400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты :« Ана – өмір шуағы » жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анағадегенмахаббаттарынарттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: « Ана – өмір шуағы » жарыс

Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.

І. Дайындық кезеңі

1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу 2. Аналарды шақыру құттықтау, суреттер

ІІ. Негізгі бөлім

Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі./ музыка сәл ғана естіліп тұрады/

Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ана – өмір шуағы»атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.

/Аналарға арналған өлеңдер оқылады/

1 - оқушы:

Өмірде ана бұлақ, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

2 - оқушы

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - қуанышы өмірдің.

Ана деген - әрбір үйдің жылуы,

Ана деген - гүлі туған өмірдің.

3 - оқушы

Жамандықтан сақтандырған.

Жақсы ісімен мақтан қылға.

Ақ апамды әрқашанда,

Жүрсем деймін шаттандырып.

4 - оқушы

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың,

Қасыңда кім болса да

Тек анаға жақынсың

5 - оқушы

Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға -

Сый тартамыз бағалы!

/Еңбек сабағында дайындаған құмырадағы гүлдерін аналарына табыстайды./

Би: Орындайтын ұлдар тобы.

Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.

Біз сіздермен ойын ойнасақ. Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/

Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/

Ал, енді аналар тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «үздік шығармалар» көрмесі./онда оқушылардың аналарына шығарған өлеңдері, суреттері, құттықтаулары қойылған. Келген қонақтардың арасынан әділ қазылар сайланып сол оқушыларды марапаттайды.

Енді ұлдарымыздың қыздарды құттықтайтын кез келді./сыйлықтарды табыстайды/

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді,

Бәрі: Аналарға мың алғыс!

«Адал бол, деп - балдырған»

Әлділдікке баулыған.

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді

Бәрі: Анамызға мың алғыс! /бас иеді/



Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі