«Адамгершілік
құндылықтар» әңгіме
Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта
отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл
қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын
жасауға баулу
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы,ой
бөлісу, Венн диаграммасы,Презентация
/слайдтар/
Пайдаланатын
көрнекіліктер: Интерактивті тақта,
кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар.
Түрі: әңгіме-сабақ
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
а.Сәлемдесу
ә.Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу
Мұғалім: Қымбатты оқушылар,
бар
назарымызды тақтаға аударайық та, адамгершілік сөзіне ой
жүгіртейік. Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы біздің
көзқарасымыз қандай? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?
Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын
қасиеттерді толтырайық
Татулық
Кішіпейілділік
Шыншылдық
Мейірімділік
Аяушылық
Сенімділік
Сыйластық
Адалдық
Міне оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын
аштық. Сонымен сабақтың тақырыбы
«Адамгершілік
құндылықтар».
Мейірімді,қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын
тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің
байлығын,жан сұлулығын,парасаттылығын
көрсетеді.
Тренинг:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Қазір оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуеннің ырғағымен
ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек
тілейік.
Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілекті жасырын
ұстаймыз. Бұл
тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды.Себебі, ол
орындалмай қалуы мүмкін. Қазір мына гүлді бір-бірімізге
ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мысалы мен: «
Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзіңнен күлкі
кетпесін»,- деймін. Келесі оқушы әрі қарай
жалғастырады.
Маржан сөздер сыр
шертеді:
«Адамның адамшылығы –
ақыл,ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы,ұстаздан болады.» (Абай)
2.«Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!» (Кабуснама)
3.Жақсы адам жолдасынан белгілі.
4.Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
5.Бітер істің басына,
6.Жақсы адам-елдің ырысы.
Жақсы сөз – жанның тынысы.
Жақсы келсін қасына.
Дәулетін көрсең біреудің,
Қарама оған таңданып.
«Өзімде жоқ» деп опынып,
Күрсінбе әрі арман ғып. Адамдар бір-біріне жақсылық
жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық, қамқорлық, достық,
сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады,ал қоғамда татулық, бірлік,
ынтымақ орнайды.
Келесі кезекте әр сан бойынша шағын мәтіндер
беріледі.Мәтіндер оқылып,сұрақтарға жауап беруіміз
керек.
Венн
диаграммасы:
Алдымыздағы қағазға «Мен»
деген сөзге әркім өзі туралы сұрақтарға жауап беру арқылы
толтырады.
Қорытынды:
Кішілерді аяла,
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін,
Анадай жан саяңда.
Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты боп өссең сен
Нағыз адам боласың,- дей келе
Бар
ынталарыңызбен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Өмірде
әрқашан жолдарыңыз болсын! Сәттілікте
жүздесейік!