Тақырыбы: Әдептілік -
Әдемілік
Мақсаты: оқушыларды әдептілікке,
инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге үйрету. Жаман мен жақсыны ажырата
білуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасауға, қарт адамды
қадірлеу, ата - ананы ардақтауға
баулу.
Қолданылатын әдіс -
тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу,
түсіндіру.
Көрнекілігі:
әдептілік туралы буклеттер,
«Әдепті бала - арлы бала», «Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман
әдеттен» атты плакатқа жазылған
сөздер.
Сабақ барысы:
Бейнефильм көру арқылы сыпайы сөздерді
топтастырады.
үлкен қарт адамдарға қамқорлық
жасау
Әдептілік
көмектесу
қол ұшымызды
беру
кішілерге ізет
көрсету.
Суды былғамау, талды, ағаш
өсімдіктерін кеспеу, құдыққа түкірмеу, нанды баспау , сәлемдесу
т.б.
Көрініс: 1-топ. «Бала мен қария» .
Әңгіменің мазмұны төмендегідей «Көше бойымен таяққа сүйенген бір
қарт келе жатты. Ол әбден қартайғандықтан, бүкірейіп кеткен. Бір
бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала оған жақындағанда жол берді.
Үлкен адам алғыс білдірді».
- Балалар, әлгі бала қандай сөз айтты?
- Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз - деді.
2-топ. Әңгіме бойынша көрініс қойылады.
Есей, Қарт әже, Бөгде адам
Автобуста
Есей автобуста отыр еді. Бір аялдамада қарт әжей кірді. Есей
орнынан тұрды да «отырыңыз» деді. Әжей Есейге алғыс айтты. Автобус
орнынан қозғалғанда Есей байқамай алдындағы адамды итеріп қалды.
Әлгі адам ашуланып кетті. Есей «кешіріңіз» деп айтып еді, қайта
жадырай қалды.
-
Балалар Есейдің істеген ісі
дұрыс па?
2. Есейді әдепті бала деуге бола ма?
3. Есейдің орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Әдептілік пе, әдепсіздік пе?
3-топ. Серік партада тамақ жеп
отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін
сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге
білмеймін деп жауап берді.
- Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе?
- Қалай жауап беру керек еді?
- Иә, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің
қайда кеткенін анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен
адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек.
4-топ. Телефон
Қыз бала көшедегі телефон - автоматпен сөйлесіп тұр. Ол ұзақ
сөйлесті.
Телефонға кезек күтіп бірталай адамдар жиналды. Ал қыз сөйлесе
берді.
Кезектегі адамдар ренішпен тарай бастады.
Оқушыларға сұрақ:
- Балалар, осы дұрыс па? Не істеу керек?
- Дұрыс емес, басқа адамдарға кезек күттірмей, ренжітпей сөйлесуге
мүмкіндік беруі керек еді. Сендер осындай қылықтан аулақ
болыңдар.
«Серпілген сауал!»
әдісі.
-
Өзіңе көмектескен адамға
немесе жолдасыңа не деп айту керек?
- Рахмет
2. Тамақ ішіп болған соң не деу керек?
- Тамағыңыз дәмді екен, рахмет.
3. Біреу өзіңе рахмет айтса не дейсің?
4. Байқаусызда біреуді қағып кетсең не деу керек?
- Кешіріңіз.
5. Сыныпқа кешігіп келсең не істер едің?
- Мұғаліммен, жолдастарыммен амандасып, кешірім сұрар едім.
6. Мектептен, қонақтан қайтқан кезде не дегенді ұмытпау керек?
- Сау болыңыз.
Рөлдік
ойын: «Әдепті бол, балам» атты
диалог әңгімені оқушылардың өздері жүргізеді.
Бесін кезі еді. Ас бөлмедегі үстел басында Асан ағай, Есей атаймен
әңгімелесіп отырған. Оқушы бала Оспантай есіктен ентіге кіріп
сөйлей келді. «Көке, сіз май мылжың әңгіменің майын ішеді»,- деп
Есен атама күлуші едіңіз ғой, енді өзіңіз...
- Не айтайын деп едің, балам?
- Мен сабаққа дайындалам, өгізіңді өзің суғар.
Асан ағай әңгімеге нүкте қойып, Есен атайға уәж айтты да өз
тірлігіне кірісті. Кешінде төргі бөлмеде отырған баласына былай
деді.
- Балам, бағана кісінің көзінше мінез көрсеттің - ау.
- Ой, қойыңызшы, мен сонша не істедім?
- Үлкен кісінің алдында әдеп сақта, балам. Адамға әкіреңдемей,
ақырын сөйле. Ата - анаға дауыс көтеріп сөйлеген бала жақсы
емес.
- Әдептіліктен жұмыр басым жұрдай емес шығар сонша.
-«Әдептілік - әдемілік» деп бекер айтпаған.
- Сөзіңіз құлағыма қонды, көке! Әдепті болу - борышым.
- Кінәңді мойындағаның дұрыс. Әдепті бол, балам!
Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
1. Оспантайдың жасаған қылығы дұрыс па?
2. Әкесі қандай ақыл айтты? Оспантай қандай уәде
берді?
Қорытынды: «Әдептілік әліппесі»
тақпақтарын жатқа айтады.
1 - оқушы. Атам менің әманда 2 - оқушы. Алдын орап кісінің,
Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.
Ата сөзі санамда Ізетімен кішінің
Жасы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп жол берем.
3 - оқушы. Атам менің әманда,
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
«Біз - өмірдің гүліміз» әні
орындалады.