400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Әдептілік- тәрбие діңгегі" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды әдептілікке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - тәрбие діңгегі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.
Сабақтың түрі: Топтық, ұжымдық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топқа бөлу

  1. Әдептілік

  2. Ізеттілік

ІІІ. Психологиялық жаттығу

ІҮ. Ойланайық, пікірлесейік

Мұғалім: Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? Олай болса сіздердің пікірлеріңді тыңдауға кезек берейік.

1 - оқушы:
Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: 
Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? 
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті. 
3 – оқушы:
Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 – Оқушы:
Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
5 – Оқушы:
Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 – Оқушы:
Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 – оқушы:
Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 – оқушы:
Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.
9 - оқушы:
Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
10 – оқушы:
Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

Яғни балалар, біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынысқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршамызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң кішік бол» деп халқымыздың тәрбиеге шақырғанын аңғарамыз.

Қазақ халқына тән дархан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөздерді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілкке кішіпейілділікке тәрбиелеу мұның бәрі әдептілік белгісі.

Олай болса, бүгіні біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдептілік-тәрбие діңгегі» деп аталады.

Ендеше, бүгінгі тақырыбымызға байланысты өлеңдеріңді тыңдасақ.

1-оқушы: «Ақыл жастан, асыл тастан

Шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Осы сынып атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен,

СShape1 әлем сізге жалынды.








Shape3 Shape2

Сәлем берудің түрлерін көрсет



Shape5 Shape4


Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл және ғылым»

Жүрек: Мен адам баласын алаламаймын. Жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.

Қайрат: Дүниеде еш нәрсе менсіз болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай бойды таза сақтайтұғын мен емес пе?

Ақыл: Пайдалы, залалды ілетұғын - мен. Менсіз ғылымды ұғып үйрене алмайды.

Ғылым: Ей, қайрат! Сен жақсылықты берік ұстап кетесің, соның жаман.

Ей , ақыл! Амал да, айла да- бәрі сенен шығады. Жақсының да жаманның да сүйенгені-сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман.

Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз.

Ойын «Жалғастыр»

І топ: «Не істеуге болмайды?»

ІІ топ: «Не істеу керек?»

Сергіту сәті:

Shape7 Shape6 Ал енді балалар, кезекті әдептілік, сыпайылық туралы мақал-мәтелге кезек берейік.

Сабақты қорытындылау:

Shape8

Shape9

Shape10

Әдептілік-тәрбие діңгегі.


Shape11


Shape12

Shape13

Shape14

Shape15




- Балалар, сонымен әдептілік деген ар-ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті, тәртіпті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар.








І. «Әдептілік әдемілік»
Оқушы пікірлерін оқып беру.
ІІ. «Құпия хаттар»
Конверттер бойынша сұрақтар.
ІІІ. « Әдептілік әліппесі».
Тақырыптарын айту, көрініс көрсету.
ІV. Қорытынды.
«Жалғастыр» ойыны.
І. Жүргізуші:
Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық.
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі