400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тәрбие сағаты "Әдеп - ең қымбат мирас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелмен ашайық. Қәне, кім қандай мақал мәтел айтады екен?! Бала тәрбиесі бесіктен. Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала. Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. Тәрбиелі адам тағалы атпен тең. Жақсылық еккен алғыс орады. Итті күшігінде үйрет. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас. Адам әдебімен көрікті. Әдеп басы-тіл. Әдепті дегенше, әдемі десейші. Әйел- әдептің әліппесі. Тәрбие басы- тал бесік.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан обылысы

Сырым ауданы

Қосарал ауылы

ЖББ Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің

интернат тәрбиешісі: Маликова.А.М




Әдеп – ең қымбат мираc




Мақсаты: балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; сөйлеу, ойлау, көру қабілеттерін дамыту.


Көрнекілік: плакат, қанатты сөздер.


Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, пікір алысу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.


Барысы.

І. Ұымдастыру

Шеңберге орналасу, амандасу.

Балалар, келіңдер, шеңберге тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн,

Амансың ба, Көк аспан,

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

Енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз».


ІІ. Қатысушыларды таныстыру

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Әдеп- ең қымбат мирас» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей әдептілік мінез-құлық көрсеткіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.

Мысалы: Мейірімді Мерует; Әдепті Әсел және т.б.


ІІІ. Мақал-мәтел айту

Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелмен ашайық. Қәне, кім қандай мақал мәтел айтады екен?!

Бала тәрбиесі бесіктен.

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Итті күшігінде үйрет.

Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы-тіл.

Әдепті дегенше, әдемі десейші.

Әйел- әдептің әліппесі.

Тәрбие басы- тал бесік.

Өте жақсы. Әдепті болу-әр баланың міндеті. Әдептілік – адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесің? Сол жөнінде пікірлеріңді тыңдайық.

ІҮ. Пікір алысу

Оқушы: Әдептілік – әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

Оқушы: Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз- өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе әдепті.

Оқушы: Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкүм» деп мамангдасып, аман-есендігін, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың ұлты жоқ.

Оқушы: Неге? «Ассалаумағалейкүм» деп амандаспасаң, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?

Оқушы: Дұрыс тамақтану, уақтылы ұйықтау, ата мен ананы сыйлау- халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрсе,лерді, адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.

Оқушы: Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы киноболып жатса, оны неге көрмеймін? Сонда мен әдепсіз болғаным ба?

Ү. Мәнерлеп оқу

1- оқушы:


Әдептілік дегенің-

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің-

Әуре-сарсаң әлегің.

2- оқушы:

Атам маған әмәнда

«Әдепті жан бол» деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.


3- оқушы:


Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

4- оқушы:


Атам маған әмәнда

«Кішіпейіл бол» деген.

Атам сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

5- оқушы:


Атам маған әмәнда

«Әділетті бол» деген.

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.






6- оқушы:


Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді,

Желпінгенім жоқ әлі.


ҮІ. Мұғалімнің әңгімесі (тақтадағы суретті пайдалану)

Ақын әрі ұстаз Әдібай Табылдиев аталарың «Халықтық дәстүрді қадірлей білмеген бала- әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептіліки рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет: кісі бол» деп ақыл айтады. Әдеп- ең қымбат минар. Осыны естен шығармайық.

ҮІІ. Қортынды

  • Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? (Тақтада жағамсыз әдеттердің бейнесі ілінген, оқушылар сол бойынша қысқаша өз ойларын білдіреді)

  • Балалар, біздің сыныбымызда өзіміз айтқан қиқар, жылауық, сотқар, өтірікші, күлегеш, қаңғыбас балалар жоқ шығар. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін салақ балалар кездесіп қалады. Бүгіннен бастап осы жаман әдеттеріңді тастап, жақсы әдеттерді үйреніңдер. Жоғарыды айтқанымдай ұстазғ ғалым, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев аталарың келешектә әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді. Қалай орындау қолымыздан келе ме?

Әдібай атаның тапсырмасы

  1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытты оянып үйрен.

  2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.

  3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.

  4. Көшеде жүргенде көше тәртібін сақта.

  5. Көше, көпшілік орындарында әдеп сақта.

  6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.

  7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.

Сабақты Әдібай Табылдиевтің «Бос өтпейді минутым» өлеңімен аяқтау (Балалар шеңберге тұрады)

Орнықтырып әдеппен

Оқу, еңбек ойыңды,

Оқушылық әдеппен

Орындаймын ойымды.

Есептеулі сағаттар,

Еш өтпейді күнбе-күн.

Еш өтпейді сабақтар,

Бос өтпейді минуттар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі