Материалдар / Тәрбие сағаты . Денсаулық - зор байлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты . Денсаулық - зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2045
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Денсаулық — зор байлық.
Сабақтың мақсаты: а) Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білуге үйрету.
ә) Оқушылардың салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
б) Ой — өрістерін шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар , мақал- мәтелдер

Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.
1. Шаттық шеңбері
Қош келдіңіз, қонақтар!
Бізге келсек…
Сабақтан біз сабақтан қалмаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Айтқан ақылды ойға түйіп,
Денсаулықты сақтаймыз:

Мұғалім: Ендеше, оқушылар және біздің құрметті қонақтар! Біздің мына өлең жолдарынан сабағымыз денсаулық туралы болатынын байқаған боларсыздар. Сабағымыздың дәйек сөзі «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде ». Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз    денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі балалар сіздердің қолдарыңызда.   Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын  сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын ,жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсындар?
Оқушылар : Денсаулық  

Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық 

 

1- жүргізуші: Армысыздар, аман-есен бармысыздар!


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!


1- жүргізуші: Бүгінгі біздің 2 «Ә» сынып оқушыларының « Денсаулық зор байлық » тақырыбында ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Тәрбие сағатымызға арнайы қонағымыз келіп отыр қарсы алайық

Жер ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар! 
Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Жер ана!
Жер ана:      -Күніміз ашық болсын 
                     Жеріміз кең болсын
                     Ауамыз таза болсын
                     Суымыз тұнық болсын 
                      Гүліміз жақсы өссін


-    Балалар, ашық тәрбие сағат өтіп жатыр деп жақсы хабар естідім. Кане тамашалайық .

1- жүргізуші: Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болсаң , жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы керек .Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер.


Бану:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде .

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Алихан:

Денсаулық- ол шынықан

Барлық дене мүшесі:

Денсаулық- ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Балайым:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық- ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


2-жүргізуші: -    Өмірде,   тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай. Әр түрлі жұқпалы  аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі . Сондықтан тазалық талапқа сай болуға тырысуымыз керек. 

          Алдарыңызда “Тазалық патшалығы” орталыққа кезек берейік

Әмина :  Жақсы бала құлақ сап    Жақсы бала ол анық ,
              Айтқаныңды ұғады.     Істемейді шалалық. 
              Төсегінен тұра сап,     Тап-таза боп жуынып,
              Таза ауаға шығады.      Алады өзі таранып.

Диас: Еріншектік салақтық           Еріншек таза жүре алмас              
  Салақтықтан-надандық                 Кір қолын да жуа алмас
  Бірінен-бірі туады                          Қарекет жоқ, ғылым жоқ
  Жоғалар сөйтіп адамдық               Өз бойынан ұялмас

Акбота: Мен айтайын тақпақ                 Атқаратын қомақты 
         Алғың оны жаттап                              Ауыз қуыс ісі бар
         Тісіңді жу, тазарт                                Ұсататын тамақты 
          Маржандай болсын аппақ                Отыз екі тісі бар

Бақдәулет: Тіс болмаса                             Кішкене де ыңғайлы 
               Асты қалай шайнарсың        Тіс щёткасын пайдалан
                Тісті күнде екі рет                  Тазалауға болмайды
                Тазартуды ойларсың            Щёткасымен басқа адамның 
                Әдет қыл бұл ісіңді 
                Тазалап жүр тісіңді

Алихан:  Аяқ қол көмекші      Соңында қол жу
               Күт оны ерекше       Жояды кір су
                    Қол жиі ластанар       Аяқ қолды кірлетпей 
                    Сондықтан істің әр       Тырнағыңды алып жүр

 Дінмұхамбет:  
               Дос, бол сабын, сумен сен           Жуын тамақ алдында 
                 Жиі-жиі жуын сен     Жуын тамақ соңында
                 Тәңертең де кешке де    Жуын ұйықтар кезіңде 
                 Жуын күндіз-түсте  де    Жуын тұрған мезгілде         

Азамат: 
               Ұрпақ керек ертеңгі алда 
               Болшақты болжайтын
               Дені таза, тәні таза
               Елің жерін қорғайтын.

  1. жүргізуші Дені саудың- жаны сау.

Денсаулық сенің байлығың.

Мықты болсаң досым- ау

Жуымас саған қайғы мұң , деп келесі кезекте әнге береміз.

Ән: «Тазалықтың досы»

Орындайтындар: Сапи Балайым, Құрбанбай Нәзгүл

Әбиболла Бану

Қалкөз Балауса

Амангелді Аружан

Балайым: Су-өмір жүрегі Нәзгүл: Тазалықты іздесең,

Денсаулық тірегі. Мөлдір судан аласың.

Шөлдесең, қанасың, Жиі-жиі жуынсаң,

Жуынсан тазасың. Аппақ таза боласың.

Қоршаған ауамен Тазалықты іздесең,

Шығыпт кең далаға. Шампунь,сүлгі керегі.

Шынық сен әрдайым Бірі жуып шашыңды,

Керемет ауада. Бірі сүртіп береді.

Аружан : Тазалықты іздесең, Балауса : Дос бол сабын,сумен сен,

Айна,тарақ керегі. Жиі-жиі жуын сен.

Бірі тарап шашыңды, Таңертең де,кеште де,

Екіншісі көреді. Жуын күндіз-түсте де.

Тазалықты іздесең, Жуын тамақ алдында,

Тіс пастадан табасың. Жуын тамақ соңында.

Тістеріңді шөткеге, Жуын ұйықтар кезіңде,

Тазалатып аласың. Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын бір жолдас.

Жоймас олар кір болмас!


Бану: Тасытқан соң күшімді, Басты байлық-денсаулық,

Шынығуды бітіріп. Бабаң айтқан даналық.

Тазалаймын тісімді, Сақта жолын сен тауып,

Жуынамын күтініп. Осы шақтан балалық.


  1. жүргізуші : Басты байлық – денсаулық.

Бабам айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық , - деп келесі кезекті көрініске береміз

Көрініс: «Тіс ауруы»

Рамазан:   ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.
Балауса: Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?
Рамазан:  енді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр. Балауса :   Неге сенің тісің ауырады?

Рамазан :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!
Балауса:   Олай болса , дәрігер шақырайын.

Дәрігер Нәзгүл:      Конфет жесең көбірек
Тісің  жүрер мазалап
Не жесең де  күніне
Екі рет жүр  тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық
Денсаулықтың жақсы жағын ашайық.

2-жүргізуші: Ас – адамның арқауы,

Аспен күш артады.

Тағам іш жағымды,

Тазартар жаныңды, - дей отырып жарнамаға кезек берейік

Үш топқа үш зат беру 1. Айран. 2. Құрт 3. Сабын
І топ Мынау —  Алматыдан шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады.  Оның   денсаулыққа пайдасы  зор. Оның құрамындағы дәрумендері  өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы айранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
ІІ топ 
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.  Оның тіске пайдасы бар.  Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.
ІІІ топ

Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады. Қолды күнде сабынмен жуу керек.


1- жүргізуші:  Келесі патшалығымыз“ Дәрумендер  патшалығы”

Біздің күнделікті тағамдарымызда жеміс-жидек-көкөністер дәрумендер көп болуы тиіс. Неліктен? Дәрумендерге сөз берейік!

Диас:  -  Витаминдер тірегің 
             
АВСДЕ деп аласың
              Жетіспесе бір  оның
              Ауырып сен қаласың
              А-сы қажет көзіңе 
              В-сы жүйкені тоғайтар
            С-дан микроб безінер
      Д- сүйекті нығайтар

Дінмұхамбет Рамазан

A”   Мен болмасам егерде  “ B”   Менсіз жүйке шаршайды
   Көзің жақсы көрер ме? Ашуланып кеп саларсың айқайды
 Жетіспесе ағзаңда          Қан азайып әлсірейді жүрегің Бойың биік өсер ме? Асқазаның са қорта алмайды

Азамат Нұрдәулет

C” Мен болмасам бойыңда “ D”   Мен жетіспей қалғанда 
         Тісің дұрыс өспейді           Мешел болып өсерсің
Ішкен асың бойыңда  Қаңқаң қисық болғанда
Жөнімен тарап сінбейді Өкінумен өтерсің

2-жүргізуші: Тәуелсіздік бар бақыт, бақ тұмарым,

Ұранымсың, жанымда сақтар әнім.

Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,

Айдай әлем алдында мақтанарым!



  1. жүргізуші Ия, бүгінде тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. ххі ғасырда Қазақстанда бейбітшілік , елімізде тыныштық болып Егемендігіміз ұзағынын болсын! 25 жылдық мереке құтты болсын!


Балауса «Т» Нұрдәулет «Ә»

Атыңнан айналайын егемен ел, Қуат алған өзіңнен,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер. Туған елдің ұлымын

Мейірің құтты болсын, Тәуелсіздік! Бақытты етіп өсірген

Ғасырдың тойы болшы келе берер Отанымның гүлімін

Аружан «У» Алихан «Е»

Тоқсан бірде Президентті сайладық Қадамың бар баспаған,

Еркіндікке белді бекем байладық Асуың бар аспаған

Ақ киізге нұр ағаны көтеріп, Халқым жетсін мұратқа,

Тілек айтып шаттық тойын тойладық. Ей, бас қала Астана!

Бану «Л» Бақдәулет «С» 16-желтоқсан ел мерейі тасыған Әр қазақтың есінде сақталады Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан Желтоқсандық өрендер ақталады Естіген ел үніңді, дүние түгел естісін Ел намысын қорғаған сарбаздарым Тәуелсіздік туыңды биік көтер жасұлан. Ерліктерің мәңгілік сақталады

Ақбота «І» Әмина «З»

Тәуелсіздік жолында Тәуелсіздік алып берген біздерге Талай-талай тер тамған Нұр ағадай Президент бар біздерде

Билігім өз қолымда Бейбітшілік ынтымақты сақтаған

Еркіндігім елтаңбам Мақтан тұтып жар саламын сіздерге

                       

Дінмұхамбет «Д» Диас «І»

Тәуелсіздік оңаймен келген емес Анаң күнің жүрегің

Оны ешкім ала ғой деп берген емес Әкең өмір тірегің

Қанша адамның басына бәле төніп, Сен бақытты ұлансың

Бұл сұмдықтың болғаны елес емес. Бәрі саған қуансың


Азамат «К»

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа кеткен екен жылы алыс.

Егемендік- ел бақыты ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

  1. жүргізуші: «Мақал- сөздің мәйегі » Мақал-мәтел айтайық.




.

Бану: Денің сау болсын десең,

Аружан: Арманыңа жетем десең,

Нәзгүл : Үлгілі болам десең,

Рамазан: Таза болам десең,

Барлығы бірге: Өз еркіңе тоқтау салып,

Спортпен шұғылдан!


2-жүргізуші: Күй төсерін төгейік,

Жырдан нөсер төгейік.

Уа, Жамағат, ал енді

Биге кезек берейік.

Флеш моб «Жаяу»

 Қорытынды:

  1. жүргізуші

«Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек.

  1. жүргізуші

Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.


 Хормен:    Жадыраған күндейміз, күндейміз!

                   Жайнап өскен гүлдейміз, гүлдейміз!

                   Тұнық таза ауамыз, ауамыз!

                   Жадыраған сумыз біз,тазамыз,тазамыз!

                         


«№9 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Shape2 Shape1

Тәрбие сағаты







Тақырыбы:


«Денсаулық – зор байлық»



Дайындаған: Г.Рсмбетова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!