жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты " Бастауышым бал бұлағым"
Тәрбие сағат тақырыбы: Бастауышым – бал бұлағым!
Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта
алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ,
ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз
Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар, гүлдер мен
шарлармен сахнаны безендіру
Мұғалім :
Қайырлы күн , қадірлі де
құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты –
бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен
қуаныш иегерлері 4 – сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы
тұр.
Толқимыз , толқып тұрмыз
баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна
ашылады.
Би: «Вальс»
Хор:
«Әнұран»
Мұғалім
: Адам баласының есінде ерекше
сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы
мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім
нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге
дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады.
Сіздердің алдарыңызда тұрған
4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін
міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.
Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер
өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға
тағы да есейгелі отыр.
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
Ендеше қызықты да
ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз
жолдарын табуға жол
сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына да
өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.
Нұрасыл: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Айдана : Қош
келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Батыр : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Ақдидар: Өйткені 4 жыл бойы
білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен
сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Ақбота : Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол
алғашқы ұстаз ғой»
Ақдидар: Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп
танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап
жанған шам шырағым.
Өзің
берген біліміңмен ,
Самғап
ұшар тау қыраның.
Шұғыла: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты.
Күн
нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар
, ұстаздарым қымбатты !
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз
күнде өзіңнен бата алар.
Ел
дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар
Жандос: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге
жаққан білім шырағын,
Мектебіме
арналады бұл әнім !
Нұрасыл: Дұрыс айтасың Жандос! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Хор:
«Мектебім»
Айдана: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше
сыныптарымыздың мектепке
арнаған жырларын тыңдайық.
Әсемай: Әлі есімде мектепке алғаш
келгеніміз
(жетектеп келе жатқан суреті,
алғашқы қоңырау)
Ұстаздарды ең алғаш
көргеніміз
Жасқаншақтап
тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым
сенгеніміз
Ақбота: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекен.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя,
ақ босаға киелі.
Қанат
қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі
шәкірт саған басын иеді.
Мағжан: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың
үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді
сенің күміс қоңырауың ,
Тұрады
құлағымда сыңғыр қағып.
Әсел: Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,
Сенен өсіп,
сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық
, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып
, сан тарапқа тараған.
Мектеп – кеме, білім –
теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Төрт жыл
алған білім нәрін ,
Азық етіп
ер жетеміз.
Әсемай: Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын
«Калин» биімен шақырайық.
Жасұлан:Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
Әсемай: Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
Әсел: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
Батыр: Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едік біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең, оң болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Жандос: Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім.
Хор: «Ұстазым менің ұстазым»
Ақбота: Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Мағжан: Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Әсемай: Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
Шұғыла: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір мықты.
Нұрасыл:Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.
Ән: Нұрасыл «Алтын ұя мектебім»
Керімбек:Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Айдана: Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
Нұрғиса:Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
Ақдидар: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған,
ұстаз туралы не айтар едің
Батыр ?
Батыр: Дұрыс айтасың Ақдидар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі
ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Ақдидар: Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың
басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі
жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз.
Ән: «Ұстазым» Ақбота, Айдана
Нұрғиса: Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
Айдана: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын
бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су
себелеп асыл жан
Әр шәкіртін
баласынан кем
көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті ,
адалдықты,
Жирендік,
ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар
ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын
әрқашан балаң мықты.
Қоңыр үнді даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап
қойып біздерге
Күн астынан
сабақ беріп тұрғандай.
Жандос: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.
Көрініс:
«Пәндер
айтысы»
Ақбота:Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып
ақыл – кеңес алып, даудың төрелігін
сұрайық.
Ақдидар:Ғылым:
Бұл не айқай, бұл не шу?
Ақбота:Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек
тұсына қойып):
- Ғылым аға,
біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай
келдік.
Ақдидар:Ғылым:
Ендеше, баяндаңдар.
Ақбота:Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің
орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам,
адамдар сағатты, сауданы, жерді т. б. ғалымдар есебін қалай есептей
алады.
Әсел:Ана тілі:
Жоқ, Мәртебелі Ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл
байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес
еді.
Айдана:Қазақ
тілі (жүгіне отырып, қолы көкірек
тұсында):
- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз
дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да
білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде
еркін сөйлей алмас еді.
Батыр:Ағылшын
тілі:
- Тоқтаныз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап
тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда
ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл
дүние жүзі ғаламторға еркін самғай
алады.
Әсемай:Орыс тілі
(басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі
болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы
сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген
кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес
пе?
Шұғыла:Дүниетану:
- Ал, мен
арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып,
табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен
оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз
не болмақ?
Нұрасыл:Дене
тәрбиесі (спорттық қимыл
көрсетіп):
- Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді
тыңдап мен бір ойға калдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру
үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек
қой.
Ақдидар:Ғылым:
Өнер, сен неге үнсіз қалдың?
Жасұлан:Өнер: Мен
достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір -
бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған
жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті
сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды
қалаймын.
Ақдидар:Ғылым:
Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына
әрқайсыңның керекті екендерінді ескертемін. Сондықтан «Біріміз –
бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп,
татулықпен тарқасайық, достар.
Нұрасыл: Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын
бейімдінің.
Бәрі
: Мың алғыс
сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына
отты жүректерден !
Ақбота:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап
көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер
тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын
тілегін де..
Шұғыла: Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым»
әнін қабыл алыңыздар.
Ән :
«Ұстазым».
Ақбота: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген
біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ,
көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы
.
Нұрасыл: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,
елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл
сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей
алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге
не жетсін !
Ақбота: Ия , дұрыс айтасың Нұрасыл. Біз болашақта саналы да
, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы
емес пе ?
Жасұлан : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ
сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл
алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым
!
Ақдидар: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді
зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған
едік.
Нұрасыл: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш
сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы
тұрмыз.
Ақдидар: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Нұрасыл: Қазақ тілі пәнінен,
Білім
алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 –
сыныпқа барған соң,
Тіл
мамандары бағалар.
Шұғыла: Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір
сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер
байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Мағжан : Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай
жылдарға.
«Қыз өссе» елдің көркі деген
сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам! – деп мың
бұралған бишілерімізге кезек
береміз.
Би:«Ұлттар биі »
Ақбота: Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет,
тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз
болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер
салып үйрендік.
Жасұлан: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз ,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.
Мағжан:Білім алған
өзіңнен,
Шәкірттердің
бірімін.
Бақытты етіп
өсірген,
Ұстазға басты
иемін!
Айдана:
Қолыма алғаш қалам
ұстатқызған,
Апайым әрқашанда қымбат
маған
Сабырлы да, салмақты қалпы
менен
Қажымай үйретуден бір
танбаған
Көреміз көзіңізден
мейірімді.
Сеземіз анамыздың
алақанын.
Қыран ана секілді күтіп
баптап
Ұшырған ұясынан
балапанын.
Керімбек:Әліппе даңқыл жол
ашты,
Жаңадан пәндер
жалғасты.
Әліппе сырын
ұқтырған,
Рақмет, ұстаз
алғашқы.
Батыр:
Мектебім, айтар әнім, сан рет
қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіңе
қайтарамын.
Мектебім қия алмаймын, көп нәрсе
қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп, қалуға
ұялмаймын.
Мектебім – асқар әнім, ұстазым – дастан
әнім,
Білімнің бол бұлағым, өзіңнен
басталғанмын!
Ақдидар:
Риза болшы ұстаз қауым
ардақты,
Шәкірт жүрек сізге арнау
арнапты
Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе
де,
Бастауышты орта буын
жалғапты.
Әсел:
Қоштасу тойын
бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Батыр:
Бағып – қағып, күндіз – түн
мәпелеген,
Болғаның жоқ анадан, әкеден
кем.
Ұстазым, керек десең самғап
барып,
Көктегі күннің нұрын әперер
ем.
Шұғыла:
Әріптерді
үйретіп,
Жақын болған кім
бізге?
Жамандықтан
жиреніп,
Ақын болған кім
бізге?
Десек, ол жан -
мұғалім
Қапастағы
елдердің
Мұңын айтқан кім
бізге?
Көрікті сан
жерлердің,
Сырын айтқан кім
бізге?
Рахмет, саған
мұғалім!
Жасұлан:
Сүйікті
мұғалім,
Бес алсам
ұнадым,
Екі алсам
сынадың,
Алдыңда
әрқашан,
Бас иіп
тұрамын,
Сүйікті
мұғалім!
Нұрғиса:
Анамдай сүйем
мен,
Шеберін
ғылымның.
Ұстаздан
үйренем,
Өнерін
білімнің,
Үйретіп іс
сазын,
Мың жаса
ұстазым!
Нұрасыл:Өтті сенде қызық
шағым.
Бастауышым -
балбұлағым.
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол
бұлғаймын!
Қош бол, қош бол (Бірге
сыныппен)
Сүйікті
бастауышым!
Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен
шығармауға.
(Ант етеміз – хормен
бірге)
2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін
ақтауға.
(Ант етеміз – хормен
бірге)
3. Орта буында оқитын басқа пәндерден
қорықпауға.
(Ант етеміз – хормен
бірге)
4. Бастауыш патшалығының атына кір
келтірмеуге.
( Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз) – 3 рет
ақырғысын.
Хор: «Мектеп әні»
Би: «Өзбекше»
Ән: «Мектебім» Ақбота
Мұғалім:
Өздіріңмен адымдап
аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен
жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған
сендер,
Ал мен тағы бір белестен
асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей,
қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек
талаптарың.
Самғаңдар биіктерге,
қайырмасын
Енді ғана қатайған
қанаттарың.
Иә, қатайды
қанаттарың.
Тағы бір өтсем бе деймін санап
бәрін,
Мінекей, бүгін міне бәріңе
де,
Қимастықпен қараймын мен
ШӘКІРТТЕРІМ!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген