400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...." 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Күні:

Мұғалім:Шонаева М.М

Сынып: 4 «К,М»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

« Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін... »

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңдерін мәнерлеп оқи алады,ақын қасиеттерін үлгі тұтады


Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Өлеңдерін жатқа оқиды,ақынның өскен ортасы туралы біледі


Кейбір оқушылар орындай алады: Абай шығармашылығын сүйіп оқиды, өмірін, қасиеттерін үлгі етеді, білім-ғылымға құмарлығын арттырады


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Басталуы

Сабақ мақсатымен таныстыру.


Ортасы







































































Соңы

Өту барысы:

1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.

Мұғалім сөзі: Биыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 175 жылдығын тойламақпыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көпшалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді жалғастырамыз.

«Абай жаққан бір сәуле...» сайыс
Сайыстың шарты:
1. Топтың аты, ұраны, әні (Екі топ таныстырып шығады).
2. «Өлең – сөздің патшасы...» Мәнерлеп оқу.

Оқушылар ақынның өлеңін мәнерлеп оқиды.

3. «Кемедегінің жаны бір» сұрақ - жауап

Сұрақтар:

1 . Абай қай жерде дүниеге келген?

(Шығыс Қазақстан облысы,Шыңғыс тауының бөктерінде)

2. Абай қай күні, қай жылы туылған?

(1845 жылы 10 тамызда)

3. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?

(Тобықты)

4. Абайдың шын аты? (Ибраһим)

5.Абайдың әкесінің аты кім?

(Құнанбай)

6.Әжесінің аты кім? (Зере)

7. Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)

8.Абай неше жасқа дейін оқыған? 13

9. Абай кім? (Ақын,сазгер, аудармашы)

10.Қандай өлеңдерін білесіңдер?

(Жаз,қыс,күз,көктем жыл мезгілдері туралы)



3.Әр топ ақынның қарасөздерін айту

4.Көрініс көрсету

Екі топтан оқушылар көрініс көрсету керек


Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау)














































Слай





суреттер

























суреттер

























































«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Келісемін Бекітемін

ТІЖО Мектеп директоры

Л.Т. Абылдаева Ж.Ш.Кулиева









« Тіл ұлттың жаны»














2017-2018 оқу жылы








«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Келісемін Бекітемін

ТІЖО Мектеп директоры

Л.Т. Абылдаева Ж.Ш.Кулиева









« Тіл – татулық тірегі»





Пән мұғалімі: Шонаева М.М.










2017-2018 оқу жылы



Сабақ :

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Күні: 21.09.17ж

Мұғалімнің есімі: Шонаева М.М.

Сынып: 2 «М»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

«Тіл ұлттың жаны»

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, өзге ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан-жақты тәрбие беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Тіл сөзінің мағынасын ашады.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:

Тілге деген құрметтерін көрсете алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мақалды жалғастыра алады. Берілген сөздерден мақал құрастыра алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тілге қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын ашады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Татулық, атамекен, ұлт т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Басталуы



Ортасы

Ойтүрткі. Миға шабуыл.

       - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Тіл-татулық тірегі» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.

 «Кім шапшаң?».


«Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).

. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

                        Оқушы тақпақтары:
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-оқушы: Ана тілің –арың бұл,
                        Ұятың боп тұр бетте.
                        Өзге тілдің бәрін біл,
                        Өз тіліңді құрметте!
       3-оқушы: Ана тілің біліп қой,
                        Еркіндігің ,теңдігің
                        Ана тілің біліп қой
                        Мақтанышың елдігің.

 Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық.

Өнер алды – қызыл тіл

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Би: Қара жорға













Аяқталуы

Қорыту( «Мина» әдісінде білім алушылар сұрақтарға жауап береді.

      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Рефлексия

Шығу парағын толтырады

1. Бүгін сізге бәрінен де не ұнады?


2. Бүгінгі сабақта үйренгеніміздің ішінен өзіңіздің тәжірибеңізде нені қолданамын деп ойлайсыз?


3. Бүгінгі сабақта сіз түсінбеген мәселелер болдыма?








Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс (тәрбие элементі)

Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы толық түсінеді.

Өздері қолданатын әлеуметтік желілер туралы өз ойларын нақты жеткізді.


Бағалау парақшасы арқылы өзін және өзара бағалау.

Мадақтау, ынталандыру арқылы

Информатикамен байланысты

7- сынып оқулығы

Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:


2:















Сабақ :

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Күні: 9.02.18ж


Сынып: 2 - 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

«Үш бақытым»

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру,ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Ақынның өмірі,шығармашылығымен танысады,,ақынның поэзия құдіреті мен әндерін біледі. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдері оянады.


Тілдік мақсат


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Отан, Ана, Бақыт






Жоспар

Жоспарланған уақыт


Ресурстар

Басталуы

Сабақ мақсатымен таныстыру

Ойтүрткі. Миға шабуыл.



Ортасы

 Ақиық ақынымыз М.Мақатаевқа арналған «Үш бақытым» атты тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру,ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту.
1.Жүргізүшінің кіріспе сөзі:


Құрметті оқушылар ! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын 
Мұқағали Мақатаевтің туғанына 87 жыл толуына байланысты «М. Мақатаев – Үш бақытым!» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.
Қарасаз , Қара шалғын өлеңде өстім. 
Жақсы жыр жазсам , халқым елеңдестің. 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! 
Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген 
биіктік әкелген ақын . Кәусәр сезім мен тояттамас көңіл , 
шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат , буырқанған 
шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы 
ақын М . Мақатаевтың туғанына биыл 87 жыл толып отыр. 
Ендеше бүгін тәрбие сағатымыз атынан танылып тұрғандай, 

Хан тәңірінің мұзбалағы атанып , өлең өлкесінде шамасына 
Шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын М . Мақатаевқа арналмақшы.

«Арыз жазып кетейін» өлеңі 4 «М» сынып оқушысы Болатбеков Эмир.

Жүргізуші:

«Қазақ жер» өлеңін орындайтын 4 «М» сынып оқушылары


Жүргізуші:
Сөз кезегінде ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік 
(слайд көрсетіледі) 
Оқушы: Ақылбай Ханкелді.

М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз 
деген ауылда 1931 жылы дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызы 
және әкесі Сүлеймен Мұқағали , Тоқтарбай , Көрпеш есімді үш ұл 
тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары . Мұқағалидің 10 жасында 
әкесі майданға аттанады .

Жүргізуші:

Он жасар болашақ ақын майданға кеткен 
әкесін аңсап арнаған өлеңін Құрманғазы Қазбек оқиды: 
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен , 
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен 
Мінеки көп ай болды хабары жоқ 
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен

Оқушы: Абилхан Айнура
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді , 
Судағы жаңа біткен жалбыз еді 
Мінеки , көп ай болды хабар жоқ 
Біз дағы әкемізге зармыз енді. 
Оқушы: Сафарова Арзу
Әже баласы болған соң анасы Нақа деп атаған . Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектептегі интернатта оқып бітіреді

Жүргізуші:

Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді 
Табиғатты сүюге үйретеді . Оның өлең - жырлары : «Отан» 
«Поэзия» «Жас қайың» «Аққулар ұйықтағанда» көптеген шығармалары бар 
Мұкағали - халқын , ана тілін , Отанын қадыр тұтқан азамат 
Ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кейінгі жас буынды 
Халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады. 
2 «Н» сынып оқушылары кезекпен «Үш бақытым» өлеңін оқиды.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Жүргізуші:

Оқушылар кезекпен «Отан» өлеңін оқиды.

2 «Н» сынып оқушылары

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...


Мұқағалидың «Сәби болғым келеді» әнін орындайтын 4 «Л» сынып оқушысы Нұржұма Алан.


Жүргізуші: «Қадірлі дос» өлеңін орындайтын 4 «Л» сынып оқушысы Жұмажан Қыдырәлі
Жүргізуші:
Мұқағалидің да аяғын көп шалдырғаны рас. « Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат» . Қазір ол ең көп оқылатын ақын . Мұқағали мұрасы мәңгілік . Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.

Абай сөзімен айтқанда:

3 «Л» сынып оқушысы  Мамедов Рамазан
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. 
Жүргізуші: 2-сынып оқушысы:Ерлан Аялы.

Шеше, сен бақыттысың

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...

Жүргізуші :

3 «К» сынып оқушыларының орындауында «Көктем» биі.
Жүргізуші:
«Таудан алыстаған сайын оның биіктігі айқындала түседі» демекші , күн де өткен сайын Мұқағали ағамыздың ұлы тұлғасы шыңдала түспек ! 
«Поэзия» өлеңін 4 «Л» сынып оқушыларының орындауында


Жүргізуші:

«Батырды – батыр жеңер белдескенде», 
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде. 
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл 
Бақытты күндерде кездескенше.

Би : «Саржайлау» 2 сынып оқушылары

Ұрпағы бар кезде ақын тойы жыл сайын тойланбақ!






















«Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).

. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

                        Оқушы тақпақтары:
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-оқушы: Ана тілің –арың бұл,
                        Ұятың боп тұр бетте.
                        Өзге тілдің бәрін біл,
                        Өз тіліңді құрметте!
       3-оқушы: Ана тілің біліп қой,
                        Еркіндігің ,теңдігің
                        Ана тілің біліп қой
                        Мақтанышың елдігің.

 Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық.

Өнер алды – қызыл тіл

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Би: Қара жорға













Аяқталуы

Қорыту( «Мина» әдісінде білім алушылар сұрақтарға жауап береді.

      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Рефлексия

Шығу парағын толтырады

1. Бүгін сізге бәрінен де не ұнады?


2. Бүгінгі сабақта үйренгеніміздің ішінен өзіңіздің тәжірибеңізде нені қолданамын деп ойлайсыз?


3. Бүгінгі сабақта сіз түсінбеген мәселелер болдыма?








Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс (тәрбие элементі)

Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы толық түсінеді.

Өздері қолданатын әлеуметтік желілер туралы өз ойларын нақты жеткізді.


Бағалау парақшасы арқылы өзін және өзара бағалау.

Мадақтау, ынталандыру арқылы

Информатикамен байланысты

7- сынып оқулығы

Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:


2:




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
1135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі