400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты : "Ана -гүл, ана -өмір шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне 8- наурыз Халықаралық аналар мерекесіне дайындалған тәрбие сағаты .
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана –гүл , ана – жыр , ана- өмір шуағы»



Жүргізуші: Сегізінші наурыз ! Табиғаттың өзі де , бұл күні біздің аяулы аналарымызды , сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай . Наурыз айының басында еліміздің көптеген жерлерінде қар жатады . Бірақ , көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады . Бұл мереке тек көктем мезгіліне сай келетін сияқты . Өйткені аналар ғана адамзатқа өмір , жылылық ,әсемдік сыйлайды . Ана деген – әлемнің жан дүниесі ,бастауы мен таусылмайтын жалғасы .

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

(Вальспен балалар кіреді.)

Жүргізуші :

Сырнай тартып би билер ,

Тойларыңа балалар .

Бағалайық еңбегін

Аман болсын аналар . – бәрі айтады



Қандай бала болмасын

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін ,

Ән салайық бәріміз .

Хор: Апатайым –анашым





Жүргізуші :

Бөбектері балдырғанның ,

Бидің отын жандырған .

Қуыршағын ұйықтатады ,

Ұйқыларын қандырған .

Би: Қара жорға



Жүргізуші :

Жаным дейсің мені ,

Жаратушым бір сен ,

Жалғыз өзің тегі ,

Жанашырым білсең .

Айналайын ана !



1-оқушы Айзере

Анам менің сүйіктім
Тек
өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстаса
ң сағынам.

2 –оқушы Азима

Ана
ң болса қасында
Бас
қа бақыт не керек
Аналарды
ң жүрегі
Мейірімді
ғой керемет.

3-оқушы Бағдәулет

Мен анамды с
үйемін,
Құшағына енемін.
М
әпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.







4- оқушы Гүлназ

М
әпелейді, әлдилейді, бағады.
«
Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлы
ғына қалай уақыт табады?!

5- оқушы Аянат

Құрт пен майын жинаған ,

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған .

  • Алло , әже? Мерекеңізбен құттықтаймын . Айтатын әнім , беретін гүлім бар . Әжетай , сені жақсы көремін- деп . Ақырын құлағына сыбырлайды .



6 – оқушы Өркен

  Менің әжем, жыр әжем

           Ұл мен қыздың бағы әжем

           Ертегі айтып бер десең

           Айтып берер тағы әжем

7 –оқушы Данияр

 

   Менің әжем, бұл әжем

             Айтқан сөзі дәл әжем

             Аман болса көреді

             Қызығымды әлі әжем 

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Сағындым әже »

8 – оқушы Али

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

9 –оқушы Нұралы

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.


Ойын: «Өз балаңды тап ,өз анаңды тап»

10- оқушы Диана

Бәрімізге анасың ,

Біз үшін көп жанасың .

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым .

11-оқушы Гүлсезім

Алақаны ақ самал ,

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да ,



12-оқушы Айсұлтан

      Әлпештеген баласын

       Ана бақыт, ана күн

       Әркім сүйіп өзінің

        Мақтан етер анасын  

  13- оқушы Балжан

       Баланың да тірегі

        Дананың да тірегі

        Шаншымасын ешқашан

         Аналардың жүрегі

 

14-оқушы Нұрдана

Ана көркі көгімнің

 Ана нұры – жерімнің

  Ана бағы – баланың

  Мақтанышы елімнің

 

15- оқушы Ерасыл

  Ана көркі көгімнің

   Ана нұры – жерімнің

    Ана бағы – баланың

     Мақтанышы елімнің 

 

16- оқушы Анель

Менің әжем, гүл әжем

  Алтын әжем, күн әжем

   Апам үшін, мен үшін

   Нағыз ана тілі әжем

  Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр . Ойын «Гүлді жина» эстафетасы . Ойынның шарты : Балалар екі топқа бөлінеді . Әр топ баладан . Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр . Балалар сол гүлдерді кезек-кезек бір –бірден алады. Сосын құмыраға салады .

Ән :

Енді құлақтарының естуін тексерейік . Қәзір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар . Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады . Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану. Ойын «Ананы дауысынан тану».



Жүргізуші:

Әнші болғым келеді ,

Ел сыйлайтын

Биші болғым келеді

Жұрт қыймайтын –деп армандаған қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар

Би: Гүлдер



Бізді өсіріп баптаған ,

Жақсы болсаң шаттанған .

«Алтыным –деп мақтанам

Айналайын ақ мамам».



Дүниедегі ең кемеңгер данасың ,

Ана табады , аялайды , бағады .

Сол үшінде құдіретіне бас иіп ,

Құрметтейін қасиетті ананы .



Әркімніңде өмірден аласы бар ,

Аласы бар адамның анасы бар .

Мерекесін құттықтап аналардың

Би жолдайын биші біздей баласы бар .



Ән : Қарлығаш



Қарлығаштар көктемде ,

Ұшып келіп жеткенде

Қарлығашпен ән салдым

Шығып алып көк белге.



Жүргізуші:

Аяулысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй ,өлеңмен би

Сіздер үшін мереке шашулары – тағыда мерекелеріңіз құтты болсын .






 






























№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектеп

























Ана –гүл ,ана-жыр , ана –өмір шуағы

(тәрбие сағаты )



Тәрбиеші : Кенжебекова Қаракөз















2014-2015 оқу жылдары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1093
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі