400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Әдептілік - тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты "әдептілік-тәрбие бастауы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы. Хош келдіңіздер!

- Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелдермен ашайық, кәне, кім қандай мақал айтады екен?!

1. Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
2. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
4. Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

5. Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

6. «Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек
7. Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.
8. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
9. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
10. Адам әдебімен көрікті.
11. Әдеп басы – тіл.
Мұғалім: - Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.

1 - оқушы: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: - Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз - өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.
3 – оқушы: - Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар.

4 – оқушы: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
5 - оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкенге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
6 – оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.
Мұғалім: - Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
7 –оқушы: «Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
8 - оқушы: Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
9 - оқушы: Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
10 - оқушы: Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
11- оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ тамақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Садыр салақ болмағын.
12- оқушы: Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
13- оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
14- оқушы: Сыйлап үлкен ағаны

Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы

Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.

Үлгілі екен бұл дейміз.

Мұғалім: -Балалар, балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі
Яғни, әрбір адам тәрбиені қайдан алады?

Ол кім? Жұмбақтар шешу.
1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің,

Білер оны сұраған. Ол кім? (ата)

2. Ол - өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім? (әже)

3. Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.(ана)

4. Ол - асқар тау. Атаңның баласы. Қабағын шытса, байқа, балам дегені.Отбасын қорғаушы, асыраушы. Ол кім? (әке)

Мұғалім: - Бұлардың барлығы нені құрайды? ( Отбасын)

- Отбасындағы ұл - қыз кімді құрметтеу керек? - Ата - ананы
Ән: Ата – ананы тыңдаймыз
«Жалғастыру ойыны»

«Не істеуге болмайды?»

Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)  

«Не істеу керек?»

Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Ой толғау.
Мұғалім: «Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
15 - оқушы: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
16 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.

17- оқушы:

Мектепке біз барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ақниетпен пейілмен,
Қайырлы таң!- дейміз біз

18 - оқушы:

Атам маған әманда    
Кішіпейіл бол деген.  
Ата сөзі санамда -    
Мақтанбауды жөн көрем.  
19 - оқушы:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан

Ән: Болайықшы осындай

Мұғалім: - Балалар, өлеңдегі бала қандай бала екен?
- Сендер өздеріңді  қандай баламын деп ойлайсыңдар?

- Адамның қандай істері оның жақсы екенін көрсетеді?
- Айналасындағыларға, адамдарға көмектесетін адамдарды қайырымды адам деп айта  аламыз ба? 
Үлкенге көмектесіп, кішіге қамқор болып, сыйлап, достарына адал болу - әр баланың адамдық міндеті.  Әдепті, ұқыпты, әдемі, адамгершілігі мол адамдарды жаны сұлу, жақсы адамдар деп айтамыз.

Сонымен, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік жайлы сөйлестік. Әдепті балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдеттерді ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.02.2019
1168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12