400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты « Таулары тарих, даласы дастан »

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, тамаша табиғатын дәріптеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: « Таулары тарих, даласы дастан »

Мақсаты: 1. оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік бер;

2. Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, тамаша табиғатын дәріптеу;

3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырырыбындағы суреттер, «Әнші құм», «Жұмбақтас», «Шарын», «Оқжетпес», , «Азбартас», «Айдарлы аша», «Әулие ағаш» ікелбеттері.

Барысы.


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе бөлім.

  • Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін ұланғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақтсан Республикасы.

Республикам менің күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген –

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.


Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт болғандарыңа мақтануға және ел байлығын, мұрасын бағалап, туып өскен жеріміздің ғажайып табиғатын тереңірек біліп, оның әсемдігін бағалай білсек деген мақсатпен тәрбие сағатымызды бастайық.

  1. жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Таулары тарих, даласы дастан» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

  2. жүргізуші: Қазақстан – туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?!

Көрсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желге желпем.

Менің туған өлкем – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім.

  1. жүргізушіі: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

Ән: «Туған ел»

1-оқушы: « Әнші құм » .

« Әнші құм » Талдықорған жеріндегі Үлкен Қалқан ,Кіші Қалқан таулардың етегінде орналасқан құмды төбе.Биіктігі – 150 м, ұзындығы 8 км, ені – 3 км. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады.Соның салдарынан құм төбелер пайда болып отырады.Жел соққанда, електен өткендей іріктелген майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, әдемі әуен естіледі.Егер жел күшейе соқса, әлгі әдемі әуен реативті ұшақтың гүріліне ұқсап кетеді.Осындай ғажап әнді есту үшін адамдар әдейі ат басын бұратын болған. Табиғаттың мұндай ғажайып әншісі ешбір елде жоқ.

2-оқушы: «Шарын».

Шарын шатқалы-Алматы облысындағы ең көрікті жердің бірі.Көне түркі тілінде «чаран» арынды, тасқынды, екпінді,қарқынды өзен дегенді білдіреді.Ерте заманда бұл өзеннің ағысы қазіргідей баяу емес, тасқынды, қатты да арынды болғаны сөзсіз. Қазіргі уақытта өзенің бұрынғы арнасы қолмен қойғандай тік жарларға айналған. Оның әдемілігі Америкадағы каньондардан да асып түседі.

3-оқушы: Табиғат, қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрсың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

4-оқушы: «Жұмбақтас»

Бурабайдың сыңсыған қайыңдары мен қарағайларының арасында айнадай жарқыраған Қүміскөл жатыр. Сол көлдің ортасында судан шығып жатқандай көрініс беретін жартас бірден көз тартады.Әрбір қырынан қараған сайын бұл жартас мың құбылып, әр түрлі жұмбақ мүсінді елестетеді. Бір қырынан қайыққа ұқсаса, екінші жағынан шашын жайған ару қыз көрінеді.Содан да болар халық оны Жұмбақтас атап кеткен. Ел арасында мал-жаны маңғырған бір бай өмір сүріпті. Оның көп ұлдарының арасында сұлу, ақылды әрі өнерлі жалғыз қызы болыпты.Күндердің күнінде сол елге әнші әрі күйші бір сері жігіт қыдырып келеді. Осында жүріп ол байдың қызымен танысады. Қыз әкесінің рұқсат бермейтінін білген олар түн жамылып Күміскөл жаққа қашып кетеді.Мұны естіген бай жігітті өлтіріп, қайткенде де қызды тауып алып келуге бұйрық беріп ұлдарын аттандырады. Әке қаһарынан қорыққан ұлдары қыз бен жігіттің ізін аңдиды. Күміскөлді паналаған бір—бірін ұнатқан екі жасты қолға түсірмек болады.Жағалаудағы жапырақ жамылып, садақтарын дайындап, айлап торуылдап жатады. Бір жолы екі жас қайықпен жағаға жақын келіп тоқтайды.Осы сәтті пайдаланған қуғыншылар жігітті садақпен атып салады. Сүйген жігітінен айрылып, зар еңіреген жас ару батып бара жатқан күнге қолын созып. Құдайға жалбарынады. Өзін қайғымен қоса тасқа айналдырып жіберуін өтінеді. Қыз тілегі орындалып, ол сол сәтте тас мүсінге айналады. Міне, Жұмбақтастың бір сыры осындай.

4-оқушы: «Оқжетпес»

Сұлу Көкше өңірінде найзағайдай көкке шаншылған биік тау бар. Жерден тартқан садақтың оғы оның шыңын тіпті маңайламайды. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды текшелеп, қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Жер таңдайтын қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тасына қадалып, аспанмен таласып өсіп тұр. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай,Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы қазақ жеріне шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы қазақ жеріне көз алартқан жау аз емес еді. Бала келген жауды жайпап, ел шетіне жолатпай қойыпты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің тұнық суына рақаттанып шомылады. да, Көкшенің баурайындағы ну қарағайдың арасына келіп алаңсыз жата кетеді. Орман ішінде жасырынып жүрген жау оңтайлы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жанталаса кетеді. Алайда анталаған жау таусылмайды. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Жау қолына түсіп қорлық көргенше құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамақ үшін төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

5-оқушы: Қия тасты, ұя тасты ,ақ тасты,

Міне алдан сансыз таулар қақпа ашты.

Көргендерін сан ғасырлар сүйіпті ел,

Сәлем саған, біз шықпаған биіктер!

6-оқушы: «Шайтанкөл»

Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерінің бірі – Қарқаралы сілеміндегі көлдер мен өзендер, таулар мен қайыңдар, қарағайлы ормандар ерекше сұлулықтармен көз тартады. Бұғылы, Шаңкөз, Мәтен, сұлулықтарымен көз тартады. Бұғылы, Шаңкөз, Мәтен, Әулие, Қызыларай таулары ғажап көрінісімен көңілді баурайды. Қарқаралы жері – тұнып тұрған аңыз ертегі. Солардың ішінде Шайтанкөлдің адам білгісіз керемет сыры бар. Шайтанкөл биіктігі шамамен 1200 метр болатын Бұғылы тауының ең биік аңғарында, тау шыңында орналасқан. Оның бір беткейі еңкіштеу. Ал екінші жағы құлама тік жар. Таудың ең биігінде шағын тостағанға ұқсайтын мөп-мөлдір көл жатыр. Ұзындығы – 60 метр, көлденеңі – 40 метр. Бұл көлдің Шайтанкөл аталуы тегін емес. Себебі тостағанның орта тұсы қап-қара болып иірімденіп жатады. Көлге түсіп шомылуға адам жүрексінеді. Тағы бір қызығы – көлдің қарсы жақ жағалауларының арасының алыс еместігіне қарамастан кейде келесі жағадағы адамдар көрінбейді. «Шайтан» алып кетті ме, қайда кетті? дегеннен Шайтанкөл атанып кеткен дейді.Шайтанкөл атанып кеткен дейді. Шайтанкөлдің таудың ұшар басына орналасуының өзі – табиғаттың құдыреттілігі.

7-оқушы: Дүниенің есігін сен де жаңа ашқан ең,

Мен де өзіңдей оқылмаған дастан ем.

Қанша тау бар балғын табан баспаған,

Қанша құз бар біздер әлі аспаған,

Қандай жақсы жолды шыңнан бастаған.

8-оқушы: «Азбартас»

Азбартас деп аты ғана бізге жеткен, бұл жердің айтылмаған да, зерттелмеген де құпиясы көп. Түсініктеме сөздіктерде «Азбартас» тастан қаланған шағын қора деген мағына береді. Тереңдігі 12-13 м, ені 3-4 м,ұзындығы 100 метірден асады. Хромтау ауданы, Қопа жерінде орналасқан.

9-оқушы: «Айдарлы аша» деген атына сай, үлкен сайдың шығыс жақ бетінде созылып жатқан қырқадағы биік төбе екен. Осы төбенің белбеу сызығы басты екіге бөліп, айдар сынды көріністі бейнелейді. Етегінде үлкен сайын екі өзен айрылып жатыр. Аша аталуы осы екі өзенге қатысты болса керек.

10-оқушы:Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы , қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың көркемсің!

11-оқушы: «Әулие ағаш»

Ол Құмқұлдықтан 30-35 шақырымдай жерде орналасқан. «Әулие ағаш» тұқымы – қайың. Бұл өңірді ХY-ХIХ ғасырларда қалың ел жайлаған. Көші-коны жанындағы ақтастың үстіндегі көк ағашты халық жол бойындағы белгі етіп, ғажап көріністі қадірлеген болар. Жалғыз ағаштың жерге шықпай, тастың үстіне шығуын табиғат құдіретінің күші деп ұғынған жөн.

12-оқушы: Менің өлкем – атадан мирас хат маған,

Ақылдың сөзін жанымда жастай сақтағам.

Көне беттерін күрсініп ауыр аударып,

Жаңа пырағын жадырап , жайнап ақтарам.

13-оқушы: «Жабасақ»

Жабасақ – адам аты, кіші жүз ішінде Шөмек руы , Қаратамыр тайпасынан , Жабасақ деген кісі би , сөзі дуалы, ақылды, халқына қамқоршы болған сыйлы адам. Жердің аталу шамасы осыдан 200 жыл , шамамен 1740 жылдар. Сүйегі «Қарамола» деген жерге жерленген. Жабасақ орталығынан 5 шақырым жердегі үлкен қар төбе. Жас шамасы 70-80 жаста дүние салған.


Шығармашылық жұмыстарымен танысу:

Оқушылар өз шығармаларын, өлеңдерін оқып, ортаға салады.

Туған жер туралы жаттаған тақпақтарын айтады.

Ән: «Саржайлау»

Ән: «Өз елім»

Ән: «Гүлдерайым»

Ән: «Алатау»

Хор: «Елім менің»














































Н.К.Крупская атындағы орта мектебі.










«Таулары тарих – даласы дастан»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі