Төлеген Айбергенов атындағы
№16 орта мектеп
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ынтымақ - достық кепілі!»
Тәрбие сағатының
мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар
бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз
Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: тәрбие
сағаты.
Көрнекілігі: интербелсенді
тақта, кітап көрмесі плакат, нақыл
сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі,
гүлдер.
Өткізілген
уақыты:28.04.2018ж..
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар,
мұғалімдер! Біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз
«Ынтымақ- достық
кепілі!» деп
аталады.
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі» Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер
қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған
жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын
еліміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние
жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы,
Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 –
желтоқсанда алды.
Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз – көп ұлтты ел.
Біздің елімізде достығымыздың, татулығымыздың, бірлігіміздің
арқасында 100-ден астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде.
Еліміздегі өзге мемлекеттер қызыға қарайтын мамыражай тыныштық,
өзара достық қарым-қатынас- ынтымақтастың жемісі. Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаевтың Жарлығымен 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні
болып белгіленді. Бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өкілдері өзінің
ең қуанышты мейрамы деп біледі.
Қазақ жері – қонақжай төрдің
жері
Қазақ елі – қас Сақтай ердің
елі
Толқынды тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған
еді
Зобалаңда көп шеккен қасіретті
Ұлт
ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілмен елге деген
Арнайды барша халқы ақ тілекті
оқушы:Ұлы достықтың тарихына көз
жүгіртсек, сонау қазақ үшін сын сағаттарда патша жарлығымен кіндік
кескен жерінен, Отанынан айрылып, қазақтың басына түскен
қуғын-сүргін олардың да басына түсіп, бірі айдалып, бірі пана іздеп
келгендер – орыс, украин, татар, башқұрт, ұйғыр, поляк, неміс, т.б
ұлт өкілдері Қазақстанның түпкір- түпкірінен орын алды. Қазақ
халқымен бір үзім нанды бөліп жеп, бір кесе айранды бөліп ішті,
міне, сол кезде ортақ мақсат, ортақ кәсіп, патша өкіметінің
зорлы-зомблығы оларды бір – біріне жақындастыра түсті. А. С. Пушкин
т.б. қайраткерлер мен жазушылар келіп, қазақ халқы туралы құнды
мағлұматтар жазуға, зерттеуге, қалалар салуға, мәдениетті көтеруге
үлес қосты.
оқушы:Осыған орай Қазақстан Респбуликасының Президенті
1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеясының
құрамына 33 ұлттын өкілдері саналатын 320 адам енді. Бүгінгі таңда
елімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік және украин тілдерінде
жүргізілетін 88 мектеп бар, 108 мектепте 22 этностың ұлттық
тілдерді таңдау пәні ретінде оқытылады.
/
Сахналық көрініс /
-
оқушы:
Уа,
кош келдің, Ынтымақ күн, бірлік күн
Берекесі замананың, тірліктің
Ұлттар менен ұлыстарды ұйытқан
Ұлы
елімнің келбетінен нұрды ұқтым
2- оқушы:
Кіндік емес,
Бұл
ынтымақ – ғұмырлық
Көтереміз ауыры мен жүгін нық
Ұлы
достық қасиетін ұғындық
Отан үшін жұдырықтай жұмылдық!
3- оқушы:
Береке ғой,
Өмірімді сән етер
Одан асып қай қасиет мәні өтер?
Шаңырағын шайқалтпайтын
тұрмыстың
Уа,
ұлы күн, сен өзің ғой дәнекер.
4-оқушы:Бүгінгі таңда аталған мереке халқымыздың
бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы
айрықша дәстүрге айналды. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар
сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең
құқықтылық ең маңызды қассиеттер екенін
дәріптейді.
5-оқушы: Бейбітшілік пен келісім – Елбасының саясаттағы
негізгі ұстанымы. Қазақстан бірлігі арқасында біз көптеген
қиындықтардан өтіп, тәуелсізімізді нығайтық, бірлігіміздін
арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз.
Кең
пейіл мамыр келсе – көңіл кенен
Шаттанам, қуанамын, көңілденем
Көк-жасыл әлем сынды кіршігі
жоқ
Тамаша –ау, тату тәтті өмір
деген!
Мұғалім:«Тіл өнері»бөліміндесендер мақал - мәтелдің түсіп қалға сөздерін
тауып, 3 тілдегі баламасын айтасыңдар.
Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі
қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.
1.
Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)
2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка,
girl)
3.
Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)
4.
Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб,
bread)
5.
Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово,
words)
6.
( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)
7.
Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза,
eyes)
8.
Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)
9,
Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик,
boy)
Мұғалім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Күлдіргі жұмбақтар.
1.
Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн
ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)
2.
1 т мақта ауырма, әлде 1 т темір ауыр ма? (тең)
3.
Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек
айтады. (сенің есімің)
4.
Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген
кезде)
5.
Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
6.
Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?
(мысық)
7.
Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12
мин)
8.
Бір жанұяда 5 ұлдың бір - бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала
бар? (6 бала)
9.
Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері
қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің?
(тең)
Мұғалім: «Ізденген жетер мұратқа»
қойылған сұраққа мақалдап жауап
беру.
1.
Қарғыстың ең жаманы бола ма? (өзің білме білгеннің тілін алма
)
2.
Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
3.
Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)
4.
Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)
5.
Үлкен көз және үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың
сөзі үлкен )
6.
Адамның қорқақ және батыр мүшесі бола ма? (көз қорқақ, қол
батыр)
7.
Білекті және білімді не жығар? (білекті бірді, білімді мыңды жығар
)
8.
Ынтымақ бірлігін ата? (Ынтымақ достықтың бірлігі
)
9.
Ырыс алды бола ма? (ырыс алды ынтымақ)
«Тапқыр болсаң тауып шеш
Ребус шешу: Жауабы. Тәуелсіз елім - тірегім,
Қазақстан ұлы – елім.
2.
Бірлік түбі тірлік.
3.
Қашқаридің ұлағатты сөзін оқи аласыздар:
Дос
адам сарайыңды жұмақ етер.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар,
мұғалімдер! Бүгінгі «Ынтымақ - достық
кепілі!» атты тәрбие сағатын Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы 15 сессиясында
сөйлеген сөзімен қорытындыламақпын. «Береке басы – бірлік», дейді
қазақ. Ал, береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын
болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Тәрбие сағатын қазақ халқының
екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен
аяқтаймыз.
7 «Б» сынып оқушылары арасында
өткізген тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға
рахмет!
Орындаған қазақ тілі пәні
мұғалімі: Расулова Е.А.