400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты " Мәңгілік ел - Мәртебелі тіл" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ана тілін қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Мәңгілік ел –Мәртебелі тіл!

Мақсаты: Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ана тілін қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Міндеттері:

- Тіл құдыретін танытуға көңіл бөлу;

- Тіл құдыретін таныту арқылы оқушылардың бойындағы адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу;

- Оқушылардың тілге деген құрметін, қадір-қасиетін дамыту;

Әдісі: баяндау, суреттеу

Көрнекілік құралдар:слайд,видео, плакат

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Көңіл күйлерін сұрау

  3. Түрлі-түсті қағаз қималары арқылы топқа бөлу

ІІ. Ой қозғау.

Видеодан Н.Назарбаевтың жолдауын көрсету.

Видеодан не көргендерін талқылау.

ІІІ. Ой талқы.

- «Мәңгілік ел» идеясын қалай түсінеміз?

Ұлт жойылса тіл де жойылады.

-Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?

-Қандай адам өз тілін құрметтейді?

-Жаңа

-«Үштұғырлы тіл» саясатына көзқарасың?

ІV. Ата Заңым- ардағым

«Отан» тобына:

1-оқушы:1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.

2-оқушы:1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

3-оқушы:1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі»,-делінген.

4-оқушы:1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,-деген. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады. (Оқушылар заңның әр тарау,бабын жатқа кезекпен айтады)

3-бап: Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

«Патриот» тобына:

5-бап: Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

6-бап: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.

7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

13-бап: Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

16-бап

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.

17-бап:Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.

«Тіл» тобына:

18-бап :Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етеді.

19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.

20-бап:Кісі есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиіс.

24-бап.Тіл туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылады.


V. «Поэзия минуты» (Оқушылар бір шумақ өлең оқиды)

VІ. Атадан қалған өсиет

«Отан» тобына:

Жігіт: Ассалаумаға лейкум,ата! Қарт: Аманбысың, балам! Арман деген не? Жігіт: Ата, арман дегеніміз-ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, жігіт бақытты болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Қарт: Дұрыс айтасың, балам,арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді. Қарт: Балам бақытты болу оңай ма? Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында. Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақылды адамды азат-тан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен. Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтсыз. Қарт:Балам, үйде кім, елде кім қадірлі? Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі. Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт,бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.«Бала-үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй азар» деген халқым.









«Патриот» тобына:

Қарт:Балам, үйдегі алтын қазық кім? Жігіт: Үйдегі алтын қазық-бала. Қарт: Жоқ,үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға қызға, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқор-шың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі өзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады, балам. Жігіт: Қандай керемет сөздер!

Қарт: Достықты нығайтатын не? Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытатын ынтымақ, бірлік, теңдік, бауырмалдық. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айты-ңыз», «Рұқ-сат па?» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кеші-ре де біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді. Жігіт: Рахмет, ата, сөздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын.





«Тіл» тобына:

Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында баласына:


Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле.


Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды.


Ойы сан-саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.


Бала: Ата, экем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.


Қария: Әкеннің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сө»леуді сенің Әкеннен үрендік. Тілден қымбат, қазына, байлық жоқ.


Автор: Деп аталы сөздін шешуін айтыпты.





VІІ.Постер қорғату:

Топ атауларына байланысты


Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі елінің келешегі, болашақ ұрпақ, мына сендердің қодарыңда. Сендерге мұра болып қалмақ. Ал сол болашақ жастар сендер қандай болуларың керек? Мәңгілік еліміздің шаңырағын біріктіретін не?

«Мәңгілік ел» әнімен тәрбие сағатын аяқтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі