Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты " Біз мектепке барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобын аяқтап , мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз мектепке барамыз»

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ
. Бүгіннен бастап оқушы, шәкірт атанған бүлдіршіндердің алғашқы қадамдары сәтті, құтты болсын! Алдарыңызда болашақ ғалымдар, ұстаздар, дәрігерлер, заңгерлер отыр деп ойлаймын. Осы еліміздің болашағы - жас шәкірттерге зор денсаулық, таудай талап, тек биік шыңдардан көрінуге тілектеспін! 
Ал, сіздерге құрметті ата-аналар, қажымас қайрат, балаларыңыздың алғашқы қадамдарында демеу болып, балаларыңыздың жетістіктерін көруге жазсын! Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер атының баласы емес, халықтың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып сөз байлығымыздың молайғанын санамыздың өскенін көрсетейік
.

Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.

Өтті қызық көп күндер,
6 жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,Диана , Айзере , Азима ,
«Сымбатты аруы» Санира , Гулназ , Айзере , Аянат .
«Инабатты аруы» Азима ,Дильназ , Балжан , Диана,Гүлсезім , Ақтоты .
Тобымыздың атақты бишілері: Нұрдана , Ақжан
Тобымыздың білімді де дарынды балалары: Нұржан , Өркен , Мадияр , Саян , Нұрсәт , Әликон .
Тобымыздың спорт шебері: Әли , Ерасыл ,Азиз ,Айсұлтан , Әли , Бағдәулет , Данияр , Ескендір .

Хор : «Атамекен»

2 бала келіп , құттықтау сөзімен ашады .

1-бала

Құрметті қонақтар армысындар

Бәріңізде есен - сау бармысыздар

Таусылмайтын ағытып ат арманының

Ал достарым, ақ жол тілеп, сөз бастағым.

Мұғалім: Балалар біз Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық
Балалар: 20 жылдығын
Мұғалім: Балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Мұғалім: Қазақстанның Елордасы қай қала?
Балалар: Елордамыз – Астана.
Мұғалім: Елбасымыз кім?
Балалар: Н. Ә. Назарбаев.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
Балалар: Ту, елтаңба, гимн.
Мұғалім: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Желбіреген көк байрағы, айбынды елтаңбасы, асқақтаған гимні бар.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін

Бар қауым тамсана таңдай қағар-дей келе балаларымыздың тақпақтарына кезек берсек.
1 - бала: Қуанамыз сыйлаймыз Аянат
Қуаныштың мың гүлін,
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

2 - бала: Өз үлгіңді ұстаймын Дильназ(Б)
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім
3 - бала:

Оқып ғылым тектерін , Мадияр (А)

Ой аламын деп келдім ,

Оттан ыстық мектебім .
4 - бала: Оқимыз білім аламыз Ақжан (Б)
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біз мектепке барамыз
5 - бала: Жеті жасқа толамыз Аликон (Б)
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

6 - бала: Қуантуға елімді , Данияр (А)

Қуантуға жерімді .

Мен мектепке барамын .


7 - бала: Құшағыңда жарқылдап, Айзере (А)
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
8 - бала: Біз балауса баламыз Санира (б)
Жетілді ой - санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.

9 - бала: Адам етіп баптаған, Ескендір (Б)
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
10 - бала: Күннің нүры шуақты Ернияз (Б)
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.
11 - бала: Жақсылыққа құмармыз Азиз( Б)
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамын сізге мың алғыс .



Ән :

Би:


Бестік: Олай болса «Мектепке енді барамын» әнін тыңдап қошеметтеп отырайық.

Білім ханшайымы: Балалар, біз мектепке не үшін барамыз?

Балалар: Оқып білім алу үшін

Үлкен азамат болу үшін

Елімізге еңбек ету үшін



Бестік: Өте жақсы балалар.

Баяу музыка әнімен Әліппе кіреді.

Бестік: Сәлеметсіз бе?

Әліппе: Сәлеметсіздер ме балалар! Мені танисындар ма?

Балалар: Иә.

Әліппе: Мен кіммін?

Балалар: Әліппе

Білім ханшайымы: Қош келдіңіз әліппе! Дұрыс, бұл әліппе екен. Бұл әліппеде 42 қазақ әріптері жазылған. Осы әріптерді қосу арқылы сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен әңгіме құралады екен. Біздің ауыз екі сөйлеу сөзіміз, осы әліппедегі 42 әріптен тұрады екен. Балалар, ең алғаш балаларға арналған мектеп ашып, әліппе жазған Ыбырай Алтынсарин атамыз екен. Ыбырай атамызға мың алғыс айтқым келеді. Ыбырай атамыздың «Кел балалар оқылық» әнін есімізге түсірейікші қане, кім айтады?

ХІ-бала: Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.



Бестік: Ой, рахмет!

Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады

Сұрақ қойып жауап ал

Әліппе: Ендеше мен өзімнің сиқырлы қобдишамдағы сұрақтарымды қоямын.

Жарайсыңдар балалар. Сендер мектепке баруға дайын екенсіңдер. Енді ойын ойнап көрейік. Әліппе: Ой, рахмет балалар, сендер білімді екенсіңдер. Менің сендерге көңілім толды. Мен енді жүрейін. Ал, сендерді мектепте күтіп аламын. Ендеше көріскенше сау болыңдар балалар.



Әліппе балалармен қоштасып шығып кетеді.



Ән :

Би:



1 - бала: Зеңгір аспан көгілдір Гүлназ (А)
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге
2 - бала: Елтаңбасы елімнің Нұрдана (А)
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әдемі
3 – бала Әли (А)

Өмірімнің көктемін

Сенде өткіземін деп келдім

Алтын ұя мектебім .


4 - бала: Құт береке – шаңырақ Диана (Б)
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
5 - бала: Көк байрақтың бетінде Айсұлтан (А)
Қыран бүркіт байрақты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты
6 - бала: Тәуелсіздік жолында Өркен (А)
Талай - талай тер тамған
Билігі өз қолында
Еркіндігім Елтаңбам

7-бала Нұрдәулет (Б)

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз

Беске толды жасымыз

Ересек біздер баламыз

Екіні қрсып екіге

Санайда біздер аламыз .

8- бала Саян (Б)

Еркесі едім атамның

Еркесі едім әжемнің

Толып биыл беске

Мен оқушы атандым .

Мұғалім: Гимн дегеніміз не?
Балалар: Әр мемлекеттің өз гимні болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Гимнді орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз .
Ән:
А әрпі: Ата - ананың тілегі Ақтоты (А)
Адам болып өскенін
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенін
Ш әрпі: Шананың да шардың да Әли (Б)
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да
Р әрпі: Раушан гүлін Раушан Балжан (А)
Өте жақсы көреді
Үй маңына болсын сән
Деп өсіріп келеді
Т әрпі: Түлкі, тазы, тотықұс Гүлсезім (А)
Тырнаны оған қосыңыз
Басталар «Т» дон басталар
Терек, тарақ, тасыңыз
Л әрпі: Тастан тасқа секірген Айзере (Б)
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты
У әрпі: Уық деген немене? Анель (А)
Уыз жегің келеме?
Қай әріптен атаулар?
Басталып тұр атаңдар?
Би:
Ән:

1 саны: Мені келсе білгің Бағдәулет (А)
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын

2 саны: Бірден кейін тұрамын Нұрсәт (Б)
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым

3 саны: Екіден соң әрқашан Ерасыл (А)
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын

4 саны: Үш сызықтан аяғым Азиз (Б)
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5 саны: Төрттен кейін бесті Айзере (А)
Білу оңай десті
Санашы бір қолыңның саусағын
6 саны: Мен өзімді қатарға Нұржан (Б)
Бестен кейін тұрамын
Басым бірден басталып
Нөлмен бітер аяғым

7 саны: Қара мына қызықты Аянат (А)
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8 саны: Менің атым сегіз Ақжан (Б)
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9 саны: Сегізден кейін тоғыз Азима (А)
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламын тоғыз
10 саны: Әліппеде О-ға ұқсаймын Санира (Б)
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Бір орынды ұстаймын

Ән:
Би:




Өнерпазың көп сенің

Өнер табам депкелдің

Өз бесігім мектебім . Азима (А)



Мектеп –кеме , білім –теңіз ,

Барар жерге тез жетеміз,

Адаспаймыз ұлы жолда .

Ұстаз берген білімменен . Гүлназ (А)


Мұғалім: Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1791
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11