Тәрбие сағаты ,"Әдептілік әдемілік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты ,"Әдептілік әдемілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орынымен қолдануға үйрету.Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие саласы: Адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік-әдемілік». Құрметті оқушылар! Сендер болашақ өмірдің мұрагерісіңдер. Бұл тәрбие сағатымызда сендерді әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, үлкенді сыйлау, кішіге көмек беру, өзін-өзі қалай ұстау керектігі жөнінде айтылады. Балалар сендер ең алдымен ата-ана тәрбиесінде болдыңдар.Сендер жеті жастан бастап оқушы атандыңдар және оқушылар ережесімен танысып, оны орындап келесіңдер. Кейде сол ережені біле тұрсақ та әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар арамызда кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті, әдепсіздікті болдырмау үшін біз мектепте қалай болуымыз керек ? Оны бізге _________мен __________ айтады.


1-оқушы: Мектепке мұқият киініп, жақсы үтіктелген киіммен, әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім киіп келу керек.


2-оқушы: Мектепке әкелетін заттардың бәрін сөмкеге рет-ретімен салып қою қажет.


1-оқушы: Мектепке уақытында кешікпей келу керек. Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек. Олардың алдына түсіп кетуге тырыспа!


2-оқушы: Сыныпқа кіргенде алдымен мұғалімге, сонан соң жолдастарыңа сәлем бер. Егер сыныпқа үлкендер кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұруымыз керек.


1-оқушы: Сабақ кезінде тура қарап отырып, мұғалімді мұқият тыңдап отыру керек. Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға, бір-бірімен сөйлесуге болмайды.


2-оқушы: Тақта алдында түзу тұру керек. Партаны күт, сындырма!


Ал, көшеде жүру ережесін бәріміз білеміз бе ?

Ол туралы бізге __________айтып береді.


1-оқушы: Көшеге таза және мұқият киініп шық. Үлкеннің алдын кеспе, оған жол бер. Көшені ластауға болмайды. Үйдің қабырғасына жазуға болмайды. Көшеде қатты сөйлеуге, қатты күлуге болмайды. Бұл әдепсіздіктің белгісі. Егер көшеде жолдасыңды кездестіретін болсаң, жолдан шығып тұр.

Көрініс 1. Сыныпқа бірнеше оқушы кірді. Олар ары-бері жүрді. Есіктен 1 оқушы кіреді. Ол жолдастарымен амандасты.

- Сәлеметсің бе, Айдос.

- Сәлеметсің бе, Жанат!

Айдос: Бүгін мектепте домбыра үйірмесі бола ма екен ? Жаңа Бейбіт болады деген, Қанат болмайды дейді.

Арлы-берлі жүріп жатқан адамдар.

Жанат: Қане, Айдос, жолдан былай тұрайық. Біз жолы бөгеп тұрмыз.

Көрініс 2. Дүкенге бір қарт адам келе жатты. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалды. Бір қыз бала, бір ер бала мектепке келе жатқан еді. Ер бала қыз балаға сөмкесін бере салып, қарт кісіні орнынан көтеріп тұрғызып жіберді. Қыздың қасына келген соң одан қыз бала:

- Ана кісі анаң ба? - дейді.

- Жоқ анам емес.

- Жеңгең бе?

- Жоқ, жеңгем емес.

- Әлде әжең бе?

- Жоқ, әжем емес.

- Танисың ба?

- Жоқ, танымаймын. Жәй бір адам ғой.

Ұл бала кетіп қалады. Қыз таң қалып қалады.


Сендер осы көріністер туралы не ойлайсыңдар?

(Оқушылардың ойларын тыңдау)

Балалар, сендер қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер?

(Рахмет, Кешіріңіз, Рақым етіңіз, Қайырлы таң, Сәлеметсіз бе, Сау болыңыз)

Ал, балалар, мына жұмбақ өлең дерді шешіп көрелік.


1-оқушы: Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (Рахмет)


2-оқушы: Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айғай

Сен де шықтың

Қойып кеттің байқамай

Мұнда не деу керек? (Кешіріңіз)


3-оқушы: Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді? (Сәлеметсіз бе)


4-оқушы: Үй артында қоқысты

Жатқан көптеп үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді? (Көмегім тимес пе екен?)


5-оқушы: Әжең сенің түскі асқа

Қасықтарды қойды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Бұрын қолы салдың сен

Жөн еді не айтқаның? ( Рұқсат па?)


Балалар, сендер әдепсіз балалар туралы қандай өлеңдер білесіңдер?


1-оқушы: Кеше ғана қадалған

Өміртайдың түймесі

Орнында жоқ апырай

Қайда кеткен, бұл несі?


2-оқушы: Етек кетер салақтап

Босжүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды

Өз бетімен алақтап.


3-оқушы: Ілгек, түйме жұлынып

Кешке дейін алысар

Әркімге бір ұрынып

Құспен, малмен жарысар.


4-оқушы: Шашы түсіп көзіне

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.


5-оқушы: Сумка, дәптер бәрі де

Дал-дұл болып жыртылып

Сия төгіп бәріне

Шимай салған сыртына.


6-оқушы: Сабақ бітті мектептен

Оқушылар тарады

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

Қорытынды:

Шынымен келсек, балалар, әдепті болудың өзі - әдемілік. Әдепті баланың әр ісі көзге әдемі, жағымды келеді. Әдепті қылық адамның жақсы жақтарын көрсетіп тұрады, ал жамандық адамды тоздырады, азғындырады және оның арты ешқашан жақсылыққа әкеп соқпайды. Біз өзіміздің әдепті қылығымыз арқылы ұнауға тырысуымыз керек. Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен демекші әркез жақсы, адал, әділетті, қайрымды, қарапайым адам болуға тырысайық. Адам деген ардақты атты қорламайық!

Оқушылар, сендерге белсенді қатысып, ой түйіп тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.01.2019
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі