Бекітемін: _____________________________________
Күні:
____________
«Абай бол, жас
дос»
Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы
ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы
білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды
жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері,
плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған
суреттері.
Барысы.
Залға сап түзеп әр сынып
оқушылары музыка ырғағымен кіреді. Әнұран
орындалады.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті
қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Абай бол, жас дос» жиынымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді
үміи.
Арманға сапар тарту мүмкін
емес,
Жол жүру ережесін білмей
тұрып.
1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз
да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да,
Жол жүру ережесі заңды тәртәп
–
Ол
ортақ
Үлкен кіші
баршамызға!
2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар
елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем
деген.
Бүгінгі бізге келген
қонақтарға,
Жиынымыз басталсын
сәлемменен.
1-жүргізуші: Оқушыларға сөз кезегін
берейік.
І топ.
«Бағдаршам».
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға
таласып.
ІІ топ: «Жол
белгілері».
Топтың ұраны: Үйрен таппай
тыным бір,
Белгілердің тілін
біл!
ІІІ топ:
«Жүргізуші».
Топтың ұраны: Жол тәртібін
білейік,
Аман-есен
жүрейік!
ІҮ топ:
«Қиылыстар».
Топтың ұраны: Басталар әр
қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін
сақтауменнен.
Хор:
«Бағдаршам».
І топ.
«Бағдаршам».
(Бағдаршамның шығу тарихы
жайлы баяндайды).
-
-
оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап
тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам
теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі
тарихта сақталмағын.
-
– оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап,
қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы
Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам
орнатты.
-
– оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал
қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат
ортасына газды шам орнатылды.
-
– оқушы: Өкінішке орай бізде газ
жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр
бойы ұмыт болады.
-
– оқушы: Тек 1914 жылы Американың
Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б.қалаларында пайда бола
бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл
және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла
бастады.
-
– оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет
бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка
көшелерінің қиылысында орын алды.
ІІ топ. «Жол
белгілері».
1 –
оқушы: Үйрен таппай тыным
бір,
Белгілердің тілін
біл.
Егер оны
білмесең,
Тартар жолың
бұлыңғыр.
2 –
оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің
мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң
сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса
жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке
ешқашан да қалмаған.
3 –
оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым
салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып
жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық
болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін бар ма
тағы сұрағың.
4 –
оқушы: Белгімін көсетер жылдамдық
бағытын,
Ой, шыңқыр, бұрылыс, қатерді,
қауіпті,
Барлығын анықтап, көрсетіп
жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез
таныпты.
5 –
оқушы: Баратын сапардың қашығын,
тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп
тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып
жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш
шырағым.
ІІІ топ.
«Жүргізуші».
1 –
оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді
қауіптен, жазымнан сақтайды.
2 –
оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін
орындау баршамызға қажет.
3 –
оқушы: Есігінен
артқы,
Көлікке сен
мінген.
Дәл осы бір
сәттен,
Құлағыңды
тіккен.
4 -
оқушы: Кезекте сен
әлгі,
Артқы есіктен
кірген.
Енді есіктен
алға,
Түсеріңді
білген.
ІҮ топ.
«Қиылыстар».
1 –
оқушы: Жолдар
қиылысында,
Қалтарысып
қысылма.
Көлденеңнен жол
болса,
Кібіртіктеп тоспа
оны.
2 –
оқушы: Бос болмаса
алайда,
Сақтық жаса
абайла.
Қалмас үшін
соқтығып,
Ол өткенше тос
тұрып.
3 –
оқушы: Ирек-ирек
көшелер,
Көше деген мың
ирек.
Қиындыққа әйтсе
де,
Үйренесің
біртіндеп.
(«Бағдаршам» ойынына барлық
оқушы топпен қатысады).
2 –
жүргізуші: Ойын жүргізуші алдын ала
дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін
байқайды.
Ойын
шарты:
-
Бағдаршамның жасыл көзін
көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа
келтіреді.
-
Сары көзін көрсеткенде ду қол
шапалақтайды.
-
Қызыл көзін көрсеткенде бір
орында қозғалмай тұрып қалады.
1 –
жүргізуші: Қызыл көзін
ашқанда,
Сынық сүйем баспа
алға.
2 –
жүргізуші: Сары көзін
ашқанда,
Қарап қалма
аспанға.
1 –
жүргізуші: Жасыл көзін
ашқанда,
Өте бергін,
жасқанба!
Мұғалім: Қымбатты қонақтар, ұстаздар,
оқушылар! Міне, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай
орындап, сақ жүріңдер демекпін.
Ән: «Анадай асыл
мектебім».
2 –
жүргізуші: Арманға алда күткен
асығармыз,
Біз қалай толқын атпай
басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы
біліп,
Сақтықта тұра алатын жас
қыранбыз!
1 –
жүргізуші: Басталар әр қадамың
аттауменен,
Өмірге қол созады әрбір
көше
Жол жүру ережесін
сақтауменен.
2 –
жүргізуші: Жолда жүру
әліппесін,
Білген жөн бес
саусақтай.
Сонда ғана жүре
аласың,
Сен өзіңді сау
сақтап.
1 –
жүргізуші: Жыламасын
аналар,
Жас ұландар өсе
бер.
Сақ болыңдар,
балалар!
Сақ жүріңдер
көшеде!
2 –
жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар,
оқушылар! Осымен «Абай бол, жас дос» атты тәрбие сағатымызды
аяқтауға рұқсат етіңіздер.