Тәрбие сағатының
тақырыбы: Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару
– көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры
Мақсаты: 8 – наурыз Халықаралық әйелдер
күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын
арттыру. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сынып бөлмесін мерекеге лайық
безендіру.
Мұғалім
сөзі: Ана әрбір адамның жарық
дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін
емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді
қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана
қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік
тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын
сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты,
абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз,
ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да
бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр
таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің
киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі
-далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп
ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.
Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін,
аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап,
құрметтейікші достар!
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл
аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық
әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін
келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің
дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
2-жүргізуші: Қош
келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге
әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні
өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік
құттықтау сөзді бастауыш сыныпта жетекшіміз болған Ахметбаева
Майгуль Жанахметқызына береміз.
Хор: Мерекелерініз құтты
болсын!
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші ұлдарыңыз
Абдыхалық Райымбектің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып
қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-оқушы:Нұркен
2-оқушы:Нұржан
Ш.
3-оқушы: Болат
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Сенің анаң алтын» орындайтын
Шымыр Нұржан.
2-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп
сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса
шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын
тыңдайық.
4-оқушы: Нұрбек
5-оқушы:Ілияс
6-оқушы: Батыр
7-оқушы: Надир
1-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер
дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі
кезекті биші жігіттерімізге береміз.
(5-сынып)
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен
баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен
орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий:
«Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да,
батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше
құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке,
молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі
дейді.
Көрініс: «Ана мен бала
»
2-жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 5-сыныптың байсалды да байыпты
ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.(флешмоб)
8-оқушы:Азамат
9-оқушы: Райымбек
10-оқушы: Нұржан
М.
11-оқушы: Жалғас
12-оқушы: Ерасыл
1-жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші:
Не
деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді
қорытындылау сөзді бізге жол бастап осы кешті
ұйымдастыруға көп көмегін тигізген Меруерт
апайға береміз.
Бірге екі
жүргізушілер:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Құттықтау сөз бастауыш сынып
жетекшісі Ахметбаева Майгүл Жанахметқызына
берілді: