400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Адам жанын жылытар мейірім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Ю.Гагарин атындағы орта мектеп















«Адамның жанын жылытар мейірім»

(тәрбие сағаты)

8 «А,Ә» сынып



preview-image





Өткізген: Бисенғалиева Салтанат Дәулеткерейқызы

Султанова Жадыра Тұрарқызы









2018-2019 оқу жылы

















































Күні: 14/02/2019ж.

Тақырыбы: «Адамның жанын жылытар мейірім»

Мақсаты: Бала тәрбиелеуде отбасылық тәрбиені нығайту. Отбасы бірлігін, ынтымағын сақтауда ата-аналардың  белсенділігін арттыру.

Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн.

Түрі : тәрбие сағаты

Барысы:

I.Кіріспе 1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Адамның жанын жылытар мейірім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгін біздер адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы ой өрбітеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты-әдептілік белгісі туралы білетін боламыз.

2-жүргізуші: Абай Құнанбаев атамыз айтқандай: Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіле ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі! - , деп жазылған он төртінші қара сөзінде.

1-жүргізуші:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
2-жүргізуші:
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
1-жүргізуші: Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

2-жүргізуші: Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан. Ендеше, адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

1-жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.

Балалар,бәріміз ортаға шығып, « шаттық шеңберін» құрайық, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады емеспе?!

(Оқушылар бір-біріне қарсы тұрып сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)

Шаттық шеңберіне жиналу:

1.Аспанымыз ашық болсын!

2. Денсаулығымыз мықты болсын!

3.Мейірімді болайық!

4.Бәріміз дос болайық!

5.Ата-анамызды ренжітпейік!

6.Ұстаздарды ренжітпейік!

7.Бақытты болайық!

8.Үлкендерді сыйлайық!

9.Әдепті болайық!

10.Ақылды болайық!

11 Тәртіпті болайық!

12. Бір-бірімізге көмектесейік!

13. Кішілерге қамқор болайық!

14. Бір-бірімізді ренжітпейік!

15. Тату болайық!

16. Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!

2-жүргізуші: Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты? (Күн)

1-жүргізуші:Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды? (Ана)

Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады. Ендеше орнымызға жайғасайық.

2-жүргізуші: Ендігі кезекте оқушылардың өз өнерлерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам, -Фариза Оңғарсынова «Жетімнің монологі» оқитын Құрасова Айсана.

Базар іші дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырылған құс етіне өзінің тарамыс қолдарын созып еді, анау бірден байқап, жиіркенішпен итеріп жіберді. Мен, құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым

Адамдар, қаталсыңдар!
Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар.
Жалғыздықтан зарығып ашынғанда
Мен сендерді асылдар деп ем, Жоқ!
Тас екен жүректерің де,
Шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде.
Өздерің оны көлгірсіп жасырғанменен,
Мейірімге сараңсыңдар!
Түбі содан жазым да табарсыңдар.

Бір жылы көзқарастарыңа зарыққанымда
Соның өзі-ақ бақыт қой, қамыққан ұлға!
Найзағайдай атқылап жанарларың да,
Біржола сөніп үмітім, балаң жаным да.
Жыртқыштар қамап алғандай тарықпадым ба?

Әділеттен жұрдайсыңдар!
Тақсырет тартпай бір тынбайсыңдар
Жала тартып, сендерге жүгіндім барып
Тас мүсіндеріңнен түңілдім налып
Тағдырым менің титтей де елеңдетпеді,
Бейжайлықтарың қорқытты, керең беттегі.
Мен емес, сендер екенсіңдер бүгінгі ғаріп.

Адалдыққа тапшысыңдар!
Әрине, данышпансығанда жақсысыңдар
Өзгенің қасіреттеріне қарайсыңдар қалайша есінеп мүлде?!
Бәрібір екен, сендердің көмкерлеріңе
Біреулердің көзінен жас кетпеді, бұл күнде ұғындық бәрін...
О, адамдар! Сендердің зұлымдықтарың шыдатпай өртеді мені де

Не деген пасық едіңдер!
Шуақсыз қурайды емес пе жасыл егіндер?
Мейірім аңсап, жүрегім қансырап тұрған,
Зұлымдықтарыңмен қамшылап тыңнан
Жанымда үміт, сенімдер түгесілгенде
Лақтырып тастап кеттіңдер, күресін жерге
Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де!
Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де,
Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме?
Мейірімге ғана мұқтажбын

2-жүргізуші: Ендеше: «Бала жүрегінің түбінде жатқан асыл ой» дей келе, осы монолог бойынша ойымызды түйіндесек! Оқушылар сіздерге .........

1.Сендер үшін өмірде ең маңызды құндылық не?(Ана,Отбасы, Жанұя)

2. Сендер үшін отбасы несімен қымбат?

3.Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам?

4. Ал асқар тау әкелеріңіз қандай адам?

5. Жақындарың үшін не істей аласыңдар?

1-жүргізуші: «Мейірімділік» - адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.

2-жүргізуші: Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.

1-жүргізуші: Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң,
Ел сүйсінсің ісіңе, - келесі кезекте
Көрініс: «Мейірімді сатушы».

Автор: Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады.

- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе?

Автор: Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:

- Сенің қанша ақшаң бар?

Автор: Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.

- Бұл жете ме?

Автор: Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.

- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді,

Автор: Бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.

- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма,

Автор: Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.

- Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша?

- А! – деді саудагер,

- Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді.

Автор: Бойжеткен ағынан жарылды. Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.

-Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...

Автор: Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды. Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің ұстаз болатын кездері бар. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден үйренеріміз көп.

2-жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!-, деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай келесі кезекті күйге берсек.

Күй: «Балбырауын» Қалекес Дастанның орындауында.

1-жүргізуші: Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге «Сіз» деген – дей келе келесі кезекті көрініске берсек.
Көрініс: «Ата өсиеті»

Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт: Аманбысың, балам!Бақытты болу оңай ма?

Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында.

Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басында болса, бақыты жанында болады. Ақыл адамды азаптанда, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.  

Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!

Қарт: Балам үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы. «Балалы үй – базар, баласыз үй–мазар» деген халқым. Балам, үйде алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйде алтын қазық - бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана.Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғаушың, іні сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңлінде, ақылы сөзінде болады, балам.

Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер!

Қарт: Балам достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын: шын достықақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» деген сөздерді шын көңліңмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз көңілді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын.

2-жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға берсек. Қазақ биі ортада «Жалын» тобы. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Оқушылар Әлемдегі ең құнды нәрсе-адам, одан кейін өмірі, үшіншісі құқығы. Бес құндылығы бар, ойы, сөзі, іс-әрекеті бір болу керек. Үшеуі сәйкес келгенде ғана ол-рухани адам болып есептеледі. Одан кейін адам өз өмірін өзі жасап алады, әрине ол мағыналы болуы тиіс. Одан кейін құқығы. Әр адам өзінің құқығын білу керекжәне өз құқығын қорғауға міндетті. 

2-жүргізуші: Оқушылар бұл себеттің ішінде жағдаяттық сауалдар беріледі. Осы сауалдарға өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.

1-жағдаят: Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?

2-жағдаят: Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?

3-жағдаят: Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

4-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

5-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

6-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

7-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

1-жүргізуші: Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты адам болып шығу. Адам өзінің мейірімділігімен, адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Халқымыз қайрымды, мейірімді жанды «Адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Сондықтан осы барлық құндылық өз бойымызда мәңгілік сақталуы тиіс.

2-жүргізуші: Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге отбасылық құндылық ағашының тамырына, діңіне, бұтақтарына мына себеттегі отбасылық құндылықтарды орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. 

1.Мықты денсаулық

2.Байлық. 
3.Бауырмалдық 
4.Татулық 
5.Қайырымдылық 
6.Әдептілік 
7.Инабаттылық 
8.Шыдамды
9.Түсіністік
 
10.Ізеттілік 
11.Сенімділік 
12.Ауызбіршілік
13.Ортақ қызығушылық
14.Қамқорлық

15.Тәртіп
16.Бос уақытыңызды бірге өткізу
17.Сенімділік
18.Ата-ананың сөзі заң

19.Ата-ана отбасының үлгісі

20.Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
21.Махаббат

22.Мейірімділік
23.Шынайылық

24.Береке

25.Көп бала

1-жүргізуші: -Балалар бүгін тәрбие сағатымызда адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)

2-жүргізуші: Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Қорытынды.

1-жүргізуші: Мейірімділік – ғажайып өмір есігің,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

2-жүргізуші: Оқушылар бір –біріне жүрек жылуымызды сыйлап, бір – бірімізге мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын біле жүрейік! Осымен біздің «Адамның жанын жылытар мейірім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!






















1-жағдаят: Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?






2-жағдаят: Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?






3-жағдаят: Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар






4-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?






5-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?






6-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?





7-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Аспанымыз ашық болсын!


Денсаулығымыз мықты болсын!


Мейірімді болайық!


Бәріміз дос болайық!


Ата-анамызды ренжітпейік!


Ұстаздарды ренжітпейік!


Бақытты болайық!


Үлкендерді сыйлайық!


Әдепті болайық!


Ақылды болайық!


Сабақтан қалмайық!


Тәртіпті болайық!


Бір-бірімізге көмектесейік!


Мақтаншақ болмайық!


Кішілерге қамқор болайық!


Бір-бірімізді ренжітпейік!


Табиғатты аялайық!


Тату болайық!


Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!









Shape2 Shape3

Ата-ана отбасының үлгісі


Мейірімділік








Shape4 Shape5

Ортақ қызығушылық

Қамқорлық






Shape6

Сыйластық



Shape7

Тәртіп




Shape8

Шынайылық






Shape9

Сенімділік



Shape10

Ата-ананың сөзі заң




Shape11

Ауызбіршілік






Shape13 Shape12

Сенімділік


Мықты

денсаулық






Shape15 Shape14

Көп бала


Қамқорлық







Shape16

Әдептілік



Shape17

Түсіністік





Shape18

Байлық





Shape19

Инабатты



Shape20

Инабатты





Shape21

Бауырмал








Shape22 Shape27 Shape28 Shape29 Shape26 Shape23 Shape24 Shape25

Татулық


Береке

Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас


Бос уақытыңызды бірге өткізу


Махаббат


Қайырымды


Шыдамды


Ізеттілік


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі