400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Адалдық - адамшылық бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Адалдық-адамшылық бастауы»
Күні :
 17.01.2020 ж

Cынып: 9 «А»


Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету; 

Міндеттері:

1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Ресурстар: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер,суреттер

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе

Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.


Ой қозғау: Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар:

Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы: Адалдық - ардың ісі

Халқымызда «ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП», «Адамның әдемілігі шыншылдығында», «Ақихат сөзде алалық жоқ», т.с.с керемет ұлылық сөздер бар.

«Адалдықтың өтемі» атты видеоролик ұсынылады.

Бүгін біз әдептілік,адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық,саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,

әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті,адалдықты сендер қалай түсінесіңдер,

әдеп-нормаларын білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, сіздер дос болу,адалдық деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2-топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

1-Топ.«Татулық»
2- топ . «Сыйластық»    

Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу . Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Павлодар,Атырау,Қызылорда т. б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.


  Сұрақтар:

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

  1. Сендердің де адал достарың бар ма?   

  2. Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

  3. «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4.   «Адалдық,  кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен  қатар жүре ме? Неліктен?

  5. Қоғамдағы адалдыққа кереғар түрлі жағдайлар туралы не ойлайсыздар? (жемқорлық)

  6. Әдептілік деген не?

Мұғалім: Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы .Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.


Адалдық

Өсiңiз, жетiлiңiз, тасқындаңыз,
Бірақ та биiкпiн деп асқынбаңыз. 
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәрiмiз бiр аспанның астындамыз.

Сiздiң ой бiздiң оймен бiрiкпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүрiп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сiз өлгенде қайтадан тiрiлтпейді.

Мұқағали Мақатаев.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
4664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі