400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты " Ұлы жеңіс- жасасын" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Талғар қаласы Облыстық санаториялық үлгідегі

мектеп- интернаты











Тақырыбы: «Ұлы жеңіс –жасасын!»

(тәрбие сағаты)













Орындаған : Медетова Жанар Жумакановна

















Тақырыбы: Ұлы жеңіс- жасасын!

мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: журнал, слайд, суреттер, портреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Барысы:

1-слайд

І бет Отты жылдар шежіресі

Тәрбиеші: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар Ұлы Жеңістің 75жылдығына орай

«Ұлы жеңіс- жасасын!» тақырыбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.





Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіме алам сол бір апат қайғыны қайғыны.

Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.

Тәрбиеші: Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған, Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.

Бейбіт елдің ұрпағы

Тәуелсіз елдің ұрпағы

Жасампаз елдің ұрпағы

Ұлы жеңіс туралы сіздің пікіріңіз қандай!

1-оқушы  Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Суық хабар сол күні-ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен тарады. Ұлы Отан соғысы басталды.

2-оқушы  Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болаты.

3-оқушы Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.

4- оқушы Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.

5- оқушы Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі.

6- оқушы Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

Көрініс: «Қоштасу»

Ана (Аяулым) - Сен кетсең солды гүлім, өшті үнім,

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып, кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға, қош құлыным!

Бала (Сұңқар) - Қайтармын соғыстан қол босағасын,

Сенемін сен үмітпен тоса аласың.

Майданға кіргеннен соң хат салармын,

Жылама қош болып тұр, қош анашым!

Тәрбиеші: Аналар тілек айтты қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

Ән: О, аналар,осындайсың бәрің де! (Әуеннің 1 шумағы ойнайды)

Тәрбиеші: Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.

2-слайд ІІ бет – «Жеңіс туын желбіреткен батырлар мәңгі есімізде»

7-оқушы  Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

8-оқушы  Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

8-оқушы  Қан майдынға шығарып сап ардағын,

Қыз – келіншек түсірмепті салмағын.

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай– сүйекті сырқыратқан зардабын.

9-оқушы  Біздердің қазіргі бейбіт күлкіміз үшін, барлық халықтардың бақытты өмірі үшін отқа түсіп, жанын қиған батыр ағаларымыз бен апаларымызды біздер ешқашан естен шығармаймыз.

Қортынды бөлім:

Ұлы жеңіс туралы тарихи деректерді жадында сақтау ,насихаттау ол ұрпақтың борышы. Тәрбие сағатымызды аяқтай келе, Елдік пен ерліктің киесіндей, батылдық пен батырлықтың иесіндей болған аты аңызға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының өз даусымен жазылған бейне жазбаны сіздерге ұсынамын.Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі