«
Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
3
«А» сынып ішілік Абай Құнанбайұлының
175 жылдық мерейтойына арналған челлендж
жоспары
Сыныбы
:3 «А»
Сынып
жетекшісі: Балгабаева Гульмира Муратовна
2019-2020
оқу жылы
3
а сынып ішілік Абай Құнанбайұлының 175
жылдық мерейтойына арналған челлендж
жоспары
Мақсаты:
-Ұлы
ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,
шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін,
әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай
шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін,
қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға
құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай
шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу,
адамгершілікке, табиғат әсемдігін
түсінуге тәрбиелеу
Әдіс-
тәсілдері:Қара
сөздерін, өлеңдерін оқу, ән айту, көрініс
көрсету
Шарты;
Челленджді сынып жетекшісі бастап ары
қарай сынып оқушыларына жолдайды Сынып
оқушылары әр тәрбие сағатында жолдауларды
жалғастырады. Әр эстафетаны қабыл
алғанда және жолдағанда мына сөздер
айтылу керек: «Мен 3 «А» сынып оқушысы
(аты, жөні) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық
мерейтойына орай ұйымдастырылған
эстафетаны қабылдадым. Абай шығармаларын
қабылдау эстафетасын осы сынып оқушысы
(аты-жөні) жолдаймын»
Барысы
-Балалар,
осы ағымдағы 2020 жылы тарихи атаулы
күндерінің бірі -қазақтың ұлы ақыны
Абайдың 175 жылдық мерейтойы.
Абаймен
сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға
әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі
"болмасаң да ұқсап бақ" деген. Олай
болса бүгін 3 а сынып ішілік Абай
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына
арналған челленджді бастаймын. Абай
Құнанбайұлының өмірбаянынан
үзінді оқу
(аудио сүйемелдеумен, домбыра)
Абай
Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді
-Абай-
ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана
суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер,
композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.
-Қазақтың
ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы
тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі
Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының
бауырында, Қасқабұлақ деген жерде
дүниеге келген.
-Абай
Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында
Семей облысының Шыңғыс болысында
дүниеден қайтқан.
-Абайдың
әкесі Құнанбай аға сұлтан болып
сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының
әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай-
билеуші сұлтаны болған.
-Абайдың
әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі
тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп
"Абай" деп атап кеткен.
-Абайдың
анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі
болған.
-Абай
10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12
жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде
оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.
-Абай 14
жасында сықақ өлеңдер шығарған.
-15 жасынана
бастап, әкесіне көп көмегін тигізген.
Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында
Абай от тілді шешен болған.
-Абай
– сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас»,
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық
ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4
күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»
-4
жылдық медреседе және 3 айлық орыс
мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп
сайлайды
Абай
шығармаларын қабылдау эстафетасын осы
сынып оқушылары (аты-жөндері) жолдаймын
Эстафетаны
қабылдап алған оқушылар келесі сынып
сағатында Абай шығармаларын орындап,
ары қарай эстафетаны келесі оқушыларға
жолдайды. Осылайша
Қортынды
Осымен,
Абайдың 175
жылдық мерейтойына арналған челлендж
соңына
жетті. Челлендж
барысында Абайдың өн бойы толы рухани
байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді
толықтырдыңдар деп ойлаймын! Бүгінгі
сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл
сөзді іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,
тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде
артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып
кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді
деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған...
Абай
шығармашылығынан ғибрат алып қана
қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ
сөзінің киесі қонған Абай шығармалары
кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар,
ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз
Абай атаны жадымызда ұстаймыз.