400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты . "Тәуелсіздік тірегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздің, Желтоқсан оқиғасы, Отан туралы тәрбие сағатын өткіземін деген мүғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік — тірегім» 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы, отан туралы оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ұстаздар, қонақтар! Тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді алда келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

   Жүргізуші:

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

(ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

Мұғалім: «Тәуелсіздік — тірегім»  атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?

- Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Иә Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

(Желтоқсан оқиғасы видео)

Ендеше елтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық (1 минут үнсіздік)

  Жүргізуші:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып бар шарасы.

(Желтоқсан оқиғасына қатысты бейне ақпарат «Желтоқсан құрбандары»)

Жүргізуші:

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасына қаатысып қайсарлықпен ерлік көрсеткен.

КӨРІНІС Сот кеңесінен кейін. Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Сот:

Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.

Қайрат

Жоқ, бұл әділдік емес

Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Сот: : Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат;

Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Анасы:

Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!

ҚАЙРАТ

Көтер ана, көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер тал
таса,
Арым үшін түстім, рас, араша
Араша!

Жүргізуші:

Інжудің орындауында күй

«Жастар күйі»

Поэзия минуты (оқушылар жаттаған өлең шумақтарын сіздерге тарту етеді)





Назерке: Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз бар таңырқатқан шынымен.

Ұл-қызым бар,даламыз бар ұлы кең. Алдарыңда басымды иіп, өр халқым, Құттықтаймын тәуелсіздік күңімен!

Кәусар: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып

Айкөркем: "Үзілмесін жыр әнім"

Жаса,жаса,туған халқым қазағым, Аз көрмеген қиыншылық азабын.

Үш ғасырдай бодан болып өзге елге, Көрдің қатар достығын да мазағын!

Қанша асқарың аласарып сен үшін, Мерт болмады ұрпағы мен жер үшін!

Енді міне,аңсап өткен ерлерің Тәуелсіздік беріп отыр жемісін!

Гүлназ:

Төбем көкке жетпей қалды бір елі, Енді міне бүкіл әлем біледі. Қазақ деген жомарт халық едік қой, Аузын ашса көрінетін жүрегі.

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан, Бізге қарап жол түзейді адасқан. Барлық ұлтты туыс-бауыр көреміз, Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Қалықтасын көгімізде қыран құс, Ерлігіміз болсын елге жыр-аңыз. Ата- бабам армандаған сан ғасыр, Тәуелсіздікке тәубе, тәубе, мың алғыс!

Дәлелденді ,тура әділ жолымыз, Дос құшаққа әркез дайын қолымыз Ер Нұр -аға тек қана алға бастаңыз, Біз ереміз сіз аман -сау болыңыз.

Асылым: "Егемен елім ер жетті"

Жиырма жеті жыл тәуелсізбін, дербеспіп, Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім. Бодандығым ғасырларға жалғасқан, Қазір міне артта қалды келмес күн.

Дамуымыз керек енді қарқынмен, Уақытымыз есептеулі алтынмен. Тәуелсіздік арқасында үкімет, Жатыр міне барлығына үңіліп.

Сүйінші елім, тәуелсіз елім, сүйінші, Көкейден күй, көмейден жыр құйылды. Барлық елмен бас қосатын жиында, Төрағалық қазағыма бұйырды.

Айнагүл: "Қазақстан-республикам менің"

Бойымда-жігер,тұрғанда сенім, Жалындап өтем жолында сенің! Өзіңсің мәңгі бақытым барым Қазақстан-Республикам менің!

Бойымда қайрат, тұрғанда сенім, Құрбаным болам, жолыңда сенің! Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса, Сүйікті Отан,сүйікті елім!

Інжу

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.. Білімділер алға шығып елімде,

Жақсы атақпен ңұр шапағын жинады.

Тәуелсіздік -бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары. Тәуелсіздік -түнектерде тұншығып, Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

Инабат: Айналдым сенің атыңнан,қазақ,

Ел болдың еркін,ақ пейіл,азат! Желбіреп тұр ғой төрімді биік. Көк туың көркем,жібектей ғажап!

Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалында жастар,сендерсің сәнім! Беретін бойға күш-қуат,жігер, Шырқалсын шаттық, Әнұран әнім!

Қазақстан - Республикам менің

Томирис. Қ.Аманжолов "Туған жер"

Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың,ұқсайсың жас балаға.

О, шеті мен бұ шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?

Уа,дариға,алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!



Жүргізуші:

Гүлназдың орындауында терме «Туіан жер»



Айбек:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Гүлнұр:

Мен қазақпын , бір биік белеспін мен, Еуропа да, Азия да емеспін. Аралықпын жетінші құрылықтай,
Бірақ барша адаммен тең емеспін.

Гүлсанат: Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! Нендей күйге жүрегімді бөледің? Сенде тудым,сенде өстім мен,сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.



Жасмин:

Мен өзіңдей байтақ едім,кең едім, Қызығыңды көріп еркін келемін. Сен де аямай бердің маған барыңды, Мен де аямай барым саған беремін.

Арсен:Орындалып ата-баба арманы,

Азат қыран көгімізде самғады . Оған куә табыс толы жиырма жеті жыл, Әр сәтінің ғасырға тең салмағы .

Бағдат:

Тәуелсіздік тірлігіңнің айғағы,

Кей пенденің жете кеткен арманы

Ал еліміз кеңге жайған құшағын

Жарқырайды әртүрлі ұлт маңдайы,

Елін сүйген ұлы дана тұлғалар

Елдік үшін азапқа да шыдаған

Ұрпағының бақыты үшін күрескен.

Алыптардың еңбегіне жырланар.

Бақтияр: Тәуелсіз елім

Ғажайып халқы бар, Бауырмал салты бар, Тәуелсіз қазақпыз Шыңдарға шарқ ұрар.

Бабалар ерлігін, Дәріптер ел бүгін. Салтанат құруда, Еркіндік теңдігім.

Нұртілек:

Татулықты ұран қылып күнде біз,

Берекемен бірге болып іргеміз.

Халқымызды күллі әлемге танытқан

Елбасымен қашандағы біргеміз!!!

Ашық болсын қазағымның аспаны .

Биіктесін мәртебесі асқары.

Көк байрағы мәңгі тулап көгінде.

Ел намысын қорғап жүрсін жастары.

Жүргізуші: Хор «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды.

Осы 29 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2020 жылдар аралығын   таразыласақ. (слайд арқылы)
- 1991 жылы 1991 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады

тамызда Семей полигоны жабылды. 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ - на мүше болып қабылданды.4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді, 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.

- 1996 жылы Ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы

- 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды

- 1998 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды
- 1999 жылы «Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы»
- 200 жылы – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды

2001 жылы «Автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасы басталды

2003-2005 жылдары «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды
2004 жылы «Ресейдің Қазақстандағы жылы»
2005 жылы «Ресейде «Абай жылы» аталып өтті »
2006 жылы Қаңтарда Республиканың жаңа әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын 

«Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі  өтті.

- 2010 жылы – Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. 

- 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
- 2011 жылдың 16 - желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 - жылдық мерейтойы тойланады.
- 2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады

тұңғыш президент күні тойланды.
-
2013 жылы «Қазақстан EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткiзу құқығына ие болды

-2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады

- 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент салтанатты түрде ашылды.

- 2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды.

- 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ете бастады. Төрағалықтың негізгі мақсаты Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша құжат қабылдау болды. Кеңестің тұрақты емес мүшелері бұл қызметке кезекпен кіріседі.
- 2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың наурыз айындаҚазақстан халқына Президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы үндеуін жариялады.

Кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 23 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

- 2020 жылы Еріктілер жылы деп жарияланды

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды






Қорытынды:

«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Президентіміз кім?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Қай жылы тәуелсіздік алдық?
- Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
- Тұңғыш президентіміз кім?

- Еліміздің астанасы қай қала?

- Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік. Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі «Тәуелсіздік – тірегім» атты тәрбие сағатымызды "Атамекен" әнімен аяқтайық.

Келгендеріңізге р а х м е т !!!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
2804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі