400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Адам әдептілігімен әдемі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы

Мерзімі

Адам әдептілігімен әдемі. 26,10,2018 жыл.



Сабақтың мақсаты

Балалардың әдептілік, имандылық туралы ұғымдарын кеңейту.



Міндеттері

  • Балалардың әдептілік, имандылық туралы ұғымдарын кеңейту. -Әдептілік сақтауға, үлкендерді құрмет, кішілерге ізет көрсетуге, өзара сыйластыққа, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.



Өткізу формасы

Жұптық, топтық жұмыс.



Ресурстар

Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар.



Әдістері

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Ой толғау» «Ашық микрофон әдістері, .



Тапсырмалар

Топтық, жұптық тапсырмалар.



Критерийлар

  • Әдептілік, имандылық туралы ұғымдары туралы түсінік алады.

  • Әдептілік сақтауға, үлкендерді құрмет, кішілерге ізет көрсетуге, өзара сыйластыққа, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге үйренеді. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата алады.


Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындайды.

Шаттық шеңбері

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

 Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Өлеңді хормен айтады.

Сабақтың басы

Мұғалімнің сөзі

«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен»,-дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз адамды құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сендердің әдептілік әліппесін қаншалықты білетіндеріңді байқау мақсатында сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топқа бөлінейік.

1. Инабат тобы 2. Қамқорлар 3. Әдеп тобы

.

Сабақтың ортасы

(Осы үш топқа сұрақтар таратылады. Сұрақтар топта талқыланады. Әр оқушы топ ішінде өз ойларын ортаға салады.) 1.- 1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

2. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

3. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

(Тілші әр топтан сұраққа жауап алады. Әр топтың бір өкілі шығып қорғайды. Әдептілік жайында мақал – мәтел айтып оқушы ойын қорытады.)

2. Осы айтылған мақалдарға байланысты әдептіліктің мәуелі бәйтерегін құрастыру. (Әр топ жарыса отырып “әдептілік жапырақтарын” орналастырады.) Мысалы: тіл алғыш, инабатты, ақылды, шыншыл, әділ, еңбекқор, өз тілін меңгерген

мейірімді, үлгілі, намысшыл, ұлтшыл, өз халқының салтын құрметтейді т.б 3. «Әдепті оқушы» көрінісі: Рұқсат па? Кешіріңіз. Сәлеметсіз бе? –сөздерін қолдана отырып 3 топ «Әдепті оқушы» – деген тақырыпқа көрініс құрап көрсетеді, талдайды.

4. “Теңге ілу”

1-теңге. Әдепті бала мен әдепсіз баланы салыстыр.

2-теңге. Әдепсіз балаға хат жазу.

3-теңге. Әдептілік туралы бес жолдық өлең (синквейн)

5. “Сөйлемді жалғастыр”

1. Үлкеннің – …………(тілін алу керек) 2. Сабақтан -…………(кешігуге болмайды) 3. Кішкене баланы -…….(жылатуға болмайды)

Өз ойларын айтады.













«Әдептілік жапырақтарын» орналастырады.

.




көрініске қатысады.









Сөйлемді жалғастырады.

Сабақтың соңы

 Ой талқы: Мен қандай баламын? (әр бала бойындағы қасиеттерді айтып, өзіне мінездеме береді)

Кері байланыс

«Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
3415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі