 3 әрекетті атаңыз.

"Бақытты болашақ" тақырыбында бір сөйлем ойластырыңыз.

Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған тақырып бойынша

«Ой түйін»

Ә.Айгерім: Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды.



Ақсымбат: Ата-бабамыз «Ойынға ойсыз құмар» деп дөп басып айтқан. Бабалар тарихына үңілсек, құмар ойнау деген ұғым қазақ танымында болған емес. Отбасының берекесін қашырып, азғындыққа апаратын бұл індеттен әр адам өз құмарлығын тыя білгені дұрыс. Құмар ойынға салыну өз өміріңді құрдымға жіберу деген сөз. Сондықтан өз өміріңіз өз қолыңызда екенін біле жүрейік.




















Сахналық көрініс көрсетеді.



Топтар бір-біріне қарай жылжып әрбір жаңа жерде ойынқұмарлықтың белгілері мен салдарын, алдын алу жолдарын талқылайды.

Бұл әдіс арқылы бір бірінің пікірлерін тыңдап, өздерінің көз қарастарын кеңейтеді.















Айгерім Ш: Құмар ойынның зардабы елдің алға қарай дамуына, ұлттың берік , мықты болуына , адамның ой-санасына, ақыл-есіне кері әсерін тигізіп жатыр. Азартты ойындардың тозағына түсіп қалмаудың әрекетін жасайықІ

Гүлім: Лудомания — адамның ойында немесе құмар ойындарында артық уақыт өткізу, ойындар арқылы өмірін басқаруға тырысу. Бұл — психологиялық тәуелділік. Бұндай тәуелділік бізге керек емес.

Көркем: Ойындар — қызықты, бірақ өмірде маңызды нәрселер көп. Ойынқұмарлықты болдырмау үшін әрқашан өмірімізге жауапкершілікпен қарайық






















А4 парақтары, маркер




10 мин

Қауіпсіздік сабағы


4 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРҒА ДЕГЕН СЕНІМ ӨМІРДЕ МАҢЫЗДЫ

ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?»


Сабақтың мақсаты: ата-аналарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу, кіші және қарттарға, айналасындағыларға қамқорлық жасау, басқалардың еңбегін құрметтеу, табиғатқа, мүлікке ұқыпты қарау және т.б.

Негізгі міндеттер:

- ата-аналарының, ересектердің, кіші және қарттардың қамқорлығы мен назарын түсіну және бағалау қажеттілігін көрсету;

- адамның өміріндегі отбасының маңыздылығын түсінуге ықпал ету;

- балалар мен ата-аналар арасындағы отбасындағы жанжалдың себептерін анықтау;

- үлкендерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы қорытындыға келу; - барлығының тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Материалдар мен ресурстар:

- Жасөспірімдер өміріндегі ата-аналардың ролі туралы бейне.

- Сенімді нығайту бойынша ұсыныстары бар үлестірме материалдар.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минут)

2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Бейнені қарау:

https://youtu.be/x_rA9jD--bM?si=QgNaxiykBf5UMdm0

Балалар мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынас – бұл өзара түсіністік, құрмет пен қолдау сезіміне негізделген тығыз байланыс. Бала ата-анасына сенгенде, ол өзін қауіпсіз сезінеді және кез келген қиын жағдайда көмек сұрай алатынын біледі. Сонымен қатар сенімді қарым-қатынас балалардың тәуелсіздігін дамытады және өз-өзіне деген сенімділікті дамытады, бұл бастама көтеруге және қателесуден қорықпай шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бала өзіне сенетінін сезінуі керек. Балаға қарапайым және қауіпсіз тапсырмалар беру керек. Егер бала сәтсіздікке ұшыраса, оған бұл үшін ұрысудың қажеті жоқ. Барлық бастамаларда ата-аналар баланы қолдап, оны жиі мақтауы керек. Баланың үй шаруасына, үй жұмысына қатысуы оны жұмысқа дағдыландырады және ата-анасымен жақындастырады. Үйде бірге жұмыс істеу баланың ата-анасына деген құрметін арттырады. Ата-аналар балаға дос болуды және басқа балалармен өзін қалай ұстау керектігін үйретуі керек. Егер ата-ана балаға көмектессе, ол анасы мен әкесінің оны жақсы көретінін және әрқашан қолдайтынын біледі.

Жасөспірімдер өміріндегі ата-аналардың ролі, жағдай мысалдары.

- Талқылау: ата-аналардың кеңестері маңызды шешімдер қабылдауға қалай көмектеседі? (өмірлік тәжірибе, объективті көзқарас, қолдау және эмоционалды қолдау, салдарды талдауға көмектесу, құндылықтар туралы сөйлесу).

« Сенім жолы»

Мақсаты: Қарым-қатынастың маңыздылығын түсіну. Бір- біріне сенім арту.

Ата-анамен бала жұп болып, екі жаққа бір арқанның ұштарын ұстайды.

Бірі көзін жұмып, екіншісі оны «Сенімді көпірден» алып өтеді. (арқан ұстай отырып, сөзбен бағыттау)

3. Топтық жұмыс: Ата-аналардың кеңестері пайдалы болған өмір мысалдарын талқылау. Балалар үшін не маңызды: ата-аналардың кеңестері немесе олардың мысалы? Ең бастысы, ата-аналардың не істейтіні, олар қалай әрекет ететіні, қандай шешімдер қабылдайтыны және олардың кеңестері ғана емес.

3. Қорытынды (2 минут) Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/j0RlbvlbBuE?si=c-XLeTgcADaJw0Q5 https://youtu.be/QO-rBfC4lcY?si=rvVVWNFO9VyADjB2 https://youtu.be/j0RlbvlbBuE?si=EdExSDVi9ATiO32W

«Жүрек пен тілек» ойыны

Түрлі түсті жүрекшелер таратылады.

Ата-ана баласына, бала ата-анасына тілек жазып береді.




























































Слайд
















































Соңы

5 мин





Кері байланыс «Күндей жарқыра»


Құрметті оқушылар, бүгін біз өте маңызды әрі өзекті тақырыпты талқыладық. Лудомания – бұл тек ойын-сауық емес, ол адамның өміріне, денсаулығына, қарым-қатынасына және болашағына елеулі зиян келтіретін қауіпті әдет.


Ойынқұмарлықтың белгілері, салдары және одан сақтану жолдары туралы көптеген маңызды ақпарат алдыңыздар деп сенемін. Ең бастысы – бұл мәселенің алдын алуға болатындығын түсіндік. Әрбіріміз уақытты пайдалы әрі мағыналы өткізудің, өзімізге және жақындарымызға қамқор болудың қаншалықты маңызды екенін есте ұстауымыз керек.


Өз өмірімізге жауапкершілікпен қарап, деніміз сау, бақытты, жарқын болашаққа ұмтылайық! Назарларыңызға рахмет!

Күннің бетіндегі бұлттардағы сұрақтарға жауап беру арқылы , күннің бетін бұлттан ашады.

Жаман әдеттен аулақ болуға бағыттайтын бірнеше нақыл сөздер:


1."Таза ой мен адал іс – табыс кілті."

2."Бір күндік рахат, өмірлік өкінішке айналмасын."


3."Ақылды адам алдымен ойлайды, соңында әрекет етеді.

4."Тәртіпке бағынған -құл болмайды."

5. Өміріңді құрметте – жамандықтан аулақ бол».

6. «Жаман әдет – жанға да, тәнге де қас»

7. Өз өміріңді қадірле, ертеңіңді ойла

8. Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз!

9. Ақыл мен тәртіп – жамандықтың қалқаны

10. Бүгінгі әдет – ертеңгі тағдырың».

Күн, бұлт суреттері













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14.02.2025
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі