«Адалдық
сағат»
Мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық
және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс
салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен
жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,
презентация
Сәлеметсіздер ме, құрметті
қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін , жаңа оқу жылының бірінші
күнінде, бүкіл республикамыздың оқу орындарында «Адалдық сағат»
өтуде. Биылғы жыл «Балалар жылы» деп
жарияланды. Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі
олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді
кепілі. Сол себепті келесі жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек
деп есептеймін. Өскелең ұрпаққа адалдық және
парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс
салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен
жетістіктерін түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бүгінгі кездесуіміздің мақсаты
болады.
2018 жылғы 5 қазандағы
Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді
күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас
жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші
басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап
өтті.
Ел
Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы да өзінің сайлауалды
бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес
жүргізілетінін жеткізді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде
айқындалды.
Біз оқу жылының алғашқы
күнінде адамның басты құндылықтарын насихаттайтын боламыз.
Олар:
-
Адалдық
-
Парасаттылық
-
Әділдік
-
Сенім
Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар
қазақ болмысына жат емес.
Осы құндылықтардың арқасында
туыстас тайпалар бірігіп, Қазақ хандығының негізі қаланды.
Ұлан-асыр жеріміз, төл мәдениетіміз, тарихымыз сақталып, бізге
аманат етіп тапсырылды.Қазақ хандығын басқарған хандар елде тәртіп,
әділдік болсын деген мақсатпен заңдар шығарды. Сол заңдарды бірге
еске түсірейік.
(оқушылардың
жауаптары)
Әрине, ол «Қасым ханның қасқа
жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің
әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген
сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз
етілді.
Еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегияда
сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін
қауіп-қатер ретінде көрсетілген. 2014 жылы 26 желтоқсанда 2015-2025
жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
қабылданды. «100 нақты
қадам» Ұлт жоспары шеңберінде
2015 жылдың 18
қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңы
қабылданды.
Тікелей Президентке бағынатын
жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
қызмет етуде.Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің
де басты мақсаты – әлеуметтік дерттің алдын алу болып
табылады.
Сыбайлас жемқорлық
деген не? (еске
түсірейік)
«Коррупция» (сыбайлас
жемқорлық)–латын тілінен аударғанда «бұзу»
немесе
«сатып алу» деген ұғымды
білдіреді.«Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру
үшін мемлекеттік билікті пайдалану»
Стратегияның мақсаттары
ретінде келесілер айқындалған:
- жемқорлық масштабын
азайту;
- мемлекеттік органдардың
ашықтығы;
- квазимемлекеттік және жеке
секторлардың ашықтығы.
Жалпы статистикалық
мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2016 жылы – 2807, 2017 жылы - 2452,
2018 жылы – 2375, ал 2019 жылдың 7 айында – 1738 сыбайлас
жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық
тіркелген.
Осы кезеңде біздің облыста
2016 жылы - 209, 2017 жылы - 385, 2018 жылы - 109, 2019 жылдың 7
айында - 56 қылмыстық құқық бұзушылық
тіркелген.
Байқағандарыңыздай, жылдан
жылға елімізде және өңірімізде қылмыстық фактілер азайып
келеді.
Десе де, жемқорлықтың алдын
алу жұмыстары белсенді түрде жалғаса
береді.
Transparency
International ұйымы – жемқорлықпен күресуге
және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық
үкіметтік емес ұйым. Ол 1993 жылы Берлин қаласында құрылған.
Transparency International ұйымы жыл сайын жемқорлық деңгейіне
қатысты мемлекеттердің рейтингін жариялап отырады. Бұл тізімде
Қазақстан 2014 жылы 126 орында (26 балл), 2017 жылғы 25 қаңтарда
жариялаған құжаттарында 131 орын (29 балл).2018 жылы 31 ұпай
жинаған. Жемқорлық деңгейінің көрсеткішін 176 мемлекет арасында
жүргізген. Біздің ел әлі де болса коррупция жайлаған елдердің
қатарында.
Ұйымның пайымынша, әлемде
жемқорлықтан құлан таза ел Дания екен. Ол 2014 жылы ең жоғары деген
100 баллдың 92-сіне ие болып, рейтингтің көшін
бастады.
Өзінің отыз үшінші қара
сөзінде, ол: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі
қазақтың әулиесі - сол», - деп ойын
тұжырымдаған.
Тағы бір өлеңінде: «Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, жастарды адал жүріп,
адал тұруға және адал еңбек етуге
шақырды.
Ал, ұлы Абайдың дәстүрін
жалғастырушы Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима,
жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», - деп бақыттың өзі
адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне
қатысына да ерекше көңіл бөледі.
Адалдық – адамгершіліктің аса
маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау,
уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу,
адал еңбекке, әдептілікке үйретуден
басталады