15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты : " Берекелі Жомар күз! "
Тақырыбы: Берекелі Жомар күз!
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.
Күз мезгілінің астық,жеміс жидек,көкіністерді жинау екенін,күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлерін түсіндіруарқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Шарлар,күз суреттер,жапырақтар
Барысы:
І Жүргізуші: Армысыздар,халайық!
Бармысыздар, халайық!
Міне,қара күз келді
Сәлем беріп алайық
ІІ Жүргізуші: Алтын арай күз келді,
Таң қалдырып біздерді.
Шақырамыз мерекеге
Мына отырған сіздерді.
І Жүргізуші: Не қасиет бар дейсің,осы күзде,
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық,ырыс әкелген осы бізге.
Талай талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына,
Қараңыз,өзі бастап кеткен жоқ па?
Отанның берекелі қамбасына деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз күз туралы,күздің кереметі туралы болмақ.Олай болса,бүгінгі «Ботақан»тобында Алтын күз мерекесіне арналған «Берекелі Жомарт күз» атты меркелік шарамызға
І-ІІ Жүргізуші бірге: Қош келдіңіздер!
ІІ Жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той
Қуаныш күні біліп қой,
Мерекеде ғажайып,
Қане қолды соғайық
Музыка ырғағымен залға балалар кіреді.
ІІ Жүргізуші: Қоңыр күз келдің бе!
Қабағың түйіліп,
Қауындар,жемістер,
қалыпты жиылып,
Сарғайып жапырақ,
Сыр тартақан өзгеден,
Суынып атырап,
Салқындық көздеген
Балалар,бүгін міне көптен күткен алтын күз мерекесі де келіп жетті. Балалар , қараңдаршы біздің айналамыз қандай әдемі. Айналамызда әр түрлі,ірі түсті жапырақтар бар.Біз қандай мейрамға келдік ?
Балалар: Алтын күз мерекесіне келдік
Ән: «Бұл қай кезде болады?»
І Жүргізуші: Иә,дұрыс айтасыңдар,олай болса,балалар мерекмізді бастайық.
Кездескен соң күзіммен,
Бұтағынан үзілген,
Ай,жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын,
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті Алтын күз!
Кемелденсін халқымыз
Найра: Күз де келді. Салқындады ептеп күн,
Жел ысқарды. Дүлей дауыл жетпек шын.
Толып қалды жапыраққа,
Кең ауласы біздің балабақшаның
Аманжан: Қуандырып біздерді
Бақшамызға күз келді.
Кел,жемісті Алтын күз!
Кемелденсін халқымыз!
ІІ Жүргізуші: Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін табындаршы.
Өрік,шие,алма,алша,
Жидек,жүзім піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы ,балалар?
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде болады.
І Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар.Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.Олай болса,ортаға ару күзді шақырайық.
Музыка ырғағымен залға ару күз кіреді.
Күз ару. Сәлем,өрен,достарым!
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қаныңдар.
Ән салыңдар,күліңдер.
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Кел,күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық
ІІ жүргізуші: Күз арқылы білеміз.
Жомарттықтың салтын біз.
Біз өзіңді сүйеміз.
Қош келдің,күз ару!Өзіңізбен бірге береке, байлық,молшылық,тоқшылық ала келдіңіз.Өте қуаныштымыз.Мерекеміздің қонағы бол.Кел,төрлет!
Күз ару: Рахмет,Сіздерге! Балалар жылдың неше мезгілі бар? Соның ішінде менде бармын.
Балалар: Жылдың төрт мезгілі бар. (Жыл мезгілдерін атайды)
Күз ару: Жарайсыңдар,балалар,олай болса күз айларын білесіңдер ме?
Балалар: Қыркүйек,қазан,қараша.
Күз ару: Бәрекелді,балалар.Олай болса мен ортаға балаларым күз айларын шақырайын.
Ортаға күз айлары келеді
Қыркүйек: Бір біріне жер аспан,
Мейірлене жарасқан,
Жүріп кетсе комбайын
Бункер толы дән дайын.
Машиналар асыққан,
Төкпей шашпай,тасып дән.
Ұстаз,шәкірт кездескен,
»Қош келіпсіз,күз! дескен»
Берекелі Алтын күз.
Ұмытпаймыз салтын біз!
Қазан: Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы дәнді етіп,
Думандатып әндетіп,
Құстар қайтып барады
Қараша: Күн суытып барады.
Күзетте отыр қойлы ауыл,
От жағатын болды ауыл,
Қарашада ауыл,қаламыз,
Қысқа дайын боламыз.
І Жүргізуші: Күз ару,балалар,байқайсыңар ма? Жаңбыр тамшылап жатқан секілді?
Балалары. Иә,жауын жауайын деп тұр.
(Осы кезде күз аспанға қарап,қолын жайып, тамшылаған жаңбырдың нөсерлеп жаууын сұрайды.)
Күз ару: Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер,көп егін,
Гүл гүл жайнап,өсер көк,
Нөсерлетсең нөсерлет.
І Жүргізуші: Балалар,тезірек,қолшатырларыңды алыңдар.күзгі жаңбыр басталды.Енді нөсерлетіп жауатын болады.
Би: «Қолшатыр»
Күз ару: Мен жүрген жерде жаңбыр жүреді,жел қасымда болады. Кейбір кезде жел қатты соғады,суық болады.
Уілдеп жел келеді.
Жел: Күз,күз мен сені іздеп жүрмін.
Күз ару: Мен балаларға әдейі жалғыз сенсіз келдім.Менің күзгі желім қатты соғады,суық болады .Сен балаларды қатты қорқытпа.
Жел: Мен қатты соқпаймын,балаларды қорқытпаймын.
Қайың,терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалтырап
Мен ағаштардың жапырақтарын жерге түсіремін. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
Балалар: сары,қызыл,жасыл.
ІІ Жүргізуші: Бір,екі,үш,төрт.
Жапырақты жина көп.
Ойын: Жапырақтарды жина.
ІІ Жүргізуші: Көкіністі көп ектік,
Өссін,піссін деп ектік,
Көктемде еккен көкініс,
Күзде берді көп өніс.
Музыка ырғағымен ортаға көкіністер келеді.
Көкініс: Жиналып қалыппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз.
Өсімдікпіз пайдалы,
Бәріміз де нәріміз
Картоп: Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Сәбіз: Өсіретін бағыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз.
Сәбіздерміз жазықсыз
Асқабақ: Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыстай сақтап қоюға.
Пияз: Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын Сіздерге,
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде.
Қырыққбат: Мақтанғанан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр: Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде,
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйіне
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген,
Дауласуды қояйық,
Өнерге енді тоқтайық
Ән: « Моншақтар»
І Жүргізуші: Мереке басы ән болар,Береке басы дән болар дейді өалөымыз! Ортаға астық дақылдарын шақырайық
Музыка ырғағымен ортаға астық дақылдары келеді.
Бидай: Нан атасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын,
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Тары: Мен қарамын,сарымын,
Мол өнімді тарымын,
Халқым еңбек сіңірсе,
Асы болам бәрінің.
Күріш: Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын,
Алсын,кемел,мол өнім.
Ала жаздай су іщтім.
Сұлы: Мен сұлымын,ұланның,
Тұлпарына ұнадым,
Баптанған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
ІІ Жүргізуші: Күз аруы біздің балаларымыздың бәрі де шеттерінен өнерлі. Қазір Сізге біздің балаларымыз «Бидай сабағы » атты украин халық ертегісін сахыналайды.
Украин халық ертегісі «Бидай сабағы»
Автор: Үйшікте екі тышқан көңілді өмір сүріпті. (екі тышқан билеп ортаға шығады,билеп болғасын екеуі орындыққа отырады.)
Әтеш: Я веселый петушок,
топ,топ,
На голове гребешок,
хоп,хоп
Утром мне некогдо спать,
топ,топ ку ка ре ку
(жан жағына қарап,көңілді әуенмен есік алдын сыпырып жүреді)
Автор: Әтеш өте еңбекқор болыпты,қожайыны ұйықтар қалмас үшін таңертең оятады.Бәрін жинап болған соң,үйшік алдынан бидай тауып алады.Әтеш бидайды тауып алғанына таңқалып,Верть,Круть атты екі тышқанды шақырады.
Әтеш: Круть,Верть, бері келіңдер, қараңдаршы менің не тауып алғанымды.
(екі тышқан жүгіріп келіп,әтештің жанына келіп тұрады)
Әтеш: Бұл бидайды диірменге апарып, ұн жасап келу керек.
Круть: Ой,мен емес,
Верть: Ой,мен де емес.
Екі тышқан: Біз көңілді тышқанбыз,одан да интернетке кіріп ойын ойнаймыз.
Әтеш: Жарайды,олай болса,мен өзім апарып келейін.
(Әтеш бидайды алып,шығып кетеді.)
Автор: Екі тышқан ноутбукта ойнап отырады. Ешқандай тірліктен қашпайтын еңбекқор әтеш бидайды диірменге апарды. Ал тышқандар интернетке кіріп,ойын ойнаймыз деп вирустарға кезігеді.
Би: «Вирустар»
Автор: Интернетке кіріп отырған екі тышқан компьютерді бұзады.
Круть: Компьютерді бұздық
Верть: Енді не істейміз?
Автор: Әтеш ұн жасап әкеледі. (Екі тышқан отырады)
Әтеш: Круть,Верт,бері келіңдер.(екі тышқан жүгіріп келеді) Мен ұн жасап әкелдім. Ал,енді осы ұннан бәлішті кім жасап әкеледі. Кім үн илеп,бәліш пісіреді.
Круть: Одан да дүкеннен алайық.
Верть: Ия,жүмыс істеп қайтеміз?
Әтеш:Қолдан пісірген дәмді болады. Әрі ақшаны да үнемдеуіміз керек.Кім пісіреді енді?
Круть: Ой,мен емес,
Верть: Ой,мен де емес
Екі тышқан: Біз көңілді тышқанбыз,шаршадық,демаламыз.
Әтеш: Жарайды,өзім ақ пісірейін.
Автор: Күні бойы ойын ойнаған тышқандар шаршап ұйықтап қалады.Бірақ,ашқарынға дұрыс ұйықтай алмайды.Түстеріне олар дәмді ботқаны көреді.Ботқа дәмді болған екен.
Музыка : «Варись варись кашка»
Автор: Әтеш ұнды илеп, тәтті бәліштер дайындап,пешке салады. Сәл отырып, әтеш демалады. Тәтті бәліштін иісі тышқандардың мұрындарын жарып,екі тышұан оянып кетеді.
Круть: Ой,не деген керемет иіс,нек пісіп жатыр?
Верть: Әтеш бізге тамақ берші.
(Дайын тұрған астарханға тышқандар отырады. Әтеш дастарханға бәліштерді қояды)
Әтеш: Бидайды кім тарты?
Круть,Верт: Сен,сен.( Әтеш екі тышқанды желкелеп ортаға алып шығады)
Әтеш: Кәне екі бұзық тұрыңдар. Ей балалар,балалар,Болмаңдар сірә нанға тар. Өмірдің алтын арқауы.Бар қасиет нанда бар.Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарын тіленбей. Деп бекер айтпаған,еңбектеніңдер.
Круть; Ұятай,енді не істейміз?
Верть:Кел,одан да ыдыс жинайық.(осы жұмыстар музыканын әуенімен істелінеді.)
Круть: Кешірші бізді әтеш.
Верть:Бізге бәліш берші?
Әтеш: Еңбек етсеңдер,бәріне жетесіңдер,жүріңдер,шәй ішеміз.
Барлық кейіпкерлер,билеп шығып кетеді.
І Жүргізуші: Ой,бәрекелді,жарайсыңдар,балалар! Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тамашалайық.
Астық,жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Бұлт ағады аулаққа,
Күз келіпті бау баққа,
Жаздай піскен жаңғақ та,
Шашылады жан жаққа.
Жайдары күз жарқын күз,
Аяулы күз алтын күз,
Дәнге толып ен далам,
Көрдік жомарт қалпын біз
ІІ Жүргізуші: Берекесің сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға
Шақырады біздерді
Жемістер айтысы:
Жүзім: Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім,
Ішім толған шәрбат,
Дәмім сондай әйбат,
Үзсең бірден жүзін,
Менің атым жүзім.
Шабдалы: Пісетін кезім дәл күзде,
Мезгілсіз мені сен үзбе,
Аузыңнан кетпес бал дәмім,
Менің атым шабдалы.
Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың
Өрік: Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Шие: Мен шиемін,шиемін,
күннін көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар.
Төмен басымды иемін.
Бәрі хормен: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз.
Күз ару. Жемістердің бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жатқа білсеңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Ән: «Күз жомарт»
Күз ару: Жарайсыңдар,балалар,бәріңде мен туралы біршама біледі екенсіңдер. Мен енді,ата аналармен де ойын ойнасам деймін.
Ойын:Кім жылдам?
Екі ата ана,екі бала шығады. Бір шетте ағаштың қаңқасы тұрады,ал оған орта тұрған себеттен балалар жапырақтарды ата аналарына апарып береді.Ал ата аналары жапырақтарды ағашқа тізіп ілулері тиіс.
Күз ару: Рахмет сіздерге, Менің сіздермен қоштасатын сәтім келді.Мерекелі де берекелі күніміз көп болғай,Сау болыңдар, (Себеттен балаларға жемістер сыйлайды)
Туған жерден кетерде,
Қоңыр әнге саламын,
Қош болыңдар,бәріңде,
Қимай кетіп барамын
І Жүргізуші: Құрметті ата аналар,қонықтар,кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз.Берекелі,мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын. Еліміз аман,заманымыз тыныш болсын.
«Гаухар» балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: Берекелі Жомарт күз!
Тәрбиешілер: Наурызбаева Г.М.
Досқалиева М.Т.
«Ботақан» тобы
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін:
Әдіскер: Г.Умарова.
Мақсаты:білімділік-табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.
Дамытушылық-күз мезгілінің астық,жеміс-жидек,ккністерді жинау екенін,күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлерін түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:Топты шарлармен,күзгі суреттермен,сарғайған жапырақтармен.
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар,қонақтар және балабақша ұжымы.Міне, куптен күткен күз мерекесі де келіп жетті.Бүгінгі тобымызда болатын «Қош бол,алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Бұл қай кезде болады!»
Жүргізуші: Балалар,қазір жылдың қай мезгілі!
-Қазір жылдың күз мезгілі.
Жүргізуші: Күз мезгілінде қанша ай бар!Күз мезгілінде үш ай бар:Қыркүйек,қазан,қараша.
Жүргізуші:Күздің ерекшеліктерін айтып беріңдер.Күзде жаңбыр көп жауады,жапырақтар сарғаяды.Құстар жылы жаққа ұшады.Жеміс-жидек, кукіністер мен астықты жинаймыз.Күн суық болады.
Жүргізуші:Енді балалар, ортамызға мерекеміздің сінін келтіретін «Күз ханшайымын»шақырайық.
Күз ханшайымы: Армысыздар ,балалар,
күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріңе әкелдім
күздің сыйын көз тартар.
Жүргізуші:Күз ханшайымы,мына қолыңыздағы сыйлықтарыңызды балаларға
берсек болады ма ?
Күз ханшайымы:Бұл сыйымды балалар еңбек етіп алуы керек.
Жүргізуші:Олай болса,балалар,Күз ханшайымына арнап тақпақтарымызды айтып берейік
1-бала:
Сап-сары ғып даланы Саян
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
2-бала О,балалар,балалар, Азат.Ғ
Қоңырқай күз болыпты.
Гүл жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты
3-бала жер берді жемісті, Сезім
күз келді келісті
күз-байлық,береке
алтын күз-мереке
4-бала қамба толды астыққа, Дидар
алғыс саған,алтын күз.
Біруыс дән шаштық та ,
қап-қап қауын алдық біз
5-бала берекесін сыйлауға,
өлкемізге күз келдіңіздер
жемістерді жинауға Ханшайым
шақырады біздерді
Би: «Жапырақтар» Қыздар тобы
жүргізуші: «мереке басы ән болар,
береке басы дән болар»
Енді ортаға астық дақылдарды шақырайық.
Бидай: Нан атасы-бидаймын,
Елге астық сыйлаймын Адия
дәнім толып піскенде
қауызыма сыймаймын.
Тары: мен қарамын,сарымын
мол өнімді тарымын Мадияр
халқым еңбек сіңірсе,
асы болам бәрінің
күріш: күнді сүйген күрішпін
күллі жұртқа ырыспын Жанерке
алсын кемел,мол өнім
ала жаздай су іштім.
Сұлы: Мен сұлымын ұланның
Тұлпарына ұнадым
Баптаған әр диханға
Басымды иіп тұрамын.
Ән: «Моншақтар»
Жүргізуші: Олай болса,балалар, күз ханшайымына арнап тақпақтарды айтайық.Жемістерді ортаға шақырайық.
Мен,алмұртпын,алмұртпын, Аружан
Аузындамын бар жұрттың
Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көрікпін Жанель Ж.
Ішім толған шәрбат,
Дәмім сондай әйбат. Жанель Ғ.
Үзсең бірден жүзін
Менің атым жүзім
Пісетін кезім дәл күзде, Айназ
Мезгілсіз мені үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмім.
Менің атым шабдалы.
Мен шиемін,шиемін, Азат С.
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Жемістердің бәрі де Аружан
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер.
Би: Адия мен Аружанның орындауында « »
Жүргізуші: Көкіністер ортаға шығып тақпақтарын айтады.
Күзде өздері пісетін,
Тамаққа келіп түсетін
Мақтанбақшы сендерге,
Көкіністер сан түрлі
Асханадан шықпаймын, Раяна.
Пияз Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Қызанақ. Тал шыбығым бұралып, Раушан
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Картоп Картоп біздің атымыз Ақарыс.
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған.
Ағайынбыз бәріміз.
Сәбіз. Өсіретін бойында Жанарыс.
Дамытатын ойынды
Қоянға да азықпыз.
Сәбіздерміз жазықсыз.
Күз ханшайымы: Балалар, сендерге арнап алып келген ойындарым бар.
Ойын: Жемістер мен көкіністерді жина.
Берекелі ,мерекелі Наргиз.
Келді жомарт Алтын күз
Далада,қалада
Жанның бәрі жарқын күз.
Алтын,сары қызыл, көк Нұрлы.
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Топ балаларының күзгі сән үлгісін тамашалаңыздар : Жанарыс,Ақарыс,Саян,Айназ, Жанель Ж.,Дидар
Ән: «Күз жомарт»
Күз ханшайымы: Балалар,ата-аналармен,сіздермен қоштасар сәтім келді. Менің сіздерге деген сыйымды қабыл алыңдар. Сендерге көп-көп рахмет,балалар. Өте өнерлі екенсіңдер! Мерекелі,берекелі күніміз көп болғай. Сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыз,күз ханшайымы.
Жүргізуші: міне,құрметті қонақтар,балалар! «Қош бол ,Алтын күз» атты алтын күз
мерекесін арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
«Гаухар» балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: Алтын күз!
Тәрбиеші: Исаева Б.
«Құлыншақ» тобы
2015-2016 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген