жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты " Ұлылардың ұлысы -Абай"
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ұлылардың ұлысы - Абай "
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы
ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі
өмірімен танысамыз, шығармаларына шолу
жасап, әндерін, өлеңдерін мәнерлеп
айтамыз.
-Абай шығармашылығын
сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі
ете отырып, білім-ғылымға құмарларын
арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын
танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке,
табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, музыка
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Шаттық шеңбері:
Ән айту: «Көзімнің қарасы»
Балалар, кімнің әнін тыңдадық?
Тақырыпты таныстыру,мақсатын қою.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен.
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
Оқушылар жауабы:
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен,қара сөздерімен танысып жатырмыз.
- Біз кішкентай кезімізден бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз.
- Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді.
Мұғалім:
Біреулерге
болғанменен айдала,
Басын иіп тәу
етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге
әкелген,
Құдіретіңнен айналайын,
сардала- дегендей, ұлылардың ұлысы
Абайдың туған жері туралы не білесіңдер?
1-оқушы:- Ұлы ақын 1845 жылы 10 тамызда – табиғаты тамаша Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
2-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.
3-оқушы. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.
4-оқушы. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.
5-оқушы. Абай
– ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған
адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста,
Сонда толық боларсың елден
бөлек,- дейді Абай ата.
6-оқушы. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
Мұғалім: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық
Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?
1-
оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар»
2-
оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»
3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»
7-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»
8-оқушы: «
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
Мен
,жазушы,ақын Абай атамның «Ғылым
таппай,мақтанба» өлеңін оқып берсем
деймін.
Мәнерлеп бір өлең оқиды.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де – өзі, малда өзі
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз...
Мұғалім: Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз.Аудармашылығы туралы не айтасыздар?
7-оқушы. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған.
8-оқушы. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.
9-оқушы: Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.
10- оқушы: Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.
Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған
Қазір біз И. А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тыңдап көрейік.
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тонған қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды, аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Алай жаздай ән салсаң,
Селкілде де, биллей бер!
Мұғалім: Сонымен балалар, Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз? Абай аудармашы Сіздер ,Абай аталарыңыздың қай қырын байқадыңыздар? |
1- оқушы:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына.
2-оқушы:
Абайдың Қара сөздері терең ой мен
күрделі пікірге құрылған.
Жақсы
мен жаман туралы баяндайды, халқын алға
ұмтылуға шақырады.
3-оқушы: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз.
Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
4- оқушы: Абайдың 31 қара сөзін жатқа оқиды.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
Екінші - сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншыл-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
"Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей,
ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас.
Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны
да рас. Жаратқан
тәңіріні де сен
танытасың, жаралған екі дүниенің жайын
да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың,
амал да, айла да - бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның
екеуінің де
сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің
іздегенін тауып беріп жүрсің, соның
жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды
қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ
сонда билеуші, әмірші жүрек болса
жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек
сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық
айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек
түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден
қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз?
Абай – ойшыл.
1-оқушы:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
2- оқушыӨзі де бірнеше ән шығарған. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Сегіз аяқ»
Яғни ,Абай –сазгер.
3-оқушы:- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй демекші,
Енді Абайдың атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін орындауға шақырамын.
Түйіндеу.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде
артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып
кетуді ақын сөзімен айтсам:
Өлді
деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық.
Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы.
«Әлемнің Абайы» өлеңі
1-жүргізуші: Абай
біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар
биік шыңымыз,
2-жүргізуші: Ақ
ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл
қазына, ашылмаған сырымыз.
1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
2-жүргізуші:Парасатты
болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
1-жүргізуші:.Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы,
2-жүргізуші:.Нақылменен
сана құйған,
Қазағымның Абайы,
1-жүргізуші: Ақылменен дана болған
Бірге: Бүкіл елдің Абайы
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл
сөзді іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,
тоқы көңілге.Сондықтан, балалар, Абайдың
өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген
тілекпенбіз Абай атаны жадымызда ұстайық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген