400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Әдептен озбайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабак оқушылардың бойына жаксы қасиеттерді сіңіріп,жаман қасиеттерден жирену сезімин қалыптастыру;адам бойындагы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту.Тіл байлыгын таным белсенділігін арттыру,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу мақсатымен өтті.

Көрнекілігі:суреттер,тірек сызбалар,нақыл сөздер т.б.

Сабақтың барысы:Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып,артын аударсаңдар бір құпиятабасыңдар.Ал оның сиқыры мынада:артындағы суреттен сендер бір-бірлеріңмен қалай салемдесу керек екенгін көресіңдер.Егер күлкі бейнеленсе онда бір-бірімізге күлімдей қарайық.Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасайық,жүрек болса құшақтасайық.күн болса жақсы ықыласпен амандасайық.Біздің тәрбие сағатымыз «Әдептен озбайық»деп аталады.Біздің әдептілігіміз неден басталады?(Амандасудан)Амандасудың қандай түрін білеміз?(Оқушылар жауабы)

Әдептілік туралы ұғымды топтастыру.

І.Мектепке (Суретпен жұмыс)

Алтын ақыл. 1.Сабақтан кешікпе,сабақтан себепсіз қалма.

2.Мектепке келгенде бойыңды жинақтап,бас киіміңді ал.

3.Мектепке кіргенде әуелі мұғалімге,содан соң жолдастарыңа сәлем бер.

4.Сынып үлкендер кірсе,бәріміз орнымыздан тұрамыз.

5.Сабақ кезінде тура қарап отыр.Сабақ үстинде бір-біріңмен сөйлесуге болмайды.

6.Партаңды дұрыс пайдалан,оған ештеңе жазба.

7.Дәлізде жүгірме,баспалдаққа оң қолмен жағыңмен шыгып,сол жақпен түс.

ІІ.Кітапханада(Сұрақ-жауап)

Алтын ақыл.

1.Кітапханада айқайлап сөйлеспе.Сенен де басқа оқырмандар бар.

2.Алған кітабыңды сызбай,жыртпай,бүлдірмей ұстап тапсыр.

3.Кітап-білім бұлағы.

Сергіту сәті:Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

ІІІ.Көшеде(Проблемалық сұрақ)

1.Сен өте асығыссың.Себебі сабаққа үлгеруің қажет.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті,немересі қорыққаннан жылап жіберді.Сенің әрекетің...

2.Апаң сені дүкенге жұмсады.10минутта барып кел деді.Сен жүгіріп бара жатқанда,алдыңнан бір топ әже келе жатыр.Сенің әрекетің...

Алтын ақыл

1.Көшеде,аулада қатты айқайлауға болмайды.Итерісіп-қағысып,төбелесіп жүретінжан тәрбиелі адам деп саналмайды.

2. Мәдениетті адам түкіре бермейді.

3.Үлкен кісінің жолын кесіп отпе.

4.Қағаз,балмұздақ орауышы және әлдене қабықтары мен қалдықтарын қоқыс салатын жәшіктерге таста.

Мәнерлеп оқу.Әдептілік әліппесі.

ІV.Көлікте.Әңгіме «Әдеп»(Талдау жасау)

Алтын ақыл

1.Автобуста итеріп-кимелеме.

2.Айқайлап қатты сөйлеме.

3.Үлкен кісіге орын бер.

V.Телефонмен сөйлескенде.(Көрініс көрсету)

Алтын алқа

1.Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса,телефон шалған дұрыс емес.

2.Егер сен номерді дұрыс термесең кешірім сұра.

3.Сұхбатты бірінші болып,телефон шалған адам аяқтауы тиіс.

4.20минуттан артық сөйлескен жөн емес.

VІ.Мақал-мәтел сайысы(Кім көп біледі?)

VІІ.Жалғастыр ойыны.

  1. Не істеуге болмайды?

  2. Не істеу керек?

  3. Сиқырлы сөздер.Ізгі сөздер.

Хор:Ұландар әні.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі