400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

тәрбие сағаты ,Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жақсы әдеттерге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
Халық мақалы 
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» 
Мақсаты: 
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; 
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; 
Көрнекі құралдар: 
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар 
Шаттық шеңбері 
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі) 
Ал енді балалар бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілеп,әр оқушы өзінің атының бірінші әрпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерімізді айтайық. 
Жарайсыңдар балалар,енді топқа бөліну үшін мына фигураларды таңдайық. 
Тақтаға назар аударып,жоспармен танысайық. 
Жоспары: 
1. «Жалғастыр» ойыны 
2. Мақал-мәтелдер сайысы 
3. Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған» 
4. Әдептілік жөнінде сұрақ-жауап 
5. «Не деу керек» 
6. Есте сақтау минуты 
1.Ойын «Жалғастыр» 
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Ұстаз сөйлемнің басын айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) 
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) 
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.) 
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) 
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) 
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) 
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) 
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..) 
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) 
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) 
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) 
- Тәртіпті .........................(болу керек) 
- Сабақты……………….. (жақсы оқу керек) 

Ұстаз: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік. 
«Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер? 
Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен. 
2.Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. 
1. Әдепті бала- арлы бала, 
Әдепсіз бала- сорлы бала. 
2. Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. 
3. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, 
Ақылыңа ақыл қос. 
4. Ұлық болсаң- кішік бол. 
5. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет 
6. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, 
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар. 
7. Жақсы адам ай мен күндей Әлемге бірдей. 
8. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп, 
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп. 
3.Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған» 
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? 
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? 
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек? 
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді? 
6.Қоғамдық көлікте үлкен кісі болса не істеу керек? 
4.Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап 
Сыйлап үлкен ағаны 
Сәлем берген баланы Кім дейміз? 
Әдепті екен бұл дейміз. 
Кітап, дәптер, қаламы 
Кір шалмаған баланы Кім дейміз? 
Ұқыпты екен бұл дейміз. 
Таудай биік талабы 
Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? 
Үлгілі екен бұл дейміз. 
5.Не деу керек? 
Апаң сенің базардан, 
Алма сатып әкелді, 
Ең үлкенін, жақсысын, 
Саған тандап әкелді. 
Не деп барып жеу керек? 
- «Рахмет, апа» деу керек. 

Балалар жүр көшеде, 
Естіледі шу-айқай 
Сен де шықтың, көршіңді 
Қағып кеттің байқамай. 
Мұндайда не деу керек? 
«Кешіріңіз!» деу керек. 

Осы келген бетіңде 
Допты қудың, жарыстың 
Көшенің сол шетінде 
Кезікті бір танысың 
Ұмыттың сен не деуді? 
«Сәлеметсің бе!» деуді. 

Үй артында қоқысты 
Жатқан көптен үйіліп, 
Тазалайды қарт кісі 
Белі зорға иіліп 
Не дегенің жөн еді? 
Барлығы: 
«Көмектесейін» - деу керек. 
6.Есте сақтау минуты 
Мына әріптерден адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттерге байланысты сөздерді тауып жаз. 
Лдаа,қлаас,зөміішл,кеттен,ітітпәрт,зіспітртә,ытпықұ,зсыпықұ 
Жауаптары: Адал,салақ,өзімшіл,тентек,тәртіпті,тәртіпсіз,ұқыпты,ұқыпсыз 
Жарайсыңдар балалар, енді сынып сағатымызды қорытындылай келе әдептілік ережесін құрайық. 
Әдептілік ережесі: 
1.Сәлемдесу 
2.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу 
3.Үлкенге жол беру,қоғамдық көлікте орын беру 
4.Табиғатты аялау,қамқор болу 
Қорытындылау 
Ұстаз: 
Қипақтайды қит етсе,анаң,әкең 
Қайтсем ғана осыны адам етем 
Басқалардың осындай балалары 
Тап осындай аңғалақ болар ма екен?-деп М.Әлімбаев ағамыз айтқандай,ата – анамызды ренжітпей әдепті бала болайық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі