400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Әдептілік – әдемілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдептілік – әдемілік

Мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, өсиет сөздер мен мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер
Барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
І –кезең 

«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

-Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Әдептілік - әдемілік»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бұл сабақтағы міндетіміз - сыпайы сөздерді үйрену, үлкен қарт адамдарға қамқорлық жасау, қол ұшымызды беру, көмектесу, кішілерге ізет көрсету. Жолдасыңмен қалай қарым - қатынас жасау керектігі жөнінде кеңінен танысып білетін боламыз.Сабағымызды бастамас бұрын топ аттарымен таныс болайық.Әр топ өздерінің аттарын оқып, мағынасын түсіндіріп жіберсе.

- Өте жақсы балалар, ары қарай жалғастырамыз.

ІІ-кезең«Ойланайық, пікірлесейік»

Мұғалім: Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? Олай болса сіздердің пікірлеріңді тыңдауға кезек берейік.

1 - оқушы:Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы: Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.

 3 – оқушы:Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.

4 – Оқушы:Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?

5 – Оқушы:Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.

6 – Оқушы:Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?

7 – оқушы:Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.

8 – оқушы:Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.

Мұғалім: Басқа сыныптастарың не айтар екен.

9 - оқушы:Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкенге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

10 – оқушы:Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол. 

«Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені». Сәлемдесудің түрлерін білеміз бе?Оқушылар сәлемдесу түрлерін атап шығады.
1. Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам.
2. Сәлем бердік!
- Амансың ба?
3. Сәлем!
- Сәлем.
4. Кеш жарық!
- Жап – жарық,
5. Қайырлы таң!
Күнің жарық болсын!
- Өзіңе де соны тілеймін.
6. Армысыз әже!
- Амансың ба, құлыным!
7. Армысыз ата!
- Есенсің бе, жарқыным.
8. Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, Рысхан!

Сендер мектепте неше тілді меңгеріп жатырсыңдар?

3 топ 3 тілде амандасады қазақша,орысша,ағылшынша

Яғни балалар,әдептілік -сәлем беруден басталады екен. Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқаның сыйласын күтпей – ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Қандай сөздер әдептілікті білдіреді?

Сонымен әдептілік дегеніміз – әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Ішкі жан дүниесінен осы қасиеттер табылған адам, нағыз әдемі адам. Бір бірімізге кешірімді болу керек, олда әдептілікке жатады. Кейде кешірмейтін мінез – құлықтарда болады, ондай теріс мінезді тез жөнге салып, түзеу керек.Ендеше, бүгінгі тақырыбымызға байланысты тақпақтарға кезек берсек.

ІІІ-кезең Тақпақтар

1-оқушы: 2-оқушы:

Сыйлап сәлем береміз, Тағам дәмді тұзбенен, Көршілерді көргенде. Үйдің сәні қызбенен.

Ізетті де білеміз, Деген сөзді естігем,

Үйге қонақ келгенде. Қыз боламын есті мен

Әдепсіз деп сөкпесін, Тазалықты қалаймын,

Анама айтып өкпесін. Үйдің ішін жинаймын

3-оқушы: 4-оқушы

Әдептілік –бұлақтай, Ата-ананың тілегі адам болып өскенің,

Тазалығы арының. Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.

Өлшемі ол сынаптай, Әдептілік дегенің әрқашан да керегің,

Бойындағы барыңның. Әсемпаздық дегенің әуре-сарсан әлегің.

5-оқушы: 6-оқушы:

Дөрекі сөз айтпаймыз, Тамақ ішер кезде біз,

Жақсы сөзді жақтаймыз. Сөйлемейміз,күлмейміз.

Сыйлап сынып қыздарын, Астан басқа өзгені,

Әдепті бала боламыз. Елемейміз білмейміз.

ІV. Ситуациялық жағдаяттар.
1. Сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ. Не істер едіңіз?



2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?





3. Сіз мектепте біреуді қағып кеттіңіз.Не істер едіңіз?





V.Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

VІ. Сұраққа – жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.
4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.
6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.
7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек? 
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.
8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады.
9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.
10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма?

VІІ. Қорытынды: Ассоц. карта.
« Әдеп » тобы
Әдепті бала қандай болу керек ?
«Қамқорлар » тобы
Әдепсіз баланың сипаты

«Инабат» тобы

Әдептілікті кімнен үйренеміз?

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Рефлексия:«Біз әдепті баламыз» әнін орындап отырып, оқушылар қағазға алақандарын бастырып салады. Өздерінің жақсы тілектерін жазады.Күннің маңайына жапсырып шуақтарын жасаймыз.Ал, балалар, бойымыздағы әдептілік қасиеттер, жүрегіміздегі ыстық тілектер әрқашан осы күннің нұрындай сөнбесін деп, күннің шұғылалы шуақтарын жабыстырып шығайық. 
Бүгінгі тәрбие сағаты сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

Міне, балалар, бүгін өздерің бұрыннан білетін әдептілік жайлы білімдеріңді толықтыра түстіңдер деп ойлаймын.Енді осы үйренгендеріңді күнделікті өмірде қолдана біліңдер және өздеріңнен кіші іні-қарындастарыңа үйрете жүріңдер. Менің сендерге айтарым, адам әрқашанда бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.
Ашық тәрбие сғатымызды осымен аяқтаймыз.
Қане , балалар, орнымыздан тұрып әдептілік белгісін көрсетейік.
Оқушылар: Әр күндеріңіз шуақты, қызықты, көңілді болсын! Сау болыңыздар!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
2278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі