Алматы
қаласы
Наурызбай
ауданы
№157 жалпы білім беретін
мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі Әбдірайым Балнұр
Мәмбетқұлқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Абай әлеміне саяхат»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға
шақыру. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға
құмарлықтарын арттыру.
Тәрбие сағатының
міндеттері:
Білімділік: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер
Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын
насихаттау.
Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және
тереңдету. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты
жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті,
АКТ
Тәрбие сағатының
түрі: Танымдық
сағат.
Тәрбие сағатының
әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, «Коллаж» әдісі,
«Буриме» әдісі, «Иә, жоқ ойыны»
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
/40 минут/
ӨТІЛУ
БАРЫСЫ
Ұйымдастыру
\Абайдың өлеңі қосып
қойылады\
Амандасу: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік бәріне,
Құрметпенен біз!
Топқа
бірігу «Мозайка»
әдісі
1-топ
«Қыс»
2-топ
«Жаз»
3-топ
«Жазғытұры»
4-топ
«Күз»
Ал балалар, мына мозайканы
құрастырсаңдар топтарыңның аты
шығады.
/Артында әріптері болады сол
әріптер арқылы «АБАЙ» деген сөз
шығады/
-Қандай жазу
шықты?
-Дұрыс айтасыңдар, Абай. Абай
Құнанбаевтың биыл неше жылдық мерейтойы тойланып
жатыр?
-Керемет, 175 жылдығы .
Балалар мен сендерді жыл мезгізлерімен топқа біріктіргенім де жай
емес. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері
бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз»,
«Күз»).
/Өлеңдерді мәнерлеп
оқу/
Ой
шақыру.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: «Абай әлеміне саяхат»
Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай
ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат
жасаймыз.
Парасатты болып
туған,
Шыңғыстаудың
Абайы.
Ән мен жырын мұра
қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен сана
құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен дана
болған,
Бүкіл әлем Абайы, - деп ақын
Жұмағазы Алмабаев жырлаған Абай кім?
1-оқушы
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы
жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс
болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты-Ибраһим болса да, «Абай»
деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері сол
есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс
болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті.
2-оқушы
Абай әке жағынан алғанда
Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен
тарайды.
Оның бабасы Тобықтының биі
болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны
болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан
тарайды.
3-оқушы
Әкесі – тілге шешен, ақылға
бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі
жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның
жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасына әсері мол
болды.
4-оқушы
Абай 10-12 жасынан мұсылманша
оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінеде
оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3 ай орыстың
«Приходская школында» орысша сабақ оқиды.
5-оқушы
Осы 4 жылдық медреседегі және
3 айлық орыс мектебіндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден
білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін
тигізді.Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
6-оқушы
Абай атамыз 14 жасынан өлең
шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән
бермейді. Абайдың өнерге бет бұрғанына себепкер орыс достары Грось
пен Михаэлис болды.
Топтық
жұмыс
1-топ «Кластер»
әдісі Абай
кім?
2-топ «Буриме»
әдісі Өлең
шығару
3-топ «Коллаж»
әдісі Абайдың өлеңін құрастырып,
айтып береді
4-топ «Ән шырқау»
әдісі Абайдың әні жазылған
карточкалар таратылады.
Қалыптастырушы
бағалау
«Тізбекті үзіп алма»
әдісі.
Оқушылармен бірге Абайдың
өлеңдерін мәнерлеп айту
Қалыптастырушы
бағалау
Сергіту
сәті
Ән «Көзімнің
қарасы»
Бүгінгі тәрбие сағатында Абай
өмірімен, шығармашылығымен таныстық.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,
Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек
әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын,
сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың
парызы.
«Иә, жоқ»
ойыны
Абай Семей өңірінде дүниеге
келген
Абайдың шын аты - Абай
Абайдың арғы атасы Құнанбай
Абайдың шешесі Зере әжесі Ұлжан
Абай бес нәрседен нәрседен
қашық болуды нұсқайды
Абайдың шың аты
Ибраһим
Абай бес нәрсеге асық болуды
нұсқайды
Оқушыларға қорытынды сұрақтар
қойылады. Иә деген жауап болса, оқушылар жасыл түс, жоқ деген жауап
болса қызыл түсті көтереді.
Қалыптастырушы
бағалау
Рефлексия. «Аялы алқан»
әдісі. (Оқушылар сабақ туралы
ойларын, не түсінгендерін хатқа жазып, конвертке
салады)
Мұхтар
Әуезов – «Абай лебі, Абай үні, Абай
тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге
қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»,-дей келе тәрбие сағатымызды
аяқтайық.